Орындаған: Турсункулов Бақытберген, Амангелді Нұрсұлтан Тобы: жм-102F



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі2,1 Mb.
#44338
1   2   3

Эпидемиологиясы

  • Тағамдық токсикоинфекциялардың қоздырғыштары табиғатта кең тараған: адаммен жануарлардың нәжісінде, топырақта, суда, ауада, заттардың үстінде. Бұл кезде аурудың көзін анықтау мүмкін емес. Бірақ, кей жағдайларда аурудың көзі болып тағам өндірісінде істейтін және әр түрлі терілік іріңді үрдістерімен, баспамен, ларинготрахеобронхитпен ауыратын адамдар. Осымен қатар, аурудың көзі болып маститпен ауратын ірі қара мал болуы мүмкін.
  • Тағамдық токсикоинфекциялардың берілу механизмі – фекальды- оральды, берілу жолы – алиментарлы.

Аурудың берілу факторлары


балық тағамдары
ет өнімдері және шұжық
жұмыртқа
сүт өнімдері
шырындар, лимонад, сыра және т.б

Клиникалық көріністері

  • Тағамдық токсикоинфекциялар — циклді ағымды аурулар. 
  • Инкубациялық кезең 30 минуттан -24 сағатқа дейін (көбінесе 2-6 сағат). Ауру интоксикация симптомдары мен асқазан-ішектің бұзылыстармен білініп басталады.

әлсіздік, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, бұлшықеттерде, әсіресе, балтыр бұлшықеттерінде, буындарда ауырсыну, асқазан мен ішектің зақымдалу симптомдары кездеседі.
Олар көбіне гастрит немесе гастроэнтерит, гастроэнте-роколит түрінде көрінеді. Әдетте барлық асқазан-ішек жолы зақымдалады. Аурудың толық клиникалық көрінісі 1-2 тәулік ішінде көрінеді.

Емі

  • Емдеу әдісін таңдау аурудың формасы мен ауырлығына байланысты:
  • - Асқазан мен ішекті жуу

    - Дезинтоксикация

    - Стационарда асқазанды шаюдан бастайды. Асқазанды шаю үшін 1% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі немесе 0,1% калий перманганаты ерітіндісі қолданылады. Орташа -3 литрдей сұйықтық пайдаланылады. Асқазанды шаю үшін зонд арқылы жүргізген жөн. Енгізілетін сұйықтықтың мөлшерін құсқан кезде және диарея кезінде жоғалтқан сұйықтық арқылы анықтайды. Ауыр жағдайда, кейде орта дәрежедегі ТТИ кезінде регидратациялық терапияны көктамырға полиионды кристаллоидты ерітінді енгізу арқылы жүргізіледі (дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль ерітінділерін көк тамыр арқылы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет