Орындаушы: Нұржан Мадияр Ерланұлы



бет14/16
Дата07.01.2022
өлшемі53,32 Kb.
#18243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Биоотын-жаңғыртылатын энергия көзі

3. Биоотын заңдары туралы

3.1."Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы"

Осы Заң биоотын өндiрiсi және айналымы саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Жалпы ережелер

1-бап.Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) биоотын - биологиялық шикiзаттан өндiрiлген отын, оның iшiнде биоэтанол мен биодизель;

2) биодизель - дизель отынының қасиетi бар, өсiмдiк немесе жануарлар майларынан алынатын метилдi немесе этилдi күрделi эфир;

3) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган - биоотын өндiрiсiн мемлекеттiк реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

4) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган - биоотынБет БЖ 050717 2014 айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

5) биологиялық шикiзат (шикiзат) - биологиялық, оның iшiнде биохимиялық құрамдас бөлiктерге ыдырайтын және биоотын өндiру үшiн пайдаланылатын өнiмдер;

6) биоэтанол - мiндеттi түрде мұнай өнiмдерiмен араластыруға немесе биоотынның басқа түрiн өндiру мақсатында пайдалануға арналған биологиялық туынды шикiзаттан өндiрiлген сусыздандырылған этил спиртi;

7) биоотын нарығына қатысушылар - биоотын өндiрушiлер және құрамында биоотын бар мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер;

8) биоотын өндiрушi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндiрудi және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) биоотын өндiру - биоотын алуды қамтамасыз ететiн шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстар кешенi;

10) биоотын өндiретiн зауыт - шикiзатты биоотын етiп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған құрылыс кешенi;

11) биоотын айналымы - биоотынды сатып алу, тасымалдау, сақтау, сату, экспорттау және импорттау;

12) сусыздандырылған этил спиртi - сусыздандыру процесiнен өткiзiлген, құрамындағы су үлесi 1 пайыздан аспайтын этил спиртi;

13) денатуратталған биоэтанол - тамақ өнiмi немесе тамақ өнiмiне қоспа ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн қасиеттер беру мақсатында химиялық заттармен араластыру процесiне ұшыраған сусыздандырылған этил спиртi;

14) кәдеге жарату - мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндiрiсiнiң қосалқы өнiмдерiн қажеттi сападағы биотынға немесе басқа өнiмге айналдырып технологиялық қайта өңдеу;

15) өндiрiс паспорты - биоотын өндiретiн зауыттың өндiрiстiк қуаттылығының көрсеткiштерi, оның негiзгi сипаттамалары жазылған, биоотын өндiрiсiнiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды регламенттейтiн белгiленген нысандағы құжат;

16) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң техникалық регламенттерде, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландырылатын құжат;

17) тамақ шикiзаты - тамақ өнiмiн өндiруге жарамды және биоотын өндiру үшiн пайдаланылатын шикiзат;

18) iлеспе жүкқұжат - жолдаушыдан алушыға дейiн бара жатқан бүкiл жолда биоотынның қозғалысын бақылауды жүзеге асыруға арналған, биоотын беру және қабылдау жөнiндегi операцияларды ресiмдеу үшiн қажеттi бiрыңғайландырылған құжат.

2-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзге де ережелер белгiлеген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3.2. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу

3-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары: қоршаған ортаны қорғауды; биоотын өндiрiсi мен айналымын дамытуды; биоотын өндiргенде мемлекеттiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қамтиды.

2. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:



  • ластағыш заттардың атмосфераға шығарылу деңгейiн азайту;

  • қосылған құны жоғары тауарлар өндiру мен экспорты көлемiн ұлғайту;

  • ғылыми зерттеулер жүргiзудi қолдау және биоотын өндiрiсi мен айналымындағы ғылымды қажетсiнетiн озық технологияларды енгiзу;

Қазақстан Республикасының Үкiметiне биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемдерiн айқындауға және кейiннен биоотын етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ шикiзатына квота белгiлеуге мүмкiндiк беретiн нормаларды енгiзу болып табылады.

4-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) кейiннен биотын етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ шикiзатына квота белгiлеу;

2) биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемiн айқындау;

3) биоотын айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру. 5-бап. Биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк қолдау

Биоотын нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет биоотын өндiрiсi және айналымын қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:

1) биоотын нарығын дамытудың басым бағыттарын зерделеу жөнiндегi зерттеулердi қаржыландыру;

2) биоотын нарығына қатысушыларға техника мен жабдықтарды лизингке берудi ұйымдастыру.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биоотын өндiрiсi және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) биоотын өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемiн айқындайды;

3)биоотын өндiрушiлердiң биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiру мониторингiн жүзеге асыру және тамақ шикiзатына квотаның орындалуы үшiн қажеттi есептерiнiң нысандары мен беру тәртiбiн айқындайды;

4)кейiннен биоотын етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ шикiзатына квоталар белгiлейдi;

5)биоотын өндiрiсi және айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi.

7-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган:

1)биоотын өндiрiсi саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2)өз құзыретi шегiнде биоотын өндiрiсiн мемлекеттiк реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;

3)биоотын өндiрiсiнiң паспортын бекiту үшiн қажеттi мәлiметтер тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

4)биоотын өндiрiсi саласында ғылымды қажетсiнетiн технологиялар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5)биоотын өндiрiсi мен айналымы саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi; 6) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың көлемi шегiнде биоотын өндiру зауыттарын салуға рұқсаттар бередi;

7)биоотын өндiретiн зауыттарды салуға рұқсат беру үшiн техникалық- экономикалық негiздемеге салалық сараптама жүргiзедi;

8)Қазақстан Республикасының Үкiметiне биоотын өндiрiсi бойынша өндiрiстiк қуаттардың шектi көлемiн айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

9)биоотын өндiрiсiне мониторинг жүргiзедi;

10)биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органға биоотын өндiрiсiнiң көлемi туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берiлуiн қамтамасыз ететiн есептегiш бақылау құралдарын қолдану жөнiндегi тәртiп пен талаптарды белгiлейдi;

11)кейiннен биоотын етiп қайта өңдеу үшiн пайдаланатын тамақ шикiзатының көлемiне квоталар белгiлеу үшiн жылына екi рет шикiзатының тиiстi түрiнiң өндiрiсiне талдау жүргiзедi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет