Орындаушы: Нұржан Мадияр Ерланұлы



бет15/16
Дата07.01.2022
өлшемі53,32 Kb.
#18243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қорытынды
Шын мәнінде, әлемде азық-түлік тапшылығы жоқ, бірақ олар үшін тиімді сұраныс бар. Дегенмен де биоотын өндірі­сінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтін мөлшерде дамуын әр кезде естен шығармауымыз керек.

Кез келген өндіріс секторының артықшылықтары мен кемшіліктері болады, егер өндіріс шебер ұйымдастырылса кемшілік фактісі салдары жойылады.

Биоотын саласы экономикаға дұрыс біріктірілуі керек, бұл жағдайда азық-түлік нарығындағы қысым барынша азайтылады, сондықтан да бұл жердегі технологиялық циклда нақты қалдық биологиялық шығу тегі бар өнімдер болып табылады.

Жекеленген өндірістік қуаттылығы бар агротехникалық биоотын кластерлері біріктірілетін болған жағдайда қауіпсіз биоотын саласын құру болады.

Мұндай құрылымдар, яғни фермада жұмыс істеу және биоотын өндіру ауылдық еңбектің беделін мен қызығушылығын артады. Біз тек осы жол арқылы ғана ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз және мемлекет тарапы аграрлық шаруашылықтың Дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне үлкен қолдау көрсетеді.

Қорытындылай келе, балама отын түрлерін (оның ішінде биоотын) қазірден бастап тауып оларды қолданысқа енгізу ең маңызды шаралардың бірі. Мұнайдың таусылғанын күтпей, алуан түрлі зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортамызды сақтап қалуымыз қажет.

Көз жетерлік болашақта ғаламшарымызда мұнай қоры адам баласының мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болады. Осы кезде автомобиль техникасы үшін жалғыз қолжетімді қуат көзі ретінде биоотын түрлері болады. Биоотын түрлеріне өсіп келе жатқан қызығушылық келесі факторларға негізделген:

1) Жалпы алғанда олардың смогтың (ластанған ауа) түзілуіне, ауаның ластануына және жаһандық жылынуға себепкер болатын парниктік газдар мөлшерінің аздығынан;

2) Балама отын түрлерінің көбі мұнай секілді сарқылатын қазбалы ресурстардан емес, жаңғыртпалы энергоресурстардан алынады. Жаңғыртпалы энергия ресурстары кез келген мемлекетке энергияның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет