Орыс тілінен аударған М. Мағауин


СҰР САРБАЗДАРДЫҢ СОҢҒЫ СОҒЫСЫ



бет13/17
Дата12.04.2022
өлшемі431,78 Kb.
#30835
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

СҰР САРБАЗДАРДЫҢ СОҢҒЫ СОҒЫСЫ


Жауға қос қанаттан шабуыл жасауға бұйрық алған полктер бірнеше минуттан соң толық тыныштық сақтап, орындарынан қозғалды. Твала хабаргерлерінің қырағы көзі маневр мəнін түсініп қалмауы үшін жүлге бойлап, еппен жылжып барады.

Арада жарты сағат өткенде полктер алдын ала белгіленген орындарына барып тұрды. Біздің əскердің бұл қос қанаты қос мүйіз іспеттес еді.

Бұл екі ортада Сұр сарбаздар Буйволдар деп аталатын полкпен бірге ешқандай қимыл-қозғалыссыз, бір орында тұра берді.

Біздің əскердің ұйытқысы, Тваланың қарсы беттен ұрған ең ауыр соққысына төтеп беруге тиіс білекті бөлігі саналатын бұл екі полк мүлде дерлік тың еді. Құрамдары да толық. Сұр сарбаздар таңертеңгі ұрыс кезінде резервте болды, ал оң қанаттағы қорғаныс шебімізді бұзып өткен жау əскерімен арадағы (мен елден қалмай ұрысқа еніп, ақысына төбемді ойып түсе жаздаған тоқпақ жеген) шайқаста айтарлықтай шығынға ұшырамаған. Ал Буйволдарға келсек, олар таңертең сол қанаттағы қорғаныс шебінің үшінші қатарында тұрған еді. Бұл жақтан шабуылдаған жау екінші шепте тойтарылған себепті олар мүлде ұрысқа араласпаған.

Инфадус көпті көрген, тəжірибелі де сақ əскербасы еді. Мұндай қызу шайқас алдында жауынгерлердің рухын көтеріп, аруағын қоздыру қажетін жақсы білетін. Сондықтан ол шабуыл алдындағы жарты сағат уақытты пайдаланып, өз полкіне арнап сөз сөйледі.

Шебер де шешен тілмен есіп сөйлеген Инфадус Сұр сарбаздардың алғы шепке, ең қиын жерге жұмсалып отыруы үлкен абырой деп жариялады; өздеріне жұлдыздан түскен Инкубу сияқты айбарлы ердің қосылуы жүрекке батылдық, білекке күш қосуы тиістігін айтты.

Өздерінің королі Игнозидің қалайда жеңіске жететініне сенім білдірді, ұрыстан аман шыққан жауынгерлердің бəрінің байлыққа ие болатынын, бағы көтеріліп, мансабы артатынын мəлімдеді.

Мен мұздай құрсанған, бастарына қадаған қауырсындары желбіреп, сіресе сап түзеген жауынгерлердің айбынды да қатал жүздеріне қарап тұрып, ауыр күрсіндім.

Бірер сағат өтпей-ақ жасы қырық пен елудің арасындағы, талай ұрысты бастан өткерген, талай жеңістерге куə болған жаужүрек сарбаздардың барлығы бірдей, егер барлығы болмаса, басым көпшілігі қанға бөгіп, жер жастанып жатпақ. Басқаша болуы мүмкін де емес.

Олар Игнозидің ұлы қолбасыларға тəн, адам өмірін ойыншық көретін дана да қатал мінез жетегімен, өздеріне арнап шығарған үкімін өз құлақтарымен естіді. Мұндай кесім көбіне қолбасының негізгі күшін ысырап етпей, мақсатын орындауына мүмкіндік береді. Алға қойған мұратын іске асыру үшін қолбасы əскердің бір бөлігін құрбанға шалады да, қалған армиясымен түбегейлі жеңіске жетуге мүмкіндік алады.

Сұр сарбаздар алдын ала ақ өлімге кесіліп қойған еді. Мұны өздері де білетін. Олар қос белестің аралығындағы қысаң сайға енген Твала полктерінің бірінен соң екіншісімен соғыса беруге тиіс. Өздеріне қарсы шапқан жауды түгел жойып біткенше немесе қалған əскерді қос қанаттан бірдей шабуыл жасауына қолайлы кезең туғанға дейін шайқасулары қажет.

Өздерін қандай қырғын күтіп тұрғанын Сұр сарбаздар тегіс білетін, бірақ мен олардың ешқайсысының өңінен қорқыныш, жүзінен

қобалжу ізін көре алмадым. Аранын ашқан ажалға қарсы аттануға, əне-міне дегенше жарық дүниемен мəңгі қоштасуға əзір қалыпта, толқымастан, торықпастан міз бақпай тұра берді.

Бұлардың жан толқынысын ауыздықтай алған өр рухына таңырқамау мүмкін емес еді. Берекем кетіп, жүрегім қобалжып, ауыр əсер үстінде тұрғаныммен, Сұр сарбаздарға қызыға, сүйсіне қарадым. Өзінің борышын адал өтеу идеясына мұншалықты берілген жəне осы жолда қандай қорқынышты қатер, қандай ауыр қазадан болса да тартынбайтын осыншама қайсар рухты жандарды бұрын-соңды көрмегем.

Инфадус сөзін аяқтай бере:


  • Міне, сендердің корольдерің! – деді Игнозиді нұсқап. – Осы корольдерің үшін ұрысқа кіріңдер, осы корольдерің үшін ұрыс үстінде өліңдер. – Ер адамға бұдан артық бақыт, бұдан асқан абырой жоқ. Өз королінің жолында өлуге жүрегі дауаламаған, жаудан қашқан адамды қарғыс атсын, оның есімі мəңгі бақи масқараға, мазаққа ұшырасын.

Көсемдер, сардарлар, сарбаздар, міне, корольдерің алдарыңда тұр! Қане, қасиетті жылан бейнесіне ант беріңдер де, біздің соңымыздан еріңдер. Инкубу екеуміз сендерді Твала əскерінің талмау жеріне бастап апарамыз!

Бір сəт тыныштық орнай қалды. Содан соң кенет сапта тұрған əскердің арасынан алыстағы теңіз толқынының сарынына ұқсас бірқалыпты ырғақты баяу дыбыс естіледі: алты мың адам қатарынан найза дүмімен қалқандарын ептеп ұрғылай бастаған екен. Күңірене шыққан шу бірте- бірте ұлғая берді, қатая берді, күшейе берді. Ақырында құлақ жарардай даңғыраған айбарлы үнге айналды. Тау-тасқа жаңғырыққан күн күркіріндей қатерлі дауыс ауаны кернеп кетті. Дабыл шарықтау шегіне жете бере қайта баяулады да, оқыс тынды. Кенет тыныштықты қақ жарып, күңірене шыққан ұран естілді:



  • Куум!

Дəл бүгінгі күні Игнози қалай масаттанса да, қалай мақтанса да, орынды болар еді деген ой келді маған. Өлімге бара жатқан гладиаторлар да Римнің ешбір императорын дəл осылай құттықтаған жоқ шығар.

Игнози айбалтасын көкке көтеріп, осыншама үлкен құрметке орай ризашылық белгісін жасады.

Осыдан соң Сұр сарбаздар үлкенді-кішілі сардарын есепке алмағанда, əрқайсысы мың жауынгерден құралған үш лекке бөлініп сапқа тұрып, өздерінің тиесілі орындарына қарай беттеді.

Соңғы лек бізден бес жүз ярдтай ұзаған кезде Игнози Сұр сарбаздар сияқты үш лек боп сап түзеген Буйволдар полкінің басына кеп тұрды. Бөгелмей біз де жылжыдық.

Дəл осы сəтте менің іштей қызу дұға оқуға кіріскенім, осы хикметтен басымды арашалап, аман-есен шығуыма жар бола көр деп тəңірге табына мінəжат еткенім айтпаса да түсінікті. Өмірде көрмеген машақатым жоқ, талай қиын хəлді бастап өткердім, бірақ мұндай күнге ұрынам деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Шырмалған аудан аман құтылармын-ау деген үмітім бұрын-соңды мұншалық аз болып көрген емес-ті.

Біз қырқаның құлама беткейіне жеткен кезде еңіске қарай құлаған Сұр сарбаздар жарым жолға барып қалған еді.

Жал төбенің екі аралығы – көк желек жамылған тар қолат. Қырқа қойнауына сұғына енген бұл түбекше алаң тағалы аттың майтабанындағы үшбұрышты мүйіз суретті еді.

Жазықтағы Твала лагерінде үлкен қозғалыс бары байқалады. Бірінен соң бірі лек-легімен шыққан полктер жүгіре басып, бері қарай беттеп келеді. Үшбұрыштың сай қойнауына енер тұсындағы мойнаққа бізден бұрын жетпек. Шабуылға шыққан əскерді жазыққа өткізбей қайырмақ.

Үшбұрышты түбекшенің ұзындығы шамамен төрт жүз, көлденеңі үш жүз елу қадамдай. Ал жазықпен барып жалғасатын тар мойнақтың ені тоқсан қадамға жетер-жетпес қана. Сұр сарбаздар қырқадан үш лек боп бөлек-бөлек түсті де, үшбұрыштың ең енді жеріне барып, үш қатар боп сап түзеп, қайтадан жансыз, қимылсыз қатып тұра қалды.

Сол кезде біздер, яғни Буйволдар да төмен түсіп, Сұр сарбаздардың соңғы сапынан жүз ярдтай жерден, қырқа беткейінен орын алдық.

Аз уақыттық тыныштықты пайдаланып, Тваланың бүкіл армиясының бізге қарай түп көтеріле кəнігіп келе жатқанын көріп тұрмыз. Сірə, таңертеңгі шабуылдан соңғы жерде, жау əскерінің қатарына жаңа полктер келіп қосылған сияқты. Үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан, қазір Твала əскерінің ұзын саны қырық мыңнан кем соқпасы анық.

Қолат түбекке жақындаған сайын жау əскерінің көңіліне қобалжу енгені байқала бастады; майданға белгілі уақытта тек бір полк əскер ғана ене алатынын көріп келеді. Оның үстіне сайға кіре беріс мойнақтан жетпіс ярдтай ғана жерге атақты Сұр сарбаздар жасағы – бүкіл кукуан армиясының мақтанышы боп саналатын сайыпқыран полк тұр. Тасқынның жолына қойылған Сұр сарбаздар бағзы замандарда мың дұшпанды көпірден өткізбей бөгеген үш римдік тəрізді еді.

Сұр сарбаздарға тек қарсы беттен ғана шабуыл жасауға болатын, өйткені екі қанат – қалың қойтасты қырқа. Қобалжыған жау бəсең жүріске көшті, келе-келе мүлде тоқтады. Сірə, əзелден аты шыққан, енді үш қатар боп сап түзеп, түнеріп тұрған ержүрек жауынгерлермен найза қағысуға онша құмартпаса керек.

Кенет жау сапынан түйеқұс қауырсыны қадалған бас киім киген, əлдебір ұзын бойлы əскербасы жүгіріп шықты. Қасында бірнеше сардар, толып жатқан нөкері бар.

Топтан бөлінген əскербасы, сірə, Тваланың өзі болса керек. Шабуылға шығуға жарлық берді. Сол сəтінде-ақ алдыңғы қатардағы полк айқай- сүрен салып қаптап қоя берді.

Ал Сұр сарбаздар болса, үнсіз, қимылсыз қалыптарынан танбады.

Шабуылшы полк қырық ярдтай жерге жақындай бере жаңбырша жаудырып, селебе лақтыра бастаған. Міне, осы кезде, жау лақтырған селебе сарт-сұрт етіп қалқанға, кірш-кірш етіп денеге қадала бастаған шақта ғана Сұр сарбаздарға жан біткендей болды. Дүр етіп ұран сап, найзаларын кезене оқыс алға ұмтылған.

Келер сəтте біздің құлағымызға қалқандардың сатыр-сұтыр соқтығысқан даусы жетті, ерсілі-қарсылы сілтенген, қызыл қанға боялған найза сүңгілері күнге шағылысып, бүкіл алаң жарқ-жұрқ еткен сəулеге толып кетті. Бірін-бірі баудай түсіріп, қанға бөккен жұрт теңіз толқынындай ілгерінді-кейінді лықсып, опыр-топыр боп жатыр.

Алайда бұл күй ұзаққа созылмады. Шабуылшы жақтың тізбек-тізбек қатары күрт селдіреді де, Сұр сарбаздар жалдана, лықсып кеп, су астынан шығып тұрған жартасты жауып өткен толқын сияқты, жау сапын тапап өте берді.

Біздің ойға алған мақсатымыз орындалды: шабуылшы полк бір адамы қалмай, тегіс харап етілді. Алайда қиян-кескі ұрыс Сұр сарбаздардың өзіне де оңайға түспепті, полк құрамындағы жауынгерлердің үштен бірі қаза тапты.

Сұр сарбаздар тығыз топтаса, қайтадан қатар түзеді де, үнсіз түнерген бойы жаңа шабуылды күтті. Олардың арасында сэр Генридің де бар екенін көрген кездегі менің қуанышымды айтсаңызшы! Ақ сары сақалы кеудесіне жете төгіліп, ерапайсыз өсіп кеткен ұзын шашы желкесіне түсе жалбырап, саптың басына бір, аяғына бір шығады, тəртіп орнатып, жауынгерлерді жаңа ұрысқа жігерлендіріп жүр. Аман- сау, тірі. Əзірге тірі.

Бұл екі ортада біз де өлген, өлім халіндегі жəне жаралы адамдардың денелері аткөпір боп жатқан ұрыс алаңына жеттік. Қаннан қара жер көрінбейді.

Қатардан шыққан жауынгерлердің ұзын саны төрт мыңнан кем емес тəрізді.

Игнози жау жағынан қалған жаралы адамдар өлтірілмесін деген жарлық берді. Сол мезетінде-ақ ауыздан ауызға өтіп, жұрттың бəрі құлақтанған бұл бұйрық мүлтіксіз адал орындалды. Əйтпесе жан шошырлық көріністің куəсі болатын едік. Рас, дəл осы сəтте бұл туралы ойлап жатуға мұршамыз келген жоқ.

Жауынгерлері бастарына ақ қауырсын қадаған, шолақ ақ юбка киген, ақ қалқанды жаңа бір полк тірі қалған екі мың Сұр сарбаздарға шабуыл жасағалы жақындап келеді.

Сұр сарбаздар бұл жолы да үнсіз түнеріп тұра берді. Алғашқыдай, жау тобы қырық ярд шамасына жеткен шақта ғана зулата селебе лақтырысып, алға қарай лап қойды.

Тағы да қақтығысқан қалқандардың үнінен құлақ тұнды, сілтенген найзалардың жарқылынан көз шайлықты. Қанды қырғын басталды да кетті.

Бірталайға дейін Сұр сарбаздардың тағы да жеңіп шығуы мүмкін емес тəрізді көрінген. Шабуылшы полк сайдың тасындай өңшең жас жігіттерден құралған екен. Жан аямай қызу шайқасты. Тіпті Сұр сарбаздар ақтарыла төгілген жас күштің серпініне шыдай алмай, кейін лықсыды. Екі жақтың басына да қиян-кескі, нағыз қанды қырғын орнады. Минут сайын жүздеген жауынгерлер жапырыла құлап жатыр. Ышқына шыққан ұран, жаралы жанның азапты үні, қаржысқан қарулардың даңғыры мен шыңылына аралас қуанышқа, масаттыққа толы тынымсыз айқай естіледі: “Sgee! Sgee!” Бұл – найзасын қақ жүрекке қадап, дұшпанын жер қаптырған жеңімпаздардың даусы.

Алайда асқан тəртіп, қайтпас жігер, жанкешті ерлік, не түрлі ғажайып іске бастайды ғой. Оның үстіне тəжірибеге бай бір байырғы сарбаз екі жас жауынгерге пара-пар. Бұған ұзамай-ақ көзіміз жетті.

Сұр сарбаздардың біткен жері осы деп ойлап, олардың орнын алуға əзірлене бастағанбыз. Кенет сэр Генридің ұрыс дабылынан асып шыққан зор даусы құлағыма жетті. Бір сəт басынан асыра көтеріп, жарқылдата бұлғаған айбалтасын көзім шалып қалды. Содан соң ұрыс кейпіне өзгеріс енгенін бəріміз де анық байқадық. Сұр сарбаздар шегінуін тоқтатты. Бейнебір теңіз жағасындағы толқын қанша ұрса да мызғымайтын жартас сияқты, жаудың жанталаса ілгері ұмтылған найзагерлерін қайта-қайта кейін серпи ысырып тастап, таймай шайқасты. Содан соң Сұр сарбаздар тағы да лықси қозғалды. Бірақ бұл жолы олар алға қарай жылжыған еді. Мылтық атылып, түтін шықпағандықтан жəне көгалды тепсеңнен шаң да көтерілмеген себепті біз бəрін ап-анық көріп тұрмыз. Арада тағы бірер минут өткенде жау шебінің жібі босап кеткендей, шабуылын оқыс бəсеңдетті.



  • Иə, бұл – нағыз сайыпқыран ерлер! Тағы да жеңіп шығуға айналды, – деді манадан бері менің қасымда тісін шықырлатып, өзін əрең ұстап тұрған Игнози. – Қара, əне, əне! Жеңіс!

Кенет жау полкі зеңбірек аузынан шыққан бетте желге ұшыраған түтіндей быт-шыт боп селдірей, тым-тырақай тұра қашты. Ақ қауырсынды ақ қалпақтары жел лебімен бастарынан ұшып, алды- артына қарауға шамасы келмей, зытып барады.

Сұр сарбаздар жеңіске жетті, бірақ, о, жалған-ай десеңізші, полктің жұқанасы ғана қалған еді. Үш қатар боп, құрыштай берік сап түзеп, осыдан қырық-ақ минут бұрын ұрысқа енген үш мың жаужүрек азаматтан енді көп дегенде алты жүздей ғана адам қалды. Өзгесі тегіс жер жастанды. Осы тірі қалған, үсті-басын қан жапқан жауынгерлер найзаларын көкке көтере бұлғап, шаттана ұран салды.

Сұр сарбаздардың қалдығы енді бізге кеп қосылатын шығар дегеміз. Олай болмады. Бөгелместен бəрі бірдей қашқан жаудың соңынан түре қуды. Сол беті жүз ярдтай жерге дейін жүгіріп барып, алаңның қақ ортасындағы жайпақ беткейлі кішкене төбешікке тоқтады. Төбенің басына үш қатар шеңбер жасай сапқа тұрды да, қайтадан ұрысқа əзірленді.

Міне, осы сəтте – бұл бақытты қойсаңызшы! – мен тағы да сэр Генриді көрдім. Қол-аяғы аман сияқты, төбенің қақ басында тұр. Жанында – біздің көне көз досымыз Инфадус.

Тыныс ұзаққа созылмады. Тваланың жəне бір полкі сайға енді де, біз өлімге байлаған ерлерге дүрсе қоя берді. Тағы да қиян-кескі ұрыс басталды.

Менің, ақиқатын айтқанда, қорқақтау адам екенімді жəне қашанда ұрысқа кіруге онша құлшынып тұрмайтынымды осы хикаяны оқып отырған əрбір адам баяғыда-ақ аңдаса керек. Рас, талай рет жаным жаратпайтын іске араластым, қан ішіп те көрдім, алайда мен осының бəрінен шын көңіліммен жиренетінмін. Басқаның шелек қанынан өзімнің тамшы қанымды артығырақ бағалайтынмын, реті келіп, қажет боп тұрған жағдайда тайқып кетуді, қашып кетуді де ұят санаған емеспін. Алайда дəл осы сəтте мен өз өмірімде тұңғыш рет кеудемді

күш кернеп, ұрысқа араласқым кеп, арқам қозып бара жатқанын аңдадым. Инголдзби аңыздарының ішіндегі ерлік жырларының үзінділері ойыма оралды, “Көне өсиеттегі” қан тілейтін, сезімге толы жолдар есіме түсті. Осыдан біраз бұрын ғана қорқыныш пен үрейден мүлде тоқтап қалуға айналған жүрек тамырларым қайта соғып, қаным қызып, делебем əбден қозды. Қасап қырғын ішіне қойып кеткім кеп, ешкімді аямай қан төккім кеп тыпырши бастадым. Артымызда иін тіресе қатар түзеп тұрған жауынгерлер сапына қарадым. Бір сəт, қазір менің түрім де дəл осылардың түріндей шығар деген ой келді басыма. Жауынгерлердің бəрі де қолдары дір-дір етіп, еріндері əнтек ашылып, мойындарын соза қалшиып тұр еді; беттерінен жан шошырдай, бойларын ыза, кек буған; көздері құрбандығының қылпуын аңдап қалған қасқырдың көздеріндей жайнайды.

Тек қабылан терісінен тігілген жақы киген, өзін-өзі еркін билей алатын Игнозидің жүрегі ғана бірқалыпты соғысынан танбаса керек. Алайда оның өзі тынымсыз тіс шықырлатумен болды.

Мен бұдан арыға шыдай алмадым.


  • Омбопа, яғни Игнози, – дедім, – шынымен-ақ сүйегіміз қурағанша осы жерде тұра бермекпіз бе? Енді Тваланың ана төбенің басындағы бауырларымызды тегіс харап еткенін күтуіміз керек пе?

– О, жоқ, Макумазан, – деді ол. – Анаң қара. Сəтті кезең тусын – қалт жібермейміз.

Осы кезде жау полкі шұғыл маневр жасап, Сұр сарбаздарды айналып өтті де, оларға біз тұрған беттен бас салды.

Міне, дəл осы мезетте Игнози айбалтасын көтеріп, шабуылға белгі берді. Буйволдар жер күңіренте ұран сап, құздан құлаған селдей қаптап, төменгі жау тобына қарай лап қойды.

Бұдан соң не болғанын айтып шығуға менің тілім жетпейді. Бар есімде қалғаны, біз жойқын шабуылға, бірақ ақылмен пішіп, алдын ала мұқият ойластырылған шабуылға көштік.

Ұрыс шебі күрт өзгерді, қыспаққа алынған полк жаңа жағдайға сəйкес жаңаша сап түзеді, қасап қырғын ішіне қойып кеттік. Даң-дұң, шаң- шұң дауыс, үздіксіз айқайдан жер теңселгендей, жарқ-жұрқ еткен

найза, ақтарылып төгілген қып-қызыл қан көз қарықтырғандай. Қызыл күрең тұман ішінде жүрген тəріздімін.

Есімді жинаған кезімде қарасам, Сұр сарбаздар полкінің қалдығы бекінген төбенің басында екем. Қасымда бөтен біреу емес, сэр Генридің өзі тұр. Бұл араға қалай келіп қалғанымды білмей дал болдым. Сэр Генри кейін айтты, Буйволдар екпінді шабуылға шыққанда қаптаған адам тасқыны мені еріксіз ығыстырып, сэр Генри тұрған тұсқа бір-ақ əкеп тастапты. Шабуыл толқыны қайта серпілген кезде сэр Генри Сұр сарбаздар шебінен шыққан да, мені арқалап ішке алып кірген.

Бұдан соң болған қиян-кескі соғысты оқушының көз алдына келетіндей етіп суреттеп шығуға ешбір қаламның құдіреті жетпес! Селдей қаптаған жау толқын соңынан толқын атып, біздің Сұр сарбаздар құрған шеңберге үсті-үстіне шабуыл жасады. Біз де олардың бетін қайтарудан танбадық. Осындай ауыр шайқас туралы əлдебір ақын өте тауып айтқан сияқты:

Не өлім, не жеңіс болып анттары, Найзагерлер қара ормандай қаптады. Өлгендердің орнын басып соңғылар, Бір сəтке де сиремеді саптары.

Бұл бір ғаламат көрініс еді. Ауыр шығынға ұшырағанына қарамастан, үлкен қажыр көрсеткен жау əскері үздіксіз шабуылдай берді.

Өлгендерін баса-жанша алға өңмендей ұмтылумен болды. Біздің найзаларымыздың ұшын бөгер қалқан ретінде, жаңа ғана өлген жолдастарының өлігін алдына тосып та шабуылдап көрді. Бірақ олардың əрекетінен ешқандай нəтиже шықпады. Тау боп үйілген жансыз мүрделердің үстіне жаңа өліктер қосып, жарға соғылып кейін серпілген толқындай үнемі кері лықсуға мəжбүр боп отырды.

Көпті көрген қайтпас кəрі қолбасы Инфадустың аспай-саспай қалай бұйрық бергеніне, жауынгерлердің рухын көтеру үшін мысқылдай сөйлеп, кейде тіпті қалжыңдап та тұрғанына мен тамашалай əрі сүйсіне қарадым. Шабуылдың жаңа толқыны басталған шақта ол ең қызу ұрыс қайнаған жерлерге барып, жұрт қатарлы найза сілтеп, кəрі арыстанша арпалысып кететін.

Əйткенмен сэр Генридің түр-тұлғасы бұдан гөрі əсемірек те айдындырақ та еді. Басына қадаған түйеқұс қауырсыны найза жүзіне шалынып, қырқылып түсіпті. Енді ұзын ақ сары шашы желмен желбіреп жүр. Түр-тұлғасы көне датқа ұқсас осы бір алып денелі батыр қайтпай шайқасты. Айбалтасы да, сауыты да, қолы да қанға малшынған. Жолына ешкім кесе-көлденең тұра алмады, соққысына ешкім төтеп бере алмады. Мен ауық-ауық сэр Генридің балта сілтегенін, сол сəтінде-ақ онымен бетпе-бет айқасуға жүрегі дауалаған ер сарбаздың бүктетіле құлағанын көріп тұрдым. Дұшпаны жер қаба жығылғанда сэр Генри өзінің беркширлік бабалары құсап: “О-хой! О- хой!” деп айқайлап қояды. Оның соққысынан қалқандар қақырады, найзалар шылпара болды, талай жанның бас сүйегі қарс айрылды.

Ақыры, жолында тұрған дұшпан атаулыға қырғын таптырудан танбаған, ал өзіне пəле дарымаған “umtagati” – яғни дауласкер ақ сиқыршы жұрттың бəрінің жүрегін шайлықтырып бітті, ешкім оның маңына өз еркімен жуыспауға айналды.

Кенет жау тобынан “Твала! Твала!” деген айқай естілді. Артынша өршелене шабуылдаған топырдың ішінен жалғыз көз қара дəу – корольдің өзі шыға келді. Сауыт киіп, қалқан ұстаған, бір қолында жарқ-жұрқ еткен айбалтасы бар – мұздай құрсанған.


  • Қайдасың, Инкубу, менің ұлым Скрагганы өлтірген ақ адам, қайда жүрсің? Шық қане! Көрейік, енді кім-кімді өлтірерін! – деп құтыра айқайлады да, сэр Генриге селебе лақтырды.

Сəті түскенде, сэр Генри Тваланың оқыс қимылын қалт жібермей аңдаған екен, қалқанын тоса қойды. Селебе сарт етіп қалқанға тиді де, темірді тесе-месе сағағынан ілініп тұрып қалды.

Содан соң Твала өкіре айқайлап, сэр Генриге дүрсе қоя берді. Ытқи қарғып кеп, балтасымен салып жібергенде, төбесіне қалқанын тосқан сэр Генри өзінің алып күшіне қарамастан, соққының қаттылығынан шөкелеп отыра кетті. Бірақ бар жекпе-жек осымен тынды. Өйткені дəл осы кезде бізді манадан бері қыспаққа алып жатқан полктер жақтан үрейлі айқай естілді. Бар назарымыз сол жаққа ауды. Сол сəтінде-ақ не болғанын түсіне қойдым.

Бүкіл жазық оң жақтан да, сол жақтан да қаптаған қара құрым əскерден көрінбейді. Бұл – қос қанаттан бірдей шабуылға шыққан біздің жауынгерлер еді.

Шабуыл үшін бұдан артық қолайлы сəт таңдап алу мүмкін емес-ті. Игнозидің есебі тура келді: Тваланың бүкіл армиясының назары əуелде Сұр сарбаздармен шайқасқа, одан соң Сұр сарбаздардың қалдығымен жəне олардың артын ала майдан құрған Буйволдармен соғысқа ауған еді. Жау біздің əскердің негізгі ұйытқысы болып саналатын бұл екі полкке қарсы үсті-үстіне əскер төгіп, ұрыс тағдырын өз пайдасына шешкісі келген. Дұшпанның өзі шабуылға шығады жəне қос қанаттан қысады деп тіпті ойламаған. Мүлде күтпеген іс болды.

Ендігі Тваланың полктері қорғанысқа сайланып, қатарларын жаңадан түзеп үлгермеді, аш бөрідей шапқан біздің əскер оларды қос бүйірден бірдей қыспаққа алып, еңсеріп əкетіп барады.

Арада бес-он минут өтер-өтпесте ұрыс тағдыры шешіліп бітті. Алдында Сұр сарбаздармен жəне Буйволдармен айқаста көп шығынға ұшыраған, жаудың жанкешті ерлігінен жүректері шайлыққан Тваланың қолы енді қос қабырғадан бірдей шаншылған найзаның дүмпуіне шыдамады, дүркірей қашты.

Ұзамай, үрейі ұша, тым-тырақай босқан жау қарасынан шаһар мен қырқа арасындағы жазықтың беті көрінбей кетті. Ал сайға еніп, біз бен Буйволдар полкін жойып жібермек болған əскерге келсек, олар кенет сиқыр соққандай шылпара болды. Əп-сəтте төңірегіміздегі жаудан тазарып шыға келдік. Тынымсыз беттен ұрған толқын біржола сап болған кездегі жартас құсап, жападан-жалғыз өзіміз ғана қалыппыз.

Біздің көз алдымыздан алапат көрініс ашылды. Тау боп үйілген өліктер, жан даусы шыға ыңырсыған жаралылар. Сайыпқыран Сұр сарбаздар полкінен тоқсан бес-ақ адам қалыпты. Жалғыз осы полктің өзі үш жарым мыңға тарта жауынгерінен айрылды.

Инфадус өзінің қаһарман полкінің жұқанасына қайта-қайта қарағыштап қойып, қолының жарасын таңып жатты.


  • Жауынгерлер! – деді салқын да сабырлы үнмен. – Сендер өз полктеріңнің абырой-атағын жоғары ұстадыңдар. Бүгінгі ұрысты

сендердің балаларыңның балалары жыр етіп айтатын болады. Содан соң сэр Генриге бұрылып, оның қолын қысты.

  • Сен ұлы адамсың, Инкубу, – деді жайымен. – Мен бар өмірімді ұрыс- соғыста, жауынгерлер арасында өткіздім, тіршілігімде талай ержүрек жігітті алдымнан өткердім, бірақ сен сияқты жанкешті ер, алып батырды көрген емеспін.

Осы мезетте Лууға бағыт алған Буйволдар бізбен қатарласты. Игнози олардан сəлем айтып, Инфадус, сэр Генри жəне мен үшеумізді шақырған екен. Сондықтан жаралыларды жинап алуды полктен қалған тоқсан жауынгерге тапсырып, біз Игнозиге келіп қосылдық.

Игнози бізге өзінің енді Луу шаһарына шабатынын, мүмкін болса, Тваланы тұтқынға алуға тырысатынын хабарлады.

Біраз жүрген соң жолымыздан Гудтың кездесе кеткені. Бізден жүз қадамдай қиыста, құмырсқа илеуінің үстінде отыр екен. Дəл қасында кукуан жауынгерінің өлі денесі жатыр.


  • Апыр-ай, жаралы болмасын, – деді сэр Генри даусы толқып.

Міне, дəл осы мезетте ешкім күтпеген ерекше оқиға болды. Жаңағы кукуан жауынгердің өлі денесі, дəлірек айтсақ, біз өлі деп есептеген адам атып тұрды да, Гудты аяғын көктен келтіре, құмырсқа илеуінің үстінен ұшырып түсіріп найзамен пергілей бастады.

Жан даусымыз шыға біз де ұмтылдық. Анадайдан көріп келеміз, кукуан жауынгері шалқасынан құлап жатқан Гудты найзасымен пəрмендей кеп үсті-үстіне ұрады, ұрған сайын Гудтың аяқ-қолы ербең- ербең етеді. Біз жете берген кезде кукуан жауынгері “Ал керегіңді, сиқыршы!” деп, Гудтың денесіне найзасын тағы да бір рет салып алды да, табаны жерге тимей тұра қашты.

Гуд қимылсыз, тілсіз қалды. Байғұс жолдасымыздың саудасы біткен екен деп ойладық. Қайғыға батып, қасына да жеттік. Сөйтсек Гудымыздың өңі боп-боз болғанымен аман-сау, жымиып күлімсіреп жатыр, тіпті көзіндегі монокіліне дейін бəз баяғыша.


  • Сауытымыз сауыт-ақ екен! – деді біз басына төне еңкейген кезде сыбырлай сөйлеп. – Алдап соққаным-ай əлгіні! – Сөйдеді де, талықсып кетті.

Денесін мұқият қарап шықтық. Жауды қуған кезде селебе тиіп, аяғынан жараланған екен, ал жаңағы кукуан жауынгерінің найзасы денеге дарымапты, болат сүңгі берен сауыттан өте алмаған екен. Бірақ бүкіл денесі көк ала қойдай. Бақыт деген осы, найза астында жатып тірі қалды. Дəл осы мезетте біз Гудқа ешқандай жəрдем көрсете алмайтын едік. Қасымыздағы жауынгерлер оны жаралыларды тасуға арнап бұтақтан тоқып жасаған зембілге жатқызып, біздің соңымыздан алып жүрді.

Луу шаһарының қырқа жақ беттегі дарбазасына да жеттік. Игнозидің бұйрығы бойынша оны біздің полктердің бірі күзетке алған екен.

Қаланың өзге дарбазалары да сыртынан біздің бақылауымызға көшкен боп шықты.

Полк сардары ілгері шығып, Игнозиді король ретінде құттықтады. Содан соң Тваланың бүкіл армиясымен қалаға тығылғанын хабарлады. Жəне бұл сардардың ойынша, аруағы қашып, əбден ұнжырғасы түскен əскер қару тастауға əзір сияқты.

Бұл сөздерді естіген соң бізбен ақылдасып алды да, Игнози қаланың барлық қақпаларындағы полктеріне шапқыншы жіберді. Олар шаһар ішіндегі барлық əскерге қақпа ашылсын деген жарлық жеткізуге тиіс еді. Қаруын тастаған жауынгерлерге тегіс кешірім жасалады деп жарияланды.

Король атынан айтылған бұл соңғы сөз біз күткендей нəтиже берді. Сол сəтінде-ақ ордың үстіне көпір түсірілді де, қақпа айқара ашылды.

Буйволдар көпір түсіріле бергенде-ақ шаттана ұрандасқан. Алайда опасыздық жасалуы мүмкін екендігін де естен шығарғамыз жоқ.

Барлық сақтық шараларын жасаған соң ғана қалаға кірдік.

Ұзыннан-ұзақ созылған жол жиегінде Тваланың жауынгерлері тұр. Еңселері түскен, жүздері жабырқау. Бастары салбырап кеткен.

Қалқандары мен найзалары аяқтарының астында жатыр. Бəрі де қасынан өткен кезде Игнозиді өздерінің королі деп танып, құттықтап жатты.

Біз алға, Тваланың крааліне қарай жүре бердік. Осыдан екі күн бұрын əскер сыны өткізілген жəне ұлы зікір, дуагерлер аулау салтының қанды

куəсі болған алаңға да жеттік. Тірі жан көрінбейді, қаңырап тұр. Жоқ мүлде қаңырап қалмаған – ең арғы шетте, король лашығының алдында Твала отыр. Қасында Гагуладан басқа ешкім жоқ.

Тақтан тайдырылған, енді сауыты саудырап, басы салбырап отырған корольдің түр-тұлғасы өте аянышты еді. Айбалтасы мен қалқаны жерде жатыр. Қасында жалғыз кемпір ғана отыр. Қаныпезерлігін, əщадылығын өз көзіммен көрген болсам да, дəл осы сəтте менің кеудемде кешегі қаһарлы король, ал бүгін биік тұғырдан құлаған мүскінге деген аяныш оты жылт еткендей. Кеше ғана алдында сіресіп тұрған ауыр əскерден бүгін бір сарбаз қалмаған, кеше ғана құлдық ұрып, жорғалап жүрген сансыз нөкердің ешқайсысының ізі жоқ, қайғысына ортақтасып, қасында кешегі мың əйелінің бірі отырсашы. Бақытсыз сорлы! Тағдыр қатал сыбаға тартқан талай бейбақтың кебін бүгін бұл да киді. Адам заты қашанда бағы тайып, батпаққа батқан жандардың қайғысын көргісі, арызын естігісі келмейді; қауқары қайтып, қорғанынан айрылған жанның қасына ешкім бармайды, ешкім оған аяушылық жасамайды. Шындығына келсек, мына біздің алдымызда отырған адамға аяушылық жасаудың өзі күнə еді.

Краальдің ішіне енген соң біз алаң арқылы тура бұрынғы король отырған жерге беттедік. Қасына елу ярдтай қалған кезде полк тоқтады да, біз аз ғана жасауылдармен бөлініп шықтық. Тваланың қасына жеткенімізше Гагуланың бізге арнап айтпаған балағаты қалмады.



Біз қасына келе берген кезде ғана Твала манадан бері тұңғыш рет басын көтерді де, жұлдызы жанған бақталасы Игнозиге жалғыз көзінен ызғар шаша жалт қарады. Өзін-өзі ұстауға тырысқанмен, ыза буған жанның жалғыз көзі маңдайындағы гауһардай жарқ-жұрқ еткен.

  • Сəлем саған, о, король! – деді ол. Даусында ащы мысқыл табы бар. – Кеше менің нанымды жеп ең, бүгін ақ адамдардың сиқыры арқасында ел ішіне бүлік əкелдің, əскерімді талқандадың, құттықтаймын сені.

Маған енді қандай хикмет көрсетпексің, о, король!

  • Менің əкем, өзің соншама жыл бойы тағын иемденген король көрген күн сенің де басыңа түспек! – деді Игнози қатқыл үнмен.

  • Жақсы. Мен саған қалай өле білу керегін көрсетейін. Өз басыңа келген күні үлгі етерсің. Анаң қара – күн ұясына қонған түс алқызыл

қанға малшынып тұр. Твала қолындағы қанға боялған айбалтасын қызыл жалқынданып тұрған күнге қарай нұсқады. – Менің күнім де сол күнмен бірге батқаны абзал. Ал енді, о, король, мен ажалға əзірмін. Бірақ кукуан еліндегі король əулетіне тəн рəсім үстінде өлуге1 мүмкіндік бер. Бұған қарсы болмассың, əйтпесе бүгін майдан даласын тастай қашқан қоянжүрек қорқақтардың өзі сыйлаудан қалады сені.

  • Мен оған рұқсат берем. Кіммен шайқасқың келеді, қане, таңда. Ал мен өзім сенімен жекпе-жекке шыға алмаймын. Өзің де білесің, король тек соғыс кезінде ғана қолына қару алуға тиіс.

Тваланың жалғыз көзі біз жаққа ауды. Бір сəт ызғарлы көз тура маған кеп тоқтаған тəрізді көрінді; зəрем ұшып, бойым қалтырап қоя берді. Шынында да, жекпе-жекті менен бастағысы келсе қайтпекпін? Бойын ашу-кек буған, ұзындығы алты фут, таудай алып жабайы жалмауызға қарсы тұрарлық менде қаншалық қауқар бар. Мұндай алыппен соғысу

  • атылып өлгенмен пара-пар емес пе. Мен сол сəтінде-ақ қалайда жекпе-жектен бас тартам деген шешімге тоқтадым. Мейлі, мазақ етіп, масқара етіп, Кукуанстанның шегінен қуса да шыдаймын. Бас тартам. Меніңше, айбалтаның астына тіленіп түскеннен, мазаққа ұшырасаң да тірі жүре берген артық. Ұяттан өлім күшті. Кенет Твала:

  • Сен не айтасың, Инкубу? – деді. – Мана бастаған шаруамызды қазір тəмамдасақ қайтеді? Əлде сені сужүрек қорқақ деп атаймын ба?

  • Жоқ, – деді Игнози оның сөзін бөліп. – Сен Инкубумен соғысуға тиіс емессің.

  • Əрине, – деді Твала. – Қорқып тайқыса, қайдан соғысам.

Бақытсыздыққа қарай, сэр Генри бұл соңғы сөздерді түсініп қойды. Бетіне қаны теуіп, қып-қызыл боп кетті.

  • Мен шайқасамын онымен! – деді. – Қорқам ба, қорықпаймын ба, қазір өз көзімен көреді.

  • Құдай үшін, – дедім мен сэр Генриге жалынып. – Мына бойын жын буған адаммен жекпе-жекке шығып, өміріңізді қатерге байламаңыз.

Сізді қорқақ деп айтуға ешкімнің де ары бармайды. Бүгін ұрыс үстінде жұрттың бəрі де кім екеніңізді көрген ғой.

  • Мен онымен сайысам, – деді сэр Генри түнеріп. – Мені қорқақ деп ешкім де айта алмайды. Мен əзірмін.

Сэр Генри бір қадам алға шығып, айбалтасын көкке көтерді. Мен бұл донкихоттық есерсоқ қылықтан əбден түңілдім, не істерге білмедім. Соғысам деп тұр – не шара, соғысады,

етегінен тартып ұстап отыра алмаймын.



  • Ақ түсті бауырым, сайыса көрме онымен, – деді Игнози сэр Генридің иығына қолын салып. – Сен бүгін аз ерлік көрсеткен жоқсың. Егер мынаның қолынан жазым тапсаң, менің жүрегім парша-парша болады.

  • Мен онымен сайысам, Игнози, – деді сэр Генри манағы сөзін қайталап.

  • Қайтеміз енді, бара ғой, Инкубу. Сен жаужүрек адамсың. Бұл сұмдық сайыс болады. Ал, Твала, Піл сенімен шайқасуға əзір.

Бұрынғы король қарқ-қарқ күлді де, бір қадам алға басып, Куртиспен бетпе-бет келді. Батып бара жатқан күннің шапағы олардың еңгезердей денелерін қызғылтым сəулеге бөлеп, бұрынғыдан əрмен тұлғаландыра түскендей. Бір-біріне сай дұшпандар. Содан соң екеуі де балталарын жоғары көтеріп, аңыс аңдып бірін-бірі айналып жүре бастады.

Кенет сэр Генри ырғи шапшып, күшпен балта сілтеді. Бірақ Твала бір жаққа ытқып түскен еді, балта жүзі денесіне дарымады. Соққысының ғаламат екпінмен сілтенгені сондай, сэр Генридің өзі ұшып түсуге шақ қалды. Жауы бұл сəтті қалт жібермей пайдалана қойған. Балтасын басынан айналдыра шырқ көбелек ойнатып алып, адам сенгісіз ауыр күшпен салып кеп қалды. Жүрегім зырқ етіп, табаныма түсті. Біткен жері осы шығар деп ойлағам. Жоқ, олай болмады – сэр Генри лып еткізіп, сол қолындағы қалқанын көтеріп, айбалта жүзінен оқыс қорғанды. Осының нəтижесінде айбалта қалқанның бір шетін қырқып өтіп, сэр Генридің иығына ғана тиді. Алайда қалқан соққы күшін кеміткен еді, балта денеге ешқандай зақым келтіре алмады. Сол сəтінде сэр Генри де дұшпанын салып өтті, бұл жолы Твала сəтті қорғанды.

Осыдан соң екеуі бірін-бірі балтамен төпеледі де кетті. Əйткенмен не соққыдан жалтарып кетіп, не қалқанын тосып, ешқайсысы балта жүзін

денеге дарытпады.

Жұрттың толқынысы күшейе түсті. Жекпе-жекке қарап тұрған полк, тіпті тəртіп дегеннің не екенін ұмытты; жауынгерлер сапты бұзып, жақындап кеп, қоралай тұр. Əрбір соққы сайын не қуана айқайлайды, не бойларын қауіп билеп, гулеп кетеді.

Дəл осы кезде манадан бері менің қасымда зембілде жатқан Гуд есін жиды да, сол жерде отырған күйі жан-жағына үдірейе қарады. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Келер мезетте-ақ орнынан атып тұрып, менің қолымнан ұстай алды да, жалғыз аяқтап секірген беті өзімен бірге дедектетіп əкетті. Сэр Генриге қарап жігер бере айқайлап жүр.



  • Қимылда, қартым, – дейді бар даусымен бақырып. – Жарайсың, соққы деп осыны айт! Кеменің қақ ортасынан көзде! – Міне, өстіп кете берді. Сэр Генри жаудың кезекті соққысынан қалқанмен қорғанып қалды да, кенет өзі де бар күшімен Тваланы салып қалды. Айбалта қалқанды қақ жарып, одан соң сауытты да кесіп өтіп, Тваланы сол иықтан қатты жаралады. Ауру мен ашу қысқан Твала өкіре айқайлап, сол сəтінде-ақ қарымта қайтарды. Оның айбалтасы сэр Генридің қолындағы айбалтаның мүйізтұмсық сүйегінен жасалып, берік болуы үшін темірмен құрсауланған сабын кесіп өтіп, өзін беттен жаралады.

Біздің батырымыздың қолындағы балтаның басы сабынан қырқылып, жерге ұшып түскенін көргенде, бүкіл Буйволдар полкі күңіреніп кетті. Ал Твала болса, өзінің үрейлі айбалтасын көкке көтеріп, айқай сала алға ұмтылған. Мен бұдан ары шыдай алмай, жүзімді бүркедім.

Көзімді қайта ашсам, сэр Генридің қалқаны жерде жатыр, ал оның өзі арбиған үлкен қолдарымен Тваланы құшақтап алған, күресіп жүр.

Екеуі ілгерінді-кейінді итерісіп, бұлшық еттері білеуленіп, тіресе тартысып, ұзақ алысты. Қымбат өмір үшін, өмірден де қымбат намыс үшін айқас.

Твала бар күшін жинап, сэр Генриді алып соқты, құшақтары жазылмай, екеуі бірге құлаған. Жанталаса күрескен беті қиыршық құм үстінде домаласып жатыр. Твала сэр Генриді балтамен бастан ұруға тырысады, ал Куртис белінен суырып алған селебесімен Тваланы

сауыт сыртынан ұрғыштаумен болды. Алыптардың бұл айқасы – жан шошырлық ғаламат көрініс еді.


  • Балтасын тартып алыңыз! – деді Гуд айқайлап. Сірə, біздің батыр бұл сөзді естіген болу керек. Бəлки, естімеуі де. Əйтеуір өзінің селебесін тастай бере балтаға жармасты. Балта сабы буйвол терісінен жасалған бүлдірге арқылы Тваланың қолына байланған еді.

Екеуі арсыл-гүрсіл дем алып, сілеусіндей домалана айқасып, балтаға таласып жатыр. Кенет бүлдірге сырт үзілді, содан соң сэр Генри бар күшін сап, Тваланың құшағынан босап шықты. Жарадан шұбыра аққан қан бір жақ бетін қызыл ала етіп бояпты.

Твала да атып тұрған. Белінен ауыр селебесін жұлып алып, Куртиске дүрсе қоя берді. Жарқ еткен селебе сэр Генридің тура кеудесіне тиген. Алайда берен сауыт қас шебердің қолынан шыққан екен, өткір болаттың соққысына шыдады. Твала құтыра айқайлап, тағы да селебе сілтеді. Бұл жолы да сауыттың көбесі сөгілмеді, ақ болат шықыр етіп тайып түсті.

Бірақ соққының күші соншалық, сэр Генри теңселіп кеткен еді. Көзіне қан толған Твала тағы да алға ұмтылды.

Дəл осы мезетте біздің батырымыз бойындағы бар күшін жиып алып, айбалтаны құлаштай сілтеді. Мыңдаған ауыздан шыққан қуанышты айқай бүкіл алаңды кернеп кетті – ғаламат ғажайып іс болған.

Тваланың басы кеудесінен секіріп түскендей көрінді. Бас жерге ұшып түсісімен Игнозиге қарай домалай жөнелді де, тура оның аяғының астына кеп бір-ақ тоқтады, Бассыз дене бір сəт қимылсыз тік тұрып қалды. Күре тамырдан қара қошқыл қан шапшып атқылап жатыр.

Содан соң өлі дене сылқ етіп, бүктетіле құлады. Құрсаулы алтын шеңбері мойнынан ұшып түсіп, дөңгелей жөнелді. Осы кезде қаншама қанынан айрылып, əлсіреген сэр Генри де алтын құрсаудың үстіне құлаған еді.

Келер мезетте-ақ оны жерден көтеріп алыстық. Əлдекімнің мейірбан қолы оның бетін жуып, қанын тазартты. Артынша сэр Генридің өзі де тостағандай үлкен, сұрғылт реңді көздерін ашты.

Аман-сау, тірі!

Дəл осы сəтте күн де батқан еді. Мен Тваланың қанға шыланып жатқан басына бардым да, маңдайына қадаған гауһарын жұлып алып, Игнозиге ұсындым.



  • Гауһарды ал, кукуан елінің заңды королі! – дедім мен. Игнози гауһар орнатылған тəтіні алып, маңдайына байлады. Содан соң өлі дененің қасына келді де, бір аяғын өзінің дұшпанының басы жоқ, арыстай кеудесіне қойып тұрып, жеңіс жырын шырқай жөнелді.

Əрі əсем, əрі асау əннің көркі мен мəнін сипаттап айтып беруге менің тілім жетпейді. Грек тілінің бір білгірінің өте əдемі дауыспен Гомер шығармасын қалай оқығаны есімде. Мағынасын түсінбесем де, өлеңнің ырғақтылығы мен үнділігі маған сұмдық əсер етіп еді. Соңғы күндерде басымыздан өткен қиындықтардан соншалық қажыған, неше түрлі жан азабына ұшырап, əбден титықтаған болсам да, көне грек тілі сияқты сазды да сұлу тілде шырқалған Игнозидің жырын ұйып тыңдадым.

  • Ақыры жеңіске жеттік, – деп бастады ол. – Көтеріліс мұраты хасыл, жауыздық күшінен əділет күші басым түсті, мерейіміз үстем болды.

Таң елең-алаңнан орындарынан өре түрегелген жау бастарына қауырсын қадады, қолдарына қалқан мен найза алды, қанды шайқасқа əзірленді.

Ұрысқа сақадай-сай жауынгерлер өздерінің көсемдеріне дамыл бермеді, “Аттанайық, түп көтеріле аттанайық!” десті, ал көсемдер корольге келді. “Бізді ұрысқа баста!” деді.

Кеуделеріне намыс піскен жиырма мың жəне жиырма мың əскер тыпыршып тұра алмады.

Олардың бастарына қадаған қауырсындары қара ормандай болып жер бетін жауып кетті. Найзаларын көкке көтере ұрандасты, мың сан қолдағы мың сан сүңгі күнге шағылысып, жер беті жарқылға толды.

Бойларын күш, көңілдерін қуаныш кернеген жау бізбен тезірек ұрысуға асықты, біздің қанымызға құмартты.

Селдей қаптап маған қарсы аттанды. Олар күшті еді, ер еді. Менің əскерімді тоз-тоз етпек, өзімді найзаға ілмек боп, қаптап келе жатты.

Күліп келе жатты, айқайлап келе жатты. “Ха-ха! Оны өлді деп санай беріңдер!” десті.

Сол кезде мен кеудемді кере дем алдым. Қайта дем шығарған кезімде алапат дауыл орнады, жолдағы дұшпанның бəрі тозаңдай ұшып, жоқ болды.

Мен найзағай ойнатып, жай аттым, бар дұшпанымды жаусаттым. Мен қайтпас сүңгімді олардың өңменіне бойлата қададым.

Қолдарынан күш кетті, бойларынан əл кетті.

Мен күндей күркіреген даусыммен-ақ олардың күлін көкке ұшырдым. Айбарыма шыдамай қатарлары бұзылды, ашуыма шыдамай тоз-тоз болды, күшіме шыдамай, дауыл үрлеген таңғы тұмандай жер бетінен көшті.

Олардың денесінен аққан қанға қара жер тойды, еті мен сүйегіне қарға мен түлкі тойды.

Таңертең ақыра түрегелген қайратты ерлер қайда? Таңертең кеуделерін қағып, айқайлап: “Оны өлді деп санай

беріңдер!” деп шуласқан кекірт ерлер қайда? Қауырсын қадаған мың сан бас қайда?

Ол бастың бəрі иілген, ол бастың бəрі кесілген. Иілген бас ұйқыда, кесілген бас ұйқыда, бірақ бұл – енді қайтып оянбайтын ұйқы.

Аты да, заты да ұмытылды олардың. Олардың бəрі түнекке батты, мəңгі бақи батты, енді қайтып шықпақ емес.

Олардың əйелдері басқаларға қатын болады, олардың балалары əкелерінің атын айтуға арланады.

Ал мен – король болдым. Адасқан ұясын тапқан қырандай өз тұғырыма қайта қондым.

Тыңда, халқым! Қараңғы түн түскенде елімнен безіп, қиян алыс жерлерде жүрдім, бірақ мен таң атарын біліп ем, міне, енді өз ордама қайтып оралдым.

О, халқым! Қанатымның астына келіңдер, денелерің сая табады. Жүрекке орныққан қорқыныштың орнына, көңілге орныққан мұң- зардың орнына қуаныш келеді, сенім келеді.

Жаңа заман туды! Еселеріңнің орны толар, бақытқа, байлыққа кенелерсіңдер.

Жазықты қаптай жайылған мал тегіс менікі. Краальдерде көздері сүзілген қыздар тегіс менікі.

Қыс өтті. Енді жаз келді.

Енді Жауыздық пен Жамандық ұяттан беті жанып, жұрт көзіне көрінуден қалар.

Енді ел ішінде Береке мен Бақыт қана жарастық табар, гүлдей құлпыра жайнар.

Шаттан, халқым, шаттан! Бүкіл ел шаттансын, өйткені зорлықшылдың басы батпаққа шыланды, король мен болдым!

Игнози тына қалды. Сол сəтінде-ақ қоюланып бара жатқан қараңғылықты қақ жарған мың сан дауыс естілді:


  • Біздің короліміз – сенсің!

Сонымен, жау елшісіне мен айтқан сөздер шындыққа айналды. Арада анық екі күн өтпей, Тваланың басы шабылған жансыз денесі өз краалінің алдында топыраққа былғанып жатты.


  1. тарау ГУДТЫҢ ДЕРТІ

Жекпе-жек аяқталған соң сэр Генри мен Гуд Тваланың лашығына енгізілді. Олардың соңын ала мен де кірдім.

Екеуі де көп қаннан айрылып, əлсіреген, ұрыс-соғыстан қажыған мүшкіл хəлде. Менің жағдайымның да олардан артықшылығы шамалы-тын. Мен сіңірдей берік, өте төзімді, көпті көрген, жақсы шыныққан адаммын, осының нəтижесінде көп жұрт шыдай алмайтын қиындықты көтере берер едім. Бірақ дəл осы кеште мен аяғымды əрең басып тұрдым. Қатты шаршаған кезімде арыстанмен айқастан қалған ескі жарақат мүлде қозып кететін. Оның үстіне таңертең ауыр соққы əсерінен есімнен танып қалғаннан бері басым да тұп-тура шытынап, жарылып бара жатқандай болған да жүрген.

Бір сөзбен айтқанда, дəл осы кеште үшеуміздің де сиқымыз адам көргісіз еді. Бірақ тағдырға ризамыз. Жолымыз болғаны анық. Дəл қазір хəліміз онша болмағанмен, біз үшеуміз де тірі отырмыз. Ал таңертең ғана бойларына күші сыймай тұрған мың сан ержүрек жауынгер ұрыс даласында жер құшып қала берді емес пе.

Біз ажалдан құтқарғаннан бері қасымыздан қалмайтын, ерікті қызметшіміз боп, үнемі қыбымызды бағып отыратын, əсіресе Гудты айрықша қамқорлыққа алған Фулатаның көмегімен, үйтіп-бүйтіп, кешеден бері, үстімізден түспеген, кем дегенде екеуміздің өмірімізді сақтап қалған сауыттарымызды шештік. Өне бойымыз көк ала қойдай екен.

Көбенің болат шығыршықтары ешбір найза, ешбір селебені өткізбегенімен, сөз жоқ, соққыға қарсы пана бола алмайтын. Сэр Генри мен Гудтың денесі қанталаған, көгерген, қызарған таңбалардан көрінбейді. Мұндай таңбалар менде де баршылық боп шықты.

Фулата үгітілген жапырақтардан жасалған əлдебір хош иісті дəрі əкелді. Ауырған жерлерге балауыз сияқты жабыстырып қойды.

Əжептəуір жеңілейіп қалдық. Көгерген, қанталаған таңбалар жанымызға батқанымен, қауіпсіз. Біздің мазамызды кетірген – сэр Генри мен Гудтың денесіндегі жарақат еді. Капитанның “сүйріктей сұлу, аппақ аяғының” балтыр етін селебе тесіп өткен; аумақты жара, оның үстіне қан көп кеткен. Ал сэр Генриге келсек, басқа анау- мынауды былай қойғанда, оның бетіндегі, Тваланың балтасынан қалған жарақаттың өзі үлкен еді.

Бақытымызға қарай, капитан – тəп-тəуір хирург. Дəрі-дəрмек, сайман салған кішкене жəшігін алғызып, Гуд

екі жарақатты да жақсылап жуды. Содан соң кукуан шырағданының жарығы күңгірт екеніне қарамастан, жаралардың аузын кəдімгідей тігіп тастады. Дəрі-дəрмек салынған қобдишаның ішіндегі кішкентай құтыдан əлдебір антисептикалық май алып, жара аузына қалың етіп жақты. Сыртынан қол орамалдарымыздың жыртығымен таңдық.

Бұл екі ортада Фулата бізге арнап сорпа қайнатып қойған еді, өйткені əлсіздіктен шайнама жеуге шамамыз келмейтін. Сораптап, үйтіп- бүйтіп ішіп алған соң біз өлген король үйінің еденіне қалың етіп төселген тамаша каросс, яғни аң терісінен жасалған жұмсақ кілем үстіне құлай-құлай кеттік. Тағдырдың мазағын қойсаңызшы: сол түні Тваланың төсегінде Тваланың жарғағын жамылып, оны өлтірген адам



  • сэр Генридің өзі ұйықтады.

Мен ұйықтады деп отырмын, шындығында, күндізгі қасап қырғыннан соң тып-тыныш ұйықтай қалу мүмкін емес-ті. Ең алдымен, бүкіл ауа, жер-көк соғыста опат тапқандарды жоқтаған қайғылы өлеңге, дауыс айтқан азалы күйге толы еді. Барлық жақтан бірдей əйелдердің қаза болған ерлерін, ұлдарын, аға-бауырларын жоқтап күңіренген зары, өксікке толы жыры естіліп жатты. Азалы жас төгушілердің санында қисап болмаса керек: осы бір-ақ күнгі қырғын соғыста жиырма мың жауынгер жер құшыпты, бұл – бүкіл кукуан армиясының үштен бір бөлігі өлген деген сөз. Мəңгіге сапар шеккен ерлерді жоқтап жылаған дауыстарды естіп жатқан менің өзімнің көкірегім қарс айрылғандай.

Бір адамның атақ-даңқы, бақ-мансабы жолына шалынған құрбандықтың бар ауыр салмағын тек осы кезде ғана анық сезінгендей едім.

Түн ортасына таман үздіксіз жоқтау, тынымсыз жылау азая бастады. Сəлден соң тыныштық орнады. Тек ара-тұра ғана біздің артымызда тұрған лашықтан ышқына шыққан ұзақ өксік естіледі: бұл – Тваланың жансыз мүрдесінің басында ұлып отырған Гагула.

Ақыры ұйқыға кеттім. Бірақ бұл бір тынышсыз ұйқы болды. Қайта- қайта бастығырылып, қайта-қайта селк етіп ояна бердім. Кейде

трагедияға толы осы соңғы күндер қайтадан басымызға орнаған тəрізденеді, өзім сол ғаламат хикмет, алапат қырғынның қақ ортасында жүрем; кейде мана қырқа басында өз қолымнан өлімге аттандырған жауынгер маған қайта шабуыл жасап жатады, кейде Тваланың қалың қолына қарсы шайқаста өшпес даңққа бөленген, бірақ өздері харап болған Сұр сарбаздар полкінің ортасында тұрам; кейде төбесіне қауырсын қадаған, қанға боялған Тваланың басы дəл аяғымның астынан домалап бара жатып, маған қарап жалғыз көзінен ызалы от шаша, тістерін шықырлатады.

Не керек, бұл ауыр түн де өтті-ау ақыры. Таң атқан кезде байқадым, жолдастарымның да ұйықтаған құрлы берекесі кетіпті. Гуд өне-бойы күйіп-жанып, сандырақтап жатыр. Оның үстіне менің зəремді ұшырып, қан құса бастады. Сірə, кукуан жауынгері ауыр найзамен сауыт сыртынан пəрмендей ұрғылаған кезде ішкі қан тамырларына зақым келсе керек. Оның есесіне сэр Генридің хəлі көп жақсарыпты. Көгерген, қанталаған жара əсерінен бүкіл денесі сырқырайтын көрінеді; аяқ-қолын əрең қозғайды; бетіндегі жарақаттың кесірінен не жөндеп тамақ іше алмайды, не ыржиып күле алмайды. Əйткенмен тыңайып, əл жиып қалғаны анық байқалды.

Таңғы сағат сегіз кезінде бізге сəлем беруге Инфадус келді. Түні бойы ұйықтамаған, тіпті тізе бүгіп отырмаған көрінеді. Өткен күннің ауыр оқиғалары оған мүлде əсер етпеген сияқты, бұл – көпті көрген, ұрыстарда шыныққан қолбасы еді. Инфадус сағынып қалған адамдай, қуана қолымызды алды. Тек Гудтің ауыр хəлін көріп қана мазасызданған.

Мен қарт жауынгердің сэр Генриге тəңірі тұта, ерекше құрметпен қарайтынын аңдадым. Кейін білдік, тек Инфадус қана емес, бүкіл Кукуан Елі осы бір алып денелі ағылшынды жай пенде емес, ерекше қасиет дарыған ғажайып жан санайды екен. Жауынгерлердің ұрыста Инкубуге ешкім шақ келмейді дегенін өз құлағыммен естідім. Күн ұзаққы қантөгіске толы ауыр шайқастан соң сэр Генридің Тваланың өзімен – жай король ғана емес, бүкіл кукуан еліндегі ең күшті, ең айбарлы батыр Тваланың өзімен жекпе-жекте көрсеткен қайратына жəне алып қара дəудің бұқа мойнын бір-ақ салып, қалай қағып түсіргеніне естері кете таңырқасыпты.

Сэр Генридің бас шапқан жолғы балта сілтесі кукуандар арасында алып күш, ғажайып ерліктің мысалы ретінде “Инкубудің соққысындай” деген мəтелге айналды.

Инфадус бізге Тваланың барлық полктерінің Игнозиге қарағанын жəне Кукуан Елінің түкпір-түкпірінен толып жатқан əскербасылар, көсемдер келіп, жаңа корольдің дəргейіне бас ұрып жатқанын хабарлады.

Тваланың сэр Генридің қолынан қаза табуы елдің бұдан ары толқуына тоқтау сапты. Тақтан тайдырылған корольдің Скраггадан басқа ұлы болмағандықтан, енді Игнозимен таласатын ешбір мұрагер жоқ боп шыққан.

Мен Инфадусқа Игнози таққа жетер жолда сел дария қан ақты дегенді айтып едім, қарт жауынгер немқұрайды қалыпта иығын қиқаң еткізді.



  • Иə, – деді ол.

  • Кукуан халқын тек ауық-ауық аяусыз қан төгу арқылы ғана тыныштықта ұстау мүмкін. Рас, көп жұрт қырғын тапты, бірақ өлгендердің орнында əйелдері қалды. Көп ұзамай-ақ жауынгерлердің жаңа бір ұрпағы өсіп шығып, бүгін соғыста қайтқандардың орнын толтырады. Енді бірталай уақыт ел іші тыныш болмақ.

Сол күні таңертең, Инфадустан соң, бізге аз уаққа Игнози де келіп кетті. Басына гауһар көзді отаға тағынған, қасында қаптаған қошеметші нөкері бар, əміршіге тəн көтеріңкі кеуде, асқақ жүзбен кердеңдей басып келе жатқан Игнозиге қарап тұрғанда осыдан бірнеше ай бұрын ғана Дурбанда бізге қызметшілікке сұранған ұзын бойлы зұлыс есіме түсті. Дүниенің аумалы-төкпелілігі, кейде тағдыр соқпағының қалт бұрылып, етектегі адамды асқарға бір-ақ шығаратыны туралы еріксіз ойладым.

  • Сəлем саған, о, король! – дедім мен орнымнан тұрып.

  • Иə, Макумазан, ақыры король болдым. Жəне осының бəрі үшеуіңіздің оң қолдарыңыздың қайраты арқасында.

Игнози бізге өзінің ісі түзелгенін, бəрі де ретіне кеп жатқанын айтты. Екі жетіден соң дүбірлі мереке өткізіп, халқына көрінбек екен.

Мен одан Гагуланы не істейтіні туралы сұрадым.

– Гагула – біздің елдің албастысы, – деді ол. – Мен оны өлтіртем, онымен қоса дуагер аулаушы изанузилер де тегіс өлтіріледі. Гагула соншама ұзақ жасаса керек, тіпті жасы үлкен кəрілеріміз алғаш көрген кезде дəл осындай кемпір екен. Дуагер аулаушы бақсылардың барлығын арбау өнеріне баулыған сол. Төбеміздегі көк куə, біздің елімізді осыншама қатыгез кейіпке түсірген – Гагула.


  • Əйткенмен ол өте көп біледі, – дедім мен. – Білімді жою оп-оңай. Ал қайта жиып алу қиын.

  • Ол рас, – деді Игнози ойға батқан қалыпта. – Сүлейменнің Даңғыл жолы барып тірелетін, біздің корольдеріміз жерленетін жəне Тұнжырлар отырған Үш Сиқыршы тауының құпиясын тек Гагула ғана біледі.

  • Асыл тастар да сол тауда емес пе? Өзіңнің уəдеңді ұмытпа, Игнози! Сен бізді кен орнына жеткізуге тиіссің. Бұл үшін, тіпті Гагуланың қанын қиюға да тура келуі мүмкін, өйткені қазынаға барар жолды білетін адам сол ғана.

  • Мен уəдемді ұмытқам жоқ, Макумазан. Сенің сөздерің туралы ойланып көрем.

Игнози кеткен соң мен көңілін сұрау үшін Гудқа бардым. Қатты сандырақтап жатыр екен. Жарақат əсерінен пайда болған безгек мүлде күшейіп кетіпті.

Уақыт өткен сайын Гудтың жағдайы нашарлай берді. Тіпті төрт-бес күн бойы мүлде үмітсіз дерлік халде болды. Егер Фулата жан аямай бағып-қағып, қасында отырмаса, оның өліп кетуі де ықтимал еді деп ойлаймын. Терісінің түсі қандай екеніне қарамастан, əйелдің аты əйел ғой.

Мен қара түсті сұлу қыздың безгек буған зағип жанның басында күн- түн демей отырғанына, бейнебір тəжірибелі мейірбан емші сияқты, аурудың қыбын тауып, қапысыз күткеніне сүйсіне таңырқадым. Өзі де əрең қозғалып жүрген сэр Генри екеуміз алғашқы екі түнде ауруды қоса күтіспек болдық, алайда Фулатаға біздің мұнымыз ұнай қоймады; қыздың бізге əрең шыдап жүргенін қабағынан аңдадық. Ақыры сіздер

отырғанда Гуд бұрынғыдан əрмен мазасызданады, ауру жалғыз өзімнің ғана қарауымда болғаны мақұл деп екеумізден де құтылды.

Шынында да, мұнысы дұрыс болды. Күн-түн демей, ұйқы, күлкі көрмей қапысыз күтті. Гудка бір-ақ түрлі дəрі ішкізген. Ол – қызғалдақ баданасының шырыны қосылған салқын сүт еді.

Сондағы өзім күн сайын куə болған сурет əлі көз алдымда. Əлсіз шам жарығы сəулелеген бəлмеде арып-ашыған, жанына жарақат батқан Гуд көздері атыздай боп, қайдағы жоқты айтып сандырақтап, аласұрып төсекте жатады; қасында, еденде, лашық қабырғасына арқасын сүйеп, дене бітімі сымбатты кукуан аруы отырады. Барқыттай майда қара көзді əсем жүзінен қапа мен аяныш ізі анық байқалады. Бəлки, аяныштан гөрі күштірек бір сезім шығар, кім білсін.

Екі күн бойы біз Гуд енді қатарға қосылмас деп ойладық. Өзіміздің крааль ішінде қайғыға бата сенделіп жүрдік те қойдық.

Тек Фулата ғана үмітін үзген жоқ. Өлмейді, өмір сүреді деп талай айтты.

Тваланың лашығының төңірегі үш жүз ярдтан астам жерге дейін құлаққа ұрған танадай тыныштыққа бөленді де тұрды. Корольдің жарлығы бойынша, таяу маңдағы үйлерде тұратын адамдар тегіс көшірілген. Крааль ішінде тірі адам атаулыдан сэр Генри, Фулата үшеуміз ғана қалғамыз.

Бірде түн ішінде (бұл – Гуд ауырғаннан бергі бесінші күн еді) ұйқыға жатар алдында əдетімше сырқаттың хəлін біліп шықпақ болдым.

Аяғымның ұшынан басып ішке кірдім. Еденге қойылған шырағдан жарығы Гудтың денесін басынан аяғына дейін жарық етіп тұр.

Сандырақтамай, аласұрып тыпыршымай, сұлық жатыр екен.

О, фəни жалған! Жүрегім шаншып қоя берді, кеудемнен өксік пен күрсініс аралас дыбыс шықты.


  • Тсс!.. – деген дауыс естілді сол сəтінде құлағыма. Гудтың бас жағынан əлдебір көлеңке қараң еткендей көрінді.

Ептеп жақындап келсем, Гуд өлген жоқ, ауыр ұйқыда жатыр. Сидиған арық, аппақ қолымен Фулатаның сүйріктей саусақтарын қатты қысып ұстап алған. Қатердің беті ары қарады, енді Гуд өмір сүруте тиіс!

Осы бетінде тура он сегіз сағат ұйықтады. Жəне бізге риясыз берілген қыз осы он сегіз сағат бойы оның қасында тапжылмай отырды, оянып кетер деген қауіппен қыбыр еткен жоқ, тіпті Гуд ұстап жатқан қолын да босатып алмады десем, сенемісіздер?

Қыздың осы бір тəулікке жақын уақыт бойына қаншама азап шеккенін кім білсін. Бүкіл денесі ұйып, сіресіп қалса керек. Ас-су татпағаны өз алдына. Ақыры Гуд ауыр ұйқыдан оянған кезде қыз орнынан тұра алмады, тіпті қозғала алмады. Қызметшілер келіп, көтеріп əкеткен.

Сын кезеңі өткен соң Гуд жедел оңала бастады. Фулатаның неше күн бойы оны қалай күткенін, ұйықтаған кезінде оятып алам деген қауіппен он сегіз сағат бойы қимылдаудан қорқып, тапжылмай, төсектің басында отырғанын сэр Генри сонда ғана айтты. Ақ көңіл теңізшінің көзіне жас үйірілген. Қалт бұрылып, Фулата бізге түскі ас дайындап жатқан лашыққа қарай тұра жөнелді (бұл кезде біз өзіміздің əу бастағы үйімізге оралғамыз).

Мені тілмаш ретінде қасына ертіп барды. Бірақ айта кету керек, шет тіл атаулыдан бейхабар, туыстас зұлыс тілінің өзін əрең түсінетін болса да, Фулата əдетте Гудтың айтқан сөзін қалт жібермей, таңғаларлықтай дұрыс ұғатын.


  • Айтыңыз, – деді Гуд, – мен соның арқасында ғана өмірге қайта оралдым жəне мұны ешқашан ұмытпаймын.

Мен бұл сөздерді аударып бердім. Түсінің қаралығына қарамастан Фулатаның қып-қызыл боп кеткені анық байқалды.

Фулата əсем қимылмен қалт бұрылды да (қыз қимылын мен үнемі дала құсының ұшқан кезіндегі қимылына ұқсататынмын), Гудқа өзінің үлкен, қап-қара көздерімен мөлдірей қарады.



  • Мырзам қалай ұмытады: менің өмірімді сақтап қалған оның өзі емес пе еді, ал мен мырзамның қызметшісі емес пе едім?

Бұл жас леди өзін Тваланың қанды тырнағынан босату ісіне сэр Генри екеуміздің де қатысқанымызды мүлде жадынан шығарса керек. Не шара, əйел заты осылай жаратылған! Менің өз əйелім де кезінде дəл осындай мінез танытқан еді.

Айта кету керек, мен үйге ауыр сезім үстінде қайттым: мисс Фулатаның тұманданған көзқарасы маған ұнамаған, өйткені теңізші атаулының махаббатқа тез берілетіні маған ежелден мəлім еді.

Мен бұл фəниде тоқтау салуға ешқандай шара жоқ екі нəрсе барын аштым: зұлыс төбелеспесе тұра алмайды, теңізші ғашық болмаса тұра алмайды.

Гуд пен Фулатаның арасындағы əңгімеден соң бірнеше күн өткенде Игнози ұлы кеңес шақырды. Кукуан елінде “индаба” деп аталатын бұл кеңесте “индундар”, яғни ақсақалдар оны король деп ресми түрде таныды.

Кеңес салтанаты жəне одан соң өткізілген əскер сыны бізге қатты əсер етті.

Əскер сыны кезінде өткізілген үлкен парадқа Сұр сарбаздардан тірі қалған тоқсан бес те қатысты. Твалаға қарсы алапат шайқас кезінде көрсеткен асқан ерлігі үшін оларға бүкіл кукуан армиясының алдында алғыс жарияланды. Король əрбір жауынгердің алдына қаншама мал салды. Өздерін тегіс жаңадан қайта құрылып жатқан Сұр сарбаздар полкінің үлкенді-кішілі əскербасылары етіп сайлады.

Ал Кукуанстанда жүрген шағымызда біз үшеумізге корольге лайық құрметтің барлығы да көрсетілуі қажет екендігі туралы бүкіл елге жар айтылды. Сонымен қатар біздің кімді болмасын өлтіруге, я кешіруге хүкіміміз жүретіні туралы мəлімденді.

Ел-жұрт алдында Игнози бұдан былай тергеу-тексерусіз нақақ қан төгілмейтіні, дуагер аулау салты тоқтатылатыны туралы бұдан бұрын айтқан сөзін тағы да растады.



Мереке аяқталған соң біз король лашығына келіп, Игнозимен оңаша сөйлестік. Даңғыл Жолдың ұшығындағы Сүлеймен кенішінің құпиясын білгіміз келетінін айттық, бұл турасында оның өзінің не естіп білгенін сұрадық.

  • Достарым, – деді ол. – Менің бар білгенім мынау болды. Бізде Тұнжырлар деп аталатын, Твала анада Фулатаны құрбанға шалғысы келген үш алып тас мүсін сол арада тұр. Сол таудағы үлкен үңгірге біздің корольдеріміз жерленеді. Сол жерден өзінен бұрын дүниеден

көшкен корольдермен бірге отырған Тваланың да өлі денесін көруге болады. Бағзы замандарда жасаған адамдар сендер айтқан асыл тастарды іздеп қазған терең құдық та сол арада, Натальда тұрған кезімде естіп ем, дəл осындай құдықтар Кимберлиде бар көрінеді. Сол арадағы Ажал Сарайында құпия қойма бар. Оның жайын тек Твала мен Гагула ғана біледі екен. Бірақ Твала өліп қалды, ал мен қойманың қайда екенін де, не барын да білмеймін. Халық арасында мынадай бір аңыз бар. Баяғыда, осыдан əлденеше ұрпақ бұрын бір адам таудан асып, біздің елге келіпті. Əлдебір əйел оны қоймаға бастап апарып, ондағы жасырын қазынаны көрсетсе керек. Алайда ақ адамның қазынаны иеленуіне əлгі əйелдің опасыздығы бөгет бопты. Сол күні король оның өзін де ел ішінен аластапты, тауға қуып тастапты. Содан бері тірі жан қоймаға аяқ баспаған.

  • Бұл шынында да солай болса керек, Игнози. Біз таудан қатып қалған ақ адамды көрдік қой, – дедім мен.

  • Иə, көрдік. Енді былай. Мен уəде бердім ғой, егер құпия қойма табылса жəне ол қоймада шынында да асыл тастар бар боп шықса...

Мен Игнозидің сөзін бөлдім.

  • Асыл тастар бар. Сенің маңдайыңдағы алмас отаға бұған айқын дəлел, – дедім анада өзім Тваланың маңдайынан жұлып алған үлкен гауһарды көрсетіп.

  • Ықтимал, – деді ол. – Егер қоймада асыл тастар бар болса, көтергендеріңше алып кетесіңдер, бауырларым. Əрине, егер шынымен-ақ мені тастап кетуге бекінсеңдер.

  • Алдымен құпия қойманың өзін іздеп табу қажет, – дедім мен.

  • Қойманы сендерге бір-ақ адам көрсете алады – Гагула, – деді Игнози.

  • Көрсеткісі келмесе ше?

  • Онда өлімге кесіледі, – деді Игнози сұрланып. – Мен оның өмірін тек осы үшін ғана сақтап қалдым. Асықпаңдар. Өмір сүру ме, əлде өлу ме

  • өзі таңдасын.

Игнози қызметшілерінің бірін шақырып алды да, Гагуланы əкелуге бұйырды.

Бірнеше минуттан соң, үйге өзін қолтықтай сүйрелеген екі жасауылды түгін қоймай қарғап-сілеп кəрі мыстан да келді.



  • Жүре беріңдер, – деді король жасауылдарға. Жасауылдар шыққан бетте Гагула жерге құлай кетті.

Жыланның көзіндей ызбарлы, жарқ-жұрқ еткен екі көзі болмаса, адам емес, шоқпыт шүберектердің үйіндісі тəрізді.

  • Маған не істемексің, Игнози? – деді кəрі мыстан шар-шар етіп. – Қастандық жасаймын деп ойлама! Егер маған тиіспек болсаң, тұрған орныңда жоқ етем! Қорық менің сиқырымнан!

  • Сенің сиқырың Тваланы сақтап қала алмады, кəрі құзғын, енді маған да ешқандай зиянын тигізе алмайды, – деді Игнози. – Тыңдап ал, маған керегі мынау: сен жалтыр тастар тығылған құпия қойманы көрсетесің!

  • Ха-ха-ха! – кəрі мыстан қарқылдап күлді. – Қойманың қайда екенін ешкім де білмейді, ал мен саған ештеңе айтпаймын. Мына ақ адамдар құр қол қайтады.

  • Сен маған бəрін де айтасың. Мен саған бəрін де айтқызам!

  • Қалай айтқызасың, о, король? Сен ұлысың, сен күштісің, бірақ айтқысы келмеген сөзді əйелдің аузынан қалай шығармақсың?

  • Бұл оңай емес, бірақ мен амалын табам.

  • Қалай амалын табасың, о, король?

  • Егер құпияны ашпасаң, азап үстінде өлесің.

  • Өлемін? Кемпір бір жағы қорқыныш буып, бір жағы ашу қысып, бақырып жіберді. – Маған тиісуге қалай ғана батылың барады! Əй, пендем! Сен менің кім екенімді білемісің? Мені неше жаста деп ойлайсың? Мен сенің əкеңді көрдім, əкеңнің əкесін, оның əкесін, оның əкелерін көрдім. Елдің жас кезінде мен бар едім, осы арада тұрып, осы арада өмір сүріп жатқам, енді ел қартайған кезде де бұрынғыша ғұмыр кеше бермекпін. Мен өлмеймін, мəңгі жасаймын. Мені əлдекімдер кездейсоқ өлтіріп қалуы мүмкін, бірақ əдейі өлтіруге ешкімнің де батылы бармақ емес!

  • Бəрібір мен сені өлтірем. Тыңда, зұлымдық анасы Гагула! Сенің қартайғаның соншалық, өмірден де əбден жеріп бітсең керек. Аузыңда бір тіс жоқ, басыңда бір тал шаш жоқ, тіпті адам бейнесінен айрылған, бойында тек зұлымдық пен қасастық сезімі ғана қалған сен сияқты кəрі мыстан өмірден енді не қызық көрмек? Егер сені өлтірсем, ол саған жасалған үлкен жақсылық болар еді.

  • Ақымақсың! – деді кемпір тағы да шар-шар етіп. – Қарғыс атқан ақымақ! Жастардың ғана жаны тəтті деп ойлайсың ба? Онда сен адам жүрегі туралы ештеңе білмегенің. Жастар кейде өлімнің өзін қуанышпен қарсы алады, өйткені олардың бойында асау сезім бар.

Олар сүйе алады, азап шеге алады, ғашығынан айрылған сəтте өмірдің бар қызығы таусылғандай көреді. Ал кəрілердің бойындағы сезім ада болған, олар сүйе алмайды; олар азапты көрсе – ха! ха! – азапты көрсе масайрайды, өлімді көрсе қуанады. Ха-ха! Аспан астын жайлаған зұлымдыққа куə болса, көкірегін шаттық кернейді. Олар ұнататын, олар сүйетін жалғыз-ақ нəрсе бар, ол – жылы күн, хош иісті ауа, яғни өмір! Олар суықтан қорқады, түнектен қорқады. Ха-ха-ха! Қарқ-қарқ күлген кəрі мыстан күлкіге булығып, еденде домалап қалды.

  • Тоқтат, ысылдап, шырылдағаныңды! – деді Игнози ызаланып. – Жауап бер сөзіме! Асыл тастар тығылған жерді көрсетесің бе, жоқ па? Егер көрсетпесең, өлесің жəне қазір өлесің!

Сөйдеді де, найзасын ала сап, Гагулаға төніп келді.

  • Мен сендерге ол жерді көрсетпеймін! Ал мені өлтіруге сенің дəтің шыдамайды! Батылың бармайды! Мені өлтірген адамды мəңгі бақи қарғыс атады!

Игнози найзасын жайлап төмен түсірді. Сүңгінің ұшы шоқпыт үйіндісіне тірелді. Гагула бақыра айқайлап атып тұрды, содан соң қайтадан құлай кетіп, еденге домалай бастады.

  • Көрсетейін ол жерді! Көрсетейін! Тек мені өлтіре көрме! Тек шуаққа қыздырынып отыруға, бір жапырақ тəтті етті талғажау етуге мүмкіндік бер, өлмейін, өмір сүрейін. Мен саған бəрін де көрсетем.

  • Жақсы. Сенің ақылыңды енгізетін амалды дəл тапқан екем. Ертең Инфадуспен жəне менің ақ түсті бауырларыммен бірге сол жаққа аттанасың. Мені алдаймын деп ойлама, онда азап үстінде өлесің.

Айттым бітті.

  • Мен алдамаймын, Игнози. Мен əманда өз сөзімде тұрам. Ха! Ха! Ха! Баяғыда, бағзы заманда бір əйел бұл қойманы əлдебір ақ адамға көрсеткенінен не шықты дейсің ғой? Ақ адамның соры қайнады. Бұл сөздерді айтқанда кəрі мыстанның ызбарлы көздері жайнап кетті. – Сол əйелдің аты да Гагула еді. Бəлки, сол əйел – мен болармын, ə?

  • Өтірік айтасың! – дедім мен. – Одан бері он ұрпақтың өмірі өтті.

  • Мүмкін, əбден мүмкін. Соншама ұзақ өмір сүрсең, қай уақта не болғанын өзің де ұмытып қаласың. Бəлки, бұл хикаяны маған анамның анасы айтып берген шығар, бірақ сол бір əйелдің аты Гагула болғанын мен анық білем. Ұмытпаңдар! – деді ол бізге қарап.

  • Жылтырақ ойыншықтар сақталған жерден ешкі терісінен тігілген, ішіне асыл тастар толтырылған қап көресіңдер. Бұл қапты сол ақ адам толтырған, бірақ өзімен бірге əкете алмаған. Соры қайнады дедім ғой, соры қайнады. Бəлки, бұл туралы маған анамның анасы айтқан шығар... Біздің сапарымыз көңілді болады: жол бойы соғыста қаза тапқандардың өлігін көреміз. Олардың көзін қарға шұқып, сүйектерін ит-құс мүжіп жатыр. Ха! Ха! Ха!


  1. тарау АЖАЛ САРАЙЫ

Алғы тарауда баяндалған əңгімеден соң үш күн өткенде, кешқұрым, біз Сүлеймен патшаның Даңғыл Жолының ұшындағы Үш Сиқыршы деп аталатын үш айыр таудың етегіне орналасқан шағын краальге қоналқаға тоқтадық. Жанымызда бізге Гуд үшін ерген Фулата, Инфадус, Гагула жəне бір топ қызметшілер мен жасауылдар бар.

Қызметшілер Гагуланы шатырлы зембілге салып, көтеріп алып жүрген еді. Жол бойы бізді қарғап-сілеумен болды.

Тау, дəлірек айтсақ, сірə, белгілі бір геологиялық құбылыс нəтижесінде бір мезгілде пайда болған биік үш шоқы үшбұрыш тəрізді қоралана біткен екен. Біз тура кіреберіс қақпада тұрмыз: бір биік оң жақ қапталда, екінші биік сол жақ қапталда, ал үшінші, ортаңғы биік қарсы бетте.

Ертеңіне таңертең біздің алдымыздан айқара ашылған көріністі ешқашан ұмытпаспын. Бастарына ақ қалпақ киген, ұшар биігін күн сүйген үш сеңгір көкке тіреле асқақтап тұр. Қарлы алқаптан төменгі, сыңси арша өскен белдеу жасыл барқынданып көрінеді. Еңіспен астасқан тау етегі де жасыл түсті.

Қарсы алдымызда аппақ ақ жолақ боп Сүлеймен патшаның Даңғыл Жолы жатыр. Бізден бес мильдей жерде тұрған ортаңғы биікке өрлей бере кілт үзіледі екен. Жол ұшығы да осы көрінеді.

Сол күні ертемен жолға аттанған сəтте бойымызды билеген сезімді сөзбен сипаттап жеткізу қиын. Біздің қандай күйде болғанымызды оқушымның өзі-ақ шамалар. Ойлап көріңіз, біз ақыры, бүдан үш жүз жыл бұрын кəрі португалдың, содан соң оның бейбақ ұрпағының қайғылы қазаға ұшырауына жəне біздің ойымызша, сэр Генридің інісі Джордж Куртистің де опат табуына себепкер болған ғажайып кен орнына қол созым ғана жерде тұрмыз.

Басымыздан қаншама хикмет өткердік, қаншама михнат шектік, тағы не күтіп тұр бізді? Сендерден бұрынғылардың бəрі бақытсыздыққа ұшырады деді кəрі мыстан Гагула. Біз де сол кепті киіп жүрмейміз бе? Қайткенде де, Даңғыл Жолдың бітер тұсындағы ең соңғы шақырымдарды жүріп өту үстінде менің бойымды əлдебір тылсым үрей басты да тұрды. Гуд пен сэр Генри де дəл осы сезімде болды ғой деп ойлаймын.

Екі өңірін арша көмкерген қара жолмен бір жарым сағаттай жүрдік. Əуелде бойды билеген толқыныс əсерінен асыға, аптыға жүргеніміз соншалық, соңымызда Гагуланы зембілге салып əкеле жатқан кісілер бізге əрең ілесіп отырды. Кенет Гагуланың өзі біздің тоқтауымызды талап етіп, шəңкілдеп айқайлап қоя берді.



  • Жайырақ жүріңдер, ақ адамдар! – деді қышқырып, адам көргісіз, быжыр-тыжыр басын перде астынан қылтитып, өзінің шырадай жанған отты көздерімен бізге қадала қарап. – Қапысыз өлімге қарай сонша асыққандарың не, қазына іздеушілер!

Сөйдеді де, өзінің əдепкі, қорқынышты күлкісімен шиқылдап кеп күлді. Менің төбе құйқам шымырлап кеткен.

Бұл күлкі біздің қызу көңілімізді су сепкендей басты. Алайда біз бөгеліссіз алға қарай жүре бердік.

Ақыры тереңдігі үш жүз футтай, аумағы жарты мильден астам, қабырғалары түйетайлы, дөп-дөңгелек, үлкен шұңқырға келіп тірелдік.


  • Əрине, мұның не екенін өздеріңіз де аңдаған боларсыздар, – дедім алып воронка тəрізді шұңқырға таңырқай қарап тұрған сэр Генри мен Гудқа.

Екеуі де бастарын шайқады.

  • Осыдан-ақ сіздердің Кимберлидегі алмасты кен орнын көрмегендеріңіз аңғарылады. – Күмəндарыңыз болмасын, Сүлеймен патша асыл тастар іздеген кеніш осы, – дедім де, шұңқыр қабырғасын жапқан қалың бұта мен шөп арасынан əр жерден сығалаған, қатып қалған көкшіл батпақ ізін көрсеттім.

  • Мынау əдепкі геологиялық түзіліс. Егер шұңқырдың түбіне түссек, кимберлит магмасы немесе алмасты брекчия1 бар тастарды өз көзімізбен көрер едік. Ал енді мына жаққа қараңыздар. Мен көне су құбырының орнынан төменіректе, шұңқырдың түйетайлы қабырғасында жымдастыра қаланған жалпақ тастарды нұсқадым. – Егер осы жалпақ тастар бір заманда кенді жууға пайдаланылмаған болса, мүрдем кетейін.

Кəрі португалдың картасында “Кеніш” деп белгіленген осы алып шұңқырға жеткен кезде Сүлеймен патшаның Даңғыл Жолы қақ жарылып, оны айнала құрсайды екен, Шұңқырдың дəл іргесімен жүріп өтетін жол жиектей көмкеріліп, таспен шегенделіпті. Сірə, кен қазған шұңқырдың қабағы ішіне опырылып түсе бермес үшін жасалған амал.

Шұңқырдың қарсы бетінде андағайлап тұрған үш алып мүсіннің не екенін тезірек білмек боп, жіті адымдап, жолға түстік. Анадайдан-ақ бұл – əлдеқандай пұт құдайлар болар деп шамалап едік, қателеспеппіз: бүкіл кукуан халқы бас ұра қорқатын үш Тұнжыр осы екен. Алайда Тұнжырлардың айбары мен айдынын дəл түбіне келгенде ғана нақ таныдық.

Қара жартастан қашалған алып тұғыр үстінде Луу мен екі ортадағы алпыс мильдей кең жазыққа бет бере, бір-бірінен жиырма қадамдай аралықта үш алып мүсін отыр. Мүсіндердің əрқайсысының биіктігі он сегіз фут шамасында. Астарындағы тұғырда қашалып жазылған түсініксіз таңбалы жазу бар.

Мүсіндердің бірі жалаңаш əйелді бейнелейді екен. Аса сұлу, сонымен қатар өте қарапайым жасалған. Өкінішке қарай, əлденеше ғасыр бойы жел өтінде, күн бетінде тұрғандықтан, бет бедері көмескіленген. Екі жақ шекесіндегі жаңа туған ай орағы ғана анық танылады.

Əйел мүсінінің екі жағындағы екі еркек желбегей киімшең бейнеленіпті. Бұлардың түр-тұлғалары жан шошырлық еді. Əсіресе оң жақтағысы. Нағыз дию-перінің өзі дерлік. Ал сол жақтағы мүсіннің бет-бейнесінен сабыр мен байсалдылық көрініс тапқан. Əйткенмен соның өзі көңілге қорқыныш ұялатарлықтай. Əщады қаталдық танылады. Бұл, сэр Генридің сөзімен айтқанда, қадым заман адамдарының қиялы тудырған, қайырымды істер жасау қолынан келетін, алайда адам атаулының басына түскен азапқа рақаттана қарамаған күннің өзінде, немқұрайды қарайтын құдіретті мақұлықтарға тəн əщады қаталдық еді. Биікте тұрып алып, төменде керіліп жатқан алапқа сан ғасыр бойы тапжылмай қарап отырған үш мүсін, шынында да, адамның көңілінде қатерлі үрей туғызарлықтай.

Кукуан жұрты Тұнжырлар деп атайтын мүсіндерге қарап тұрғанда осы алып пұттар қандай адамдардың қолынан шықты, жолды салған, кенді қазған кім деген сауалдар біздің көңілімізге маза бермеді. Кенет менің ойыма мына бір жайт орала кетті (мен “Көне өсиетті” жақсы білем ғой). Сүлеймен өз дінінен бас тартып, жат жұрттық құдайларға табынған. Бұл құдайлардың ең басты үшеуінің аты есімде қалыпты.

Олар: сидондықтардың əйел құдайы Ашторет, моабиттер құдайы Чемош жəне Аммон ұрпақтарының құдайы Мильком.

Алдымызда биік тұғырда отырған үш пұт осы үш жалған құдайды бейнелеуте тиіс деген пікірді серіктеріме айттым.



  • Бəлки, бұл сөз шындыққа кеп те қалар, – деді ой үстінде тұрған сэр Генри. Ол өте білімдар, колледжде оқып жүрген кездің өзінде классиктерді тану, игеру жолында үлкен нəтижеге жеткен адам еді. – Көне жөйіттердің Ашторетін Сүлеймен заманында ірі сауда ұйытқысы болған финикиялықтар Астарта деп атаған. Кейін гректер Афродитаға айналдырып əкеткен Астарта ай орағына ұқсас қос мүйізді кейіпте бейнеленген. Ал мына əйел мүсінінің басынан қос ай орағы анық көрініп тұр. Бəлки, бұл алып пұттар осы кен орнын басқаратын

финикиялық əлдебір ұлықтың жарлығы бойынша жасалған шығар. Кім білсін!

Біз қадым заманнан қалған осы ғажайып ескерткіштерді тамашалап тұрған кезде қасымызға Инфадус келді. Алдымен Тұнжырларға қарап, найзасын көтеріп сəлем берді, содан соң ғана бізге бұрылып, Ажал сарайына осы қазір кіремісіңдер, жоқ əлде кейінірек, түскі астан соң енемісіңдер деп сұрады. Егер осы қазір барғымыз келсе, Гагуланың жол көрсетуге əзір екенін айтты.

Бұл кезде сағат он бір де болмаған, əрі əуесқойлық сезімі көңілімізді кернеп бара жатыр, сондықтан тап қазір, аялдамастан жөнелейік дестік.

Алда-жалда үңгір ішінде бөгеліп қалсақ, керек болар деген оймен мен аз ғана тамақ ала жүру қажетін айттым. Зембілмен Гагуланы əкелді; құрметті ханым біздің жолға қалай əзірленгенімізге қарап отырды.

Бұл екі ортада Фулата менің өтінішім бойынша қамыс себетке аз ғана сүр ет, су толтырылған екі қауақ салып алды.

Пұт құдайлардың артында елу қадамдай жерде биіктігі сексен футтай тіп-тік құз жартас тұрған. Жоғары өрлеген сайын құйымшақтана беретін бұл жартас үш мың фут биікте төбемізден төніп тұрған ақ қар, көк мұзды сеңгір шыңның табалдырығы іспеттес еді. Зембілден түсе салысымен Гагула бізге қарап кекесінмен күлді де, таяғына сүйеніп, осы жартасқа қарай шоқалақтап ілби жөнелді. Біз соңынан ердік.

Көп ұзамай, құздың астындағы, шахтаға кіретін қақпа тəрізді, арқалығы таспен шегенделген тар есікке жеттік.

Бізді күтіп тұрған Гагуланың жүзіндегі манағы ызалы күлкі əлі тарқамапты.



  • Ал, жұлдыздан түскен ақ адамдар, – деді ол шəңгірлеп, – ұлы жауынгерлер Инкубу мен Бугван жəне дана Макумазан, əзірмісіңдер? Көріп тұрсыңдар ғой, өзімнің əмірші ием корольдің жарлығы бойынша, сендерге жалтыр тастар жиналған қазынаны көрсетуге дайынмын.

  • Біз əзірміз, – дедім мен.

  • Жөн! Жөн! Көрмек хикметке шыдаймын десеңдер, буындарыңды бекіте түсіңдер. Өзінің мырзасын сатқан Инфадус, сен де бізбен бірге жүремісің?

Инфадус қабағын түйді.

  • Жоқ, мен бармаймын, – маған онда кіруге жол жоқ. Бірақ сен, Гагула, тіліңді тарта сөйле. Жəне менің əмірші иелеріме зиянкестігіңді тигізем деген ойдан аулақ бол. Егер олардың бір тал шашы түссе, басыңмен жауап бересің. Сиқыршы болмай сайтан боп кет, Гагула, азап үстінде өлесің. Естідің бе, менің не айтқанымды.

  • Естідім, Инфадус. Мен сені жақсы білем. Сен əуелден мақтанып сөйлегенді тəуір көресің. Бала кезіңнің өзінде туған анаңды қалай қорқытқаның есімде. Бұл – күні кеше ғана болған оқиға. Бірақ қорықпа, қорықпай-ақ қой, мен корольдің жарлығын орындау үшін ғана өмір сүріп отырмын. Мен, Инфадус, талай корольдің жарлығын орындадым, бірақ түптің түбінде олардың барлығы да менің жарлығымды орындауға көшті. Ана жаққа сол корольдердің түрін көру үшін жəне Тваланың бетіне тағы бір рет қарау үшін кетіп барам.

