Байланысты: Көркем әдебиет стилінің өзіне тән эстетикалық т
Қазақ тіл ғылымында көркем әдебиет тіліне қатысты негіздер.
Қазақ тіл ғылымында көркем әдебиет тілі мәселелері, оның теориялық негіздері А.Байтұрсынұлынан бастау алып, 50 - жылдары М.Балақаев, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев т.б. ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл сала алғашқыда жекелеген жазушылардың тіл ерекшеліктерін анықтау, сараптау тұрғысынан қолға алынса, кейін жалпы теориялық және нақты тәжірибелік ізденістерге ұласты.
Р.Сыздық, З.Қабдолов, З.Ахметов, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Р.Бердібай т.б. ғалымдардың еңбектері арқылы зерттеулер ауқымы кеңейіп, бірқатар ғылыми бағыттағы тың тұжырымдармен толықтырылып, дамытыла түсті.
Қазіргі таңда көркем әдебиет стиліне қатысты ой- пікірлер мен теориялық мәселелердің сипатталуы тіл ғылымындағы Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, С.Сатенова, И.Айбарша, Г.Мұратова, Г.Әзімжанова, т.б. зерттеушілердің іргелі зерттеулері арқылы жаңаша игеріліп, жан-жақты қарастырылуда.