Сұрақ: Елтаңбадағы шаңырақ қандай мағына береді? Не үшін шаңырақ бейнеленген?
Жауап:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Алтын түсті күн және ортасындағы бүркіттің қалықтаған көлеңкесі, сол жағында алтын түстес ұлттық оюы бар көгілдір ту бүгінгі күні республикада әкімшілік ғимараттарды безендіреді, шетел мемлекеттеріндегі егемен Қазақстанның елшіліктеі ғимаратының үстінде жалындап тұр, Біріккен Ұлттар Ұйымдастығы ғимаратының жанында орналасқан. Ол барлығына азаттық нышаны, біздің республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі деп қабылданады. Оның авторы Шәкен Ниязбеков. Біздің бұл жаңа нышан оның шығармашылық ізденістері мен жігерлі еңбегінің қорытындысы болып табылады.
Мемлекеттік туды жасауға арналған конкурсқа 600-ден аса жобалар қатысты. Комиссия бастапқы іріктеуден кейін төрт ерекше қызықтырған жобаларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне талқылауға ұсынды.
Мемлекеттік тудың басты элементі оның түсі. Басынан көптүсті және әртүрлі жарқыраған түстерден бас тартып және тудың Қазақстанның бірлігі нышаны ретінде бір түсті болу керектігін дәлелдеген автордың бірбеткейлілігі мен мақсаттылығына ерекше мән беруге болады. Сонңғы нұсқасында анықталғаны ашық көгілдір түс. Ең бастысы ашық көгілдір түс ертеден адамдардың ашық түс, мәнерлі және жағымды түстерді қолдануымен қатысты. Бұл кездейсоқтық емес. Бұл түс табиғатқа да қатысты. Ол кемпірқосақтың қасиетті жеті түсінің бірі болып табылады. Аспан және су түсі.
Халықаралық жоспарда, өз мемлекетінің нышанына ашық көгілдір түсті туды көтерген елдің саясатына ерекше сенімділік пен түсіністікпен қарайды. Осындай бейнемен, біздің туымыздың таза көгілдір түсі халықтың мәдени-этникалық бірлестігінің куәгері және бір мезгілде мемлекеттің бөлінбейтін көрсетеді.
Күн- өмір және энергия көзі. Сондықтан күн бейнесі өмір сүру нышаны болып табылады. Адам мәңгілік емес. Адамның өмірге келуі мен кетуі уақытпен өлшенеді. Ал көшпенділерге уақыт күн қозғалысымен өлшенеді. Күннің шығыс мен батысы бір өлшем- күндіз. Елтаңбатану заң бойынша, күн көлеңкесі байлық пен береке нышаны болып табылады. Сондықтан анықтап қарағанда біздің тудағы күн сәулесі бір уақытта байлық пен береке негізі- бидай формасы тәріздес екендігі кездейсоқтық емес.
Көшпенділер дүниетанымында дала сұңқары мен бүркіт ерекше орын алады. Қазақстандағы мекендеген халықтар пен этникалық топтардың елтаңбасы мен туындағы оның белгісі, ертеден салт дәстүрі бар. Нышандар тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билік, кеңдік және көрегендікті білдіреді. Қырдағыларға бұл бостандық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке ұмтылу, болашаққа шарықтау нышаны. Сонымен қатар, қыран қуатты күшімен, болашақ жетістіктерге жетуге кедергі жасағандарға лайық тойтарыс бере алады. Қыран бейнесі егемен Қазақстанның дүниежүзілік өркениет шыңдарына ұмтылу рухынан да шыққан.
Біздің туға қайталанбаушылық пен сонылық танытып отырған тағы бір белгі, бұл ұлттық өрнектен тұратын сызыққа қосарластық. Бұл жерде қазақша ою-өрнек «қошқар- мүйіз» бейнеленген.