Орындаушы: Нұржан Мадияр Ерланұлы


Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар



бет13/16
Дата07.01.2022
өлшемі53,32 Kb.
#18243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
2. Қазақстан Республикасында биоотын нарығын дамыту жөніндегі шаралар
2.1. Қазақстанның биоотын өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарының отандық базасын ұлғайту.

Іс шаралар кешені:

Облыстарды ұсынылған мамандандыруға сәйкес, соның ішінде тыңайған жерлерді және ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған жерлерді пайдалану есебінен биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарын, топырақтың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы құрамын бұзбастан ұлғайту.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы биоотын өндірісі үшін шикізат өндірушілерді: рапстың майлы дәндерін сатып алу; биоотын өндірісінде пайдаланылатын шикізат өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингісі; тұқым шаруашылығын мамандандырылған техника және жабдықпен лизинг негізінде жабдықтау арқылы ынталандыру.

Биоотын өндірісі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін кеңейтуді ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Рапстың майлы дәндерін өндіру, өңдеу және сақтау бойынша жұмыстардың толық циклын орындау үшін, қолдағы барын қайта жаңарту және жаңа қуаттарды салу үшін тиісті техника мен жабдықты лизингтік негізде сатып алуды қаржыландыру. Төтенше жағдайлар, тұқымдық материалға қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету, сортты жаңарту мен сорт алмастыру жағдайларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көмек көрсету үшін рапстың майлы тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Биоотын өндіру үшін шикізат болып табылатын, оның ішінде рапстың майлы дәндері, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын талдау жөніндегі зертханаларды халықаралық стандарттар бойынша салу, жарақтау және тіркеу жөнінде шаралар қабылдау. Түпнұсқалықтар, элиталық-тұқымдық және тұқым шаруашылықтарының тораптарын кеңейту, рапстың майлы тұқымдарын өндіру бойынша базалық шаруашылықты анықтау.

Ғылыми зерттеулерді: биоотын өндіру үшін астық және майлы дақылдардың Қазақстан жағдайларына бейімделген, отандық жоғары өнімді сорттары мен будандарын шығару; биоотын өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының әр түрлі түрлерін, сонымен қатар қалдықтарын (сабан, жапырақтар және т.б.) шикізат ретінде пайдалану мәселелері; биоотын өнеркәсібі үшін, оның ішінде тыңайған жерлерде шикізат өндірудің ылғал ресурсын сақтайтын агротехнологияларын әзірлеу бойынша жүргізу.

Ғылыми зерттеулерді биобутанол және биодизель өндіру үшін биотехно- логиялық әдістер негізінде химиялық құрамы бойынша теңдестірілген астық желісін және майлы дақылдар будандарын шығару бойынша жүргізу, Отандық тауар өндірушілер мен рапсты қайта өңдеу өнімінің экспортшыларын кеден-тарифтік қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың айналасында шикізат белдеулерін құру және зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында биоотын өндіруге пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын егу технологиялары туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың айналасында шикізат белдеулерін құру және зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында биоотын өндіруге пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын егу технологиялары туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Республика аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық түрлендірілген егістік тұқымдарын пайдалануды болдырмаудың кешенді шараларын әзірлеу.

Рапсты өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды мамандармен (технологтармен) және бұқаралық кәсіптер мамандарымен қамтамасыз етілгеніне талдау жүргізу және дайындау мен шаруашылық субъектілерін олармен жасақтау жөнінде шаралар қабылдау.

2.2. Биоотын өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік қызметін дамыту және реттеу

Іс шаралар: "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу Бензин және дизель отындарының отандық өндірістің биоотын қосындыларымен бірге қоспасына олардың қоспадағы үлесінің ұлғаюына үйлесімді акциздердің ставкасын төмендетуді ескеретін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Биоотын өндіру жөніндегі қызметті, олар бойынша инвестициялық артықшылықтар берілетін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіргізуін ескеретін Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы №436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Инновациялық технологияларға негізделген биоөнім және қоса жүретін өнім өндірістерін дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Өндірілген биоотынды сататын арналарды және арзан көліктік дәліздерді құру, сонымен қатар арнайы вагондармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Республика аумағында биоотын бойынша өндірістік қуаттарды орналастыру- дың ғылыми негізделген схемасын әзірлеу. Дүниежүзілік ғылымның даму үрдістеріне сәйкес биоотын өнеркәсібін дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу.

2.3. Биоотын өндіру мен сатудың жалпы әлемдік жүйеге ықпалдастығы

Іс шаралар кешені:

Халықаралық стандарттармен үйлестірілген биоотынға арналған стандарттарды әзірлеу және оны пайдалану мәселесін пысықтау. Қазақстан Республикасының биоотынды сату нарықтарын кеңейту жөнінде шетелдердегі дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің жұмыстарын жандандыру. Экспорттық нарықтарда Қазақстандық биоотын үшін аса қолайлы режимді қамтамасыз ететін биоотындық өнім саудасы саласында халықаралық шарттар жасау. Биологиялық отынның түрлеріне: мәдени плантациялық әр түрлі түрдегі биологиялық қоспалар, ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары, өсімдіктерден (мискантус, рапс) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет