Көркем əдебиет түрлерінің жанрлық жақтан топтастырылуы, олардың тілдік көркемдік ерекшеліктерімен сараланып жіктелуі, қазіргі таңда стилистикалық категориялар – мəтін стилистикасы – автор бейнесі – қабылдаушы категориясы деген ұстанымдарды қажет етеді.
Көркем əдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар, эсселер, т.б. деген бөлініске бөлудің өзі осы бір стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет ететіндігін танытады.