Көркем əдебиет стилі туралы сөз қозғағанда «концепт» туралы айта кету керек. «Концепт» өте танымал атау ретінде қазіргі лингвистикада жиі қолданылып жүр. Оның пайда болуы тіл ғылымындағы антропоцентрикалық парадигма жəне когнитивті прагматиканың əдіс-тəсілімен тікелей байланысты. Ол кейде «дискурс», «əлем картинасы» атауларымен қатар айтылады. Жеке тұлға туындысында əлемді тану эмоционалды қарқындылықты өз санасында қайта қарап бейнелілікке айналдыруы болып саналады.«Концепт» термині туралы ғалымдардың зерттеулерінде «идеалды-ақиқат», «сөз бен экстралингвистикалық ақиқаттың делдалы, сарапшысы» деп қорытындылайды.