Орындаған: Торабай Аяжан


Халықтың денсаулығын жақсарту –



бет2/6
Дата09.05.2023
өлшемі38,23 Kb.
#91135
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аяжан (2)

Халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттік жəне индивидуалдық деңгейде шешілуді талап ететін маңызды мəселе. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты салауатты өмір салтын бұқараландыруға, денсаулық саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату жəне қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, осы қызметтерді тұтынушылар оны алуға мүдделі болуы керек.
Әлеуметтік аурулар — қоғам құрылысына, экономикалық жағдайға байланысты болатын аурулар. Әлеуметтік ауруларға қандай сырқаттар жататынын дәлелдеп айту қиын. Өйткені адамда болатын көптеген басқа аурулар да белгілі дәрежеде тұрмыс жағдайына байланысты. Әлеуметтік аурулар деп мыналарды атап көрсетуге болады: кәсіптік аурулар, өндіріс орнында кездесетін жарақаттану, силикоз, токсикоз, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыпқа байланысты таралатын: туберкулез, мешел, мерез, соз және арақ пен апиын салдарынан болатын аурулар. Үстем таптың қанауында жүрген бұқараның тұрмыс жағдайы өте ауыр. Осыған орай, олар Әлеуметтік ауруға жиі ұшырайды.
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек диагностиканың, емдеудің, динамикалық байқаудың медициналық қызметтерін қамтиды. Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға (яғни, оларға диагноз қойылған болса және олар өз емханасында әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диспансерлік есепте тұрса) негізгі ауруы бойынша медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетілетінін түсіну маңызды. Осылайша, жүргізілетін терапияны түзету немесе созылмалы аурудың өршуі кезінде медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде ұсынылады, демек, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді болады. Алайда диспансерлік есепке қою үшін диагностикалық процедуралар мен мамандардың консультациялары талап етіледі. Ондай қызметтер МӘМС пакетіне енгізілген. Осыған орай әлеуметтік мәні бар ауруды анықтау үшін бастапқы диагностика, сондай-ақ, басқа ауруларды, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауру расталған кезінде ілеспе ауруларды диагностикалау МӘМС жүйесінде жүргізіледі, яғни ол қызметтерді алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет