Орындаған: Тұрарбек Сымбат Қанатқызы



бет3/4
Дата22.11.2022
өлшемі24,12 Kb.
#51793
1   2   3   4
Байланысты:
ДОТ 2 курс Тұрарбек Сымбат Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертудің жолдары

10-сынып

  • Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм.

  • Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы түсінік.

  • Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым.

  • Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту түрлері, соның ішінде шығыстың «Назира» үлгісі.

  • Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, азаматтық лирикалар, жалпы лирика түрлері жайында әңгіме.

  • Әдебиеттің халықтығы, жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, әдеби тіл, кейіпкер тілі, философиялық трактаттар, қарасөздер туралы түсінік.

  • Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналистика, естеліктер, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы ұғымдарын тереңдету.

  • Әнші-ақын-композитор туралы, психолог ақын жайында әңгіме.

  • Лирикалық кейіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы түсініктерін кеңейту.

  • Ұйқас түрлері, өлең құрылысындағы жаңашылдық (Абай шығармашылығы) туралы ұғым.

11-сынып.

  • Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футиризм, т.б.).

  • Поэтикалық әдебиет және социалистік реализм туралы (ұтымды, ұтымсыз жағы).

  • Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер, трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық поэмалар, трагедиялық образдар жайында түсінік.

  • Тип, прототип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман жанрындағы сюжет пен композиция, қарасөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын кеңейту.

  • Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер жайында әңгіме.

  • Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы бұрынғы білімдерін кеңейту.

Қай сыныпта болмасын, әдеби-теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
Енді осы әдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде беру тиімді – соған тоқтайық. Фольклор, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта, кіріспеде берген жөн.

Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы – салыстырмалы жұмыстар, салыстыру әдістері.


Әдеби-теориялық ұғымдар берудің, маңызды бір саласы — әдебиеттің көркемдігі, тропа, фигуралар туралы білім беру. Бұл жұмыс көбінде көркем шығарма тіліне, поэзиялық шығармаларға поэтикалық талдау жасау арқылы, жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет