Тіндік деңгейде жоғары сатыдағы өсімдіктердегі фотосинтез мамандандырылған ұлпамен қамтамасыз етіледі — хлоренхима. Ол өсімдік денесінің бетіне жақын орналасқан, онда ол жеткілікті жарық энергиясын алады. Әдетте хлоренхима тікелей эпидермис астында болады. Жоғары инсоляция жағдайында өсетін өсімдіктерде эпидермис пен хлоренхима арасында жарықтың таралуын қамтамасыз ететін мөлдір жасушалардың бір немесе екі қабаты (гиподерма) орналасуы мүмкін. Кейбір көлеңке сүйгіш өсімдіктерде эпидерма да хлоропластарға бай (мысалы, саумалдық). Көбінесе жапырақтың мезофилл паренхимасы палисадты (бағаналы) және борпылдақ болып бөлінеді, бірақ ол біртекті жасушалардан тұруы мүмкін. Дифференциация жағдайында бағаналы хлоренхимасы хлоропластарға ең бай.
Қорытынды
Фотосинтез дегеніміз — жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.
Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалы сатылары бар. Жарық фазасында ежелгі балдырларда циклді фотофосфорлану реакциясы жүреді.
Квант жарығының электрондарымен хлорофилдерден ығысып шықкан энергия АДФ мен фосфаттан АТФ-тың синтезделуіне жұмсалады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жарың фазасының негізін циклді емес фотофосфорлану құрайды.
Мұнда электрондар энергиясы АТФ-тың синтезделуіне, молекулалық оттектің бөлінуі арқылы судың ыдырауына (фотолиз) және НАДФН синтезіне жұмсалады.
Фотосинтездің қараңғы фазасында көмірқышқыл газын пайдалану және соның негізінде органикалық қосылыстарды синтездеу үшін АТФ және НАДФН энергиясы қолданылады. Хемосинтез — тотығу процесі нәтижесінде CO, газынан органикалық заттардың бейорганикалық заттардан (H2S, әр түрлі металл иондары) түзілу процесі.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0