Жүріңдер, жүріңдер! Міне, шам! Гагула өзінің тері желбегейінің астынан ішіне май толтырылған үлкен қауақ суырып алды.

Шырағданның білтесі қамыс талшығынан жасалған еді.



  • Бізбен бірге жүремісің, Фулата? – деп сұрады Гуд өзінің адам естігісіз сорақы кукуан тілімен. Кукуан тілін осы жас ледидің басшылығымен үйреніп жүр еді, бірақ əзірге жетіліп кеткені шамалы- тын.

  • Мен қорқамын, мырзам, – деді қыз жасқаншақ үнмен.

  • Онда себетті маған бер.

  • Жоқ, мырзам. Сен қайда барсаң, мен де сонда барам. “Шынында да барасың, сайтан алғыр, – деп ойладым

мен. Жəне соның нəтижесінде басымыз бір бəлеге шатылады, əрине, бұл жақтан аман-сау кете алсақ”.

Гагула бұдан ары бөгелместен, қатар жүрген екі адам сиярлықтай, қап- қараңғы қуысқа еніп кетті. Шəңкілдеп айқайлап, бізді соңынан еруге

шақырды. Аз-маз абдыраған қалыпта біз де ішке кірдік. Дауыс шыққан жаққа қарай келеміз. Кенет бізден шошып үріккен əлдебір нəрселердің қанатының суылы естілді, бұл – көңіл орнықтырардай жақсы жоралғы емес еді.


  • Хэлло! Бұл не? – деді Гуд дауыстап. – Əлдекім мені бетімнен тартып жіберді.

  • Жарқанаттар, – дедім мен. – Алға қарай жүре беріңіз! Арада елу қадамдай жүргеннен кейін үңгіріміздің сəулелене бастағанын аңдадық. Енді бірер минуттан соң біз бұрын-соңды тірі жан көрмеген ғажайып жерден барып шықтық.

Оқушым өзі көрген ең үлкен ғибадатхананың ішкі жайын есіне түсірсін. Сонда ғана біз тап болған алып үңгір туралы аз-маз елес ала алады. Əлемдегі ең ұлы архитектор – табиғаттың өзі жасаған бұл ғажайып ғибадатхана бұрын-соңды адам атаулының қолынан шыққан ғибадатханалардың қандайынан болмасын еңселі де, кең де еді. Терезе жоқ, бірақ жоғарғы жақтан əлдеқайдан болмашы жарық түсіп тұр.

Сірə, бізден жүз футтай биікте тұрған төбеде таудың сыртқы бетімен жалғас кен алынған қуыстар болса керек, ауа сол қуыстардан келіп тұр ма дедім.

Алайда үңгірдің үлкендігі мұндағы біздің көзіміз шалған ғажайыптардың ішіндегі ең елеусізі боп шықты.

Үңгірдің ұзына бойына созылып, қатар-қатар алып бағандар тұр. Бейне мұздан қашалғандай. Шындығында, бұл – алып сталактиттер1 еді. Аппақ бағандардың ғажайып көркін, асқақ сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Кейбіреулерінің жербасар диаметрі жиырма футқа тарта бар. Төбеге тіреле аспандап тұрған бағандар əлі түзіліп бітпеген екен. Сэр Генридің сөзімен айтқанда, олар қирап қалған көне грек ғибадатханасының бағандарындай көктен шолтия салбырап, сүңгі-сүңгі боп бозамықтанып тұр.

Біз осы ару да асқақ көрініске сұқтана таңырқап қана қойғамыз жоқ, бағандардың қалай түзілетінін көзбен көріп, құлақпен естігендей де болдық. Анда-санда биік төбеде тұрған ақ сүңгіден тырс етіп тамған тамшы дыбысы естіледі; тамшы тұпа-тура төменде, тас еденде тұрған

бағандардың бірінің үстінен түседі. Кейбір бағандарға əрбір екі-үш минут сайын бір тамшы тамады екен. Міне, дəл осы қарқынмен арада қанша уақыт өткен соң биіктігі сексен фут, ені он футтық баған пайда болатынын есептеп көрсе.

Бұл процестің қаншама баяу жүріп, қаншама ұзақ уақытқа созылғанын аңдау үшін мына бір мысалдың өзі жеткілікті болса керек.

Бағандардың бірінен дөрекі қолмен мумия қашалыпты. Басында пұт құдай отыр. Ал мұның қадым заманда осы кен орнында істеген жұмысшылардың бірінің қолынан шыққан египет құдайы екені анық танылады. Белгісіз мүсінші бұл көркем шығарманы кісі бойы, яғни бес футтай биіктіктен қашаған екен. Сірə, табиғат туғызған шедеврдің бір пұшпағына жармасып, өз атын тарихта қалдырғысы келген сандалбайлар көне заманғы финикия жұмысшысынан қазіргі заманғы ағылшын баласына дейінгі аралықтағы барлық уақытта да мол болған- ау. Алайда бұл бейнені көрген кезде, яғни алғаш қашағаннан кейін үш мың жылдай уақыт өткенде бағанның биіктігі небəрі сегіз-ақ футқа жеткен екен, ал түзілу процесі əлі аяқталмапты; яғни известь текті баған мың жылда жалғыз-ақ фут немесе жүз жылда бір дюймнен сəл ғана артыққа биіктеген. Біз мұны бағанның түбінде, бірқалыпты, баяу тамған лай тамшының дыбысына құлақ түре тұрып есептеп шығардық.

Кей араларда, əсіресе, төбеден тамған тамшылар əр жерге бір түскен тұстарда сталагмиттер1 неше түрлі түрге еніпті. Мəселен, салмағы жүз тоннадан кем соқпайтын шоңғал сталагмит шіркеу мінберіне ұқсайды екен, əрі өзінің сырты шілтерге ұқсас өрнекпен безендірілген. Енді бір шоңғалдар əлдебір ғажайып хайуанаттар бейнесі тəрізді. Ал үңгірдің қабырғалары бейне піл сүйегімен өрнектелгендей; терезеге қырау тұрған кезде пайда болатын əшекей іспеттес əртүрлі суреттерден көз тұнады.

Ортаңғы бас ғимараттан тармақ-тармақ боп, толып жатқан үлкенді- кішілі үңгірлер тарап жатыр. Сэр Генридің сөзімен айтқанда, үлкен ғибадатханаға жалғас шағын мұнараларға өтетін қақпа тəрізді.

Бұлардың кейбіреулері əжептəуір үлкен, енді біреулері құртақандай екен, бірақ бəрі де табиғат шебердің қолға алған ісін аумақ, мөлшеріне қарамай үнемі біркелкі əрі тыңғылықты атқаратындығының куəсі тəрізді. Бір кішкентай үңгірдің үлкендігі қуыршақ үйшіктей ғана

көрінді, алайда соның өзі алып ғимараттың архитектуралық моделі дерліктей: оның да төбесінен су тамшылауда, оның да төбесінде кіп- кішкентай болғанымен, кəдімгі сүңгілер салбырап тұр, кəдімгідей ақ шпат бағандар түзіліп жатыр.

Өкінішке қарай, бұл ғажайып сұлулықты көңіл қалауынша бажайлай тамашалауға уақыт тапшылық жасады. Өйткені сталактиттерде ешқандай шаруасы болмаған Гагула өзіне жүктелген істен мүмкіндігінше тезірек құтылуға асықты. Мұнысы менің жыныма тиген. Егер мүмкін болса, үңгірге жарық қалай түседі, бұл – табиғи нəрсе ме, əлде адам əрекетінің нəтижесі ме, егер дəл осылай болса, бұл қайтіп жүзеге асырылған – міне, осының бəрін білуге қатты құмартқам. Амал не, сəті түспеді. Əйткенмен біз өзімізді толғантқан жайттарға қайтар жолда əбден қанығармыз деген ойды көңілге медеу тұттық та, құбыжық серігіміздің соңынан ердік.

Ал ол болса алға қарай жүре берді, жүре берді. Тұнжырай түнерген кең үңгірдің түкпіріне қарай беттеп келеміз. Бұл арада біз екінші бір есікке тап болдық. Ол алғашқы есік сияқты арқалықты, кең емес екен. Египет ғибадатханаларына кірер есік сияқты төртбұрыштап ойылған.



  • Ажал Сарайына енуге əзірмісіңдер? – деп сұрады Гагула. Сірə, бізді үрейлендіріп алмақ ниетпен берілген сауал.

  • Баста бізді, Макдуф1, – деді Гуд салтанатты үнмен, өзінің ештеңеден именбейтінін білдіргісі кеп.

Біздің бəріміз де ештеңеден сескенбеген, самарқау қалып танытуға тырыстық. Тек Фулата ғана қорғаныш іздегендей, Гудтың қолына жармасып алған.

  • Үрейім ұшыңқырап тұрғаны, – деді сэр Генри, үңірейген қап-қараңғы есікке қарап. – Алға жүріңіз, Куатермэн: seniores priores2. Құрметті леди күтіп қалмасын.

Сөйдеді де, сыпайы қимылмен маған жол берді. Əрине, мұнысы үшін дəл осы сəтте мен оған іштей рахмет айта қойғам жоқ.

Тық-тық! Бұл Гагуланың қолындағы таяқтың еденге тиген дыбысы. Кəрі мыстан түнере күліп, шойнаңдап, қап-қараңғы қуысты бойлай, алда кетіп барады. Əлдебір бақытсыздықтың боларын сезінгендей, бойымды үрей буып, кібіртіктей бердім.



  • Достым, именбей алға басыңыз, – деді Гуд. – Əйтпесе өзіміздің жолбасшы аруымыздан айырылып қалармыз.

Бұл ескертпеден кейін аяқ алысымды тездеттім. Жиырма қадамдай жер жүрген соң ені қырық фут, көлденеңі мен биіктігі отыз футтай қапас үңгірден келіп шықтым. Сірə, қадым замандарда адам қолымен қашалып үңгілген сияқты. Бұл үңгір жаңа ғана біз басып өткен алып сталактит үңгірімен салыстырғанда əжептəуір қараңғы екен.

Ішке кірген бетте алакөлеңке жарықта бар аңғарғаным – үңгірдің ұзына бойына созылған үлкен тас тақта болды. Тақтаның ең төргі басында алып тұлғалы аппақ бірдеңе көрінеді. Дəл осындай аппақ, бірақ көлемі шағын əлденелер тақтаны жағалап, ұзыннан-ұзақ тізіліп отыр. Содан соң мен тақтаның қақ ортасында əлдеқандай қоңырқай нəрсе жатқанын аңдадым.

Бұл екі ортада менің көзім қараңғылыққа үйреніп қалған еді. Мына аппақ бірдеңелердің не екенін анық танығаным. Сол сəтінде-ақ бұрыла сала аяғым аяғыма тимей тұра қаштым.

Айта кету керек, мен талай қысталаңды көрген, жүйке тамырлары берік адаммын. Оның үстіне жоқты-барға, ырым-жырымға да сенбеуші ем, өйткені өз өмірімде былық-шылық нанымдардың жаңсақтығына талай рет көзім жеткен. Əйткенмен дəл осы сəтте көрген нəрсемнің қорқыныштылығы соншалық, егер жолда кездескен сэр Генри жағамнан ала кетіп, жібермей ұстап қалмаса, арада бес-он минут

өтпей-ақ сталактит үңгірінен аулағырақ жерде тұратын едім. Кимберлидің барлық асыл тасына ие бола кетесің десе де, мұнда қайтып оралмас ем. Алайда сэр Генри мені тарпа бас салып, мықтап ұстап алғандықтан, бұл ойым жүзеге аспады.

Кетер сəтте көзі қараңғылыққа үйренген сэр Генридің өзі де менің кебімді кигендей болды: мені қоя берді де, маңдайынан шып-шып шыққан суық терді сүртіне бастаған. Гудқа келсек, ол сыбырға жақын үнмен не түрлі балағат сөзді сықпыртып жатыр, ал Фулата баж етіп, оның бауырына тығылған еді.

Тек Гагула ғана кейде қарқылдап, кейде қиқылдап-шиқылдап, тынымсыз күлумен болды.

Шынында да, біз тап болған көрініс жан шошырлық еді. Ұзын тас тақтаның қақ төрінде биіктігі он бес футтай алып қаңқа кейпінде Ажалдың өзі отырған. Жоғары көтерілген ақсөңке жілікті оң жақ қолына үлкен ақ найза ұстаған. Енді болмаса жіберіп қалатындай. Екінші қолымен тас тақтаға сүйеніп, жаңа ғана орнынан көтеріле берген күйде. Ақ қаңқа алға қарай емініңкіреп тұр. Бунақ-бунақ мойнында нық тұрған, жалт-жұлт еткен аппақ бас сүйегі төмен қарай еңкейе біткен. Үңірейген көз ойығы бізге қадала қарап, өңменімізден өтіп барады. Жақ сүйектер сəл-пəл ғана ашылыңқы, ақырып жібергелі тұрғандай.



  • О, тəңірім! – дедім мен ақыры даусым əрең шығып. – Бұл не?

  • Ал мынау нендей мақұлықтар? – деп сұрады Гуд тас тақтаны жағалай алқа-қотан тізілген топты сілтеп.

  • Ал анау не нəрсе? – деді сэр Генри толқыған дауыспен, тақтаның үстінде отырған қоңырқай махлұқатты көрсетіп.

  • Хи-хи-хи! – деді Гагула шиқылдай күліп. – Ажал сарайына енген жанның ажалы тақау! Хи-хи-хи! Ха-ха-ха! Бері жақында, Инкубу, кешегі соғыста жанкештілігіңді көрсетіп ең, бұл жолы да именбе, кел, өзің өлтірген адамды көр!

Кемпір өзінің сүйектері арбиған қолдарымен сэр Генриді жеңінен ұстай алып, алға қарай сүйреді.

Біз де бұлардың соңынан ердік.

Кенет кемпір қалт бөгелді де, тақта үстінде отырған қоңырқай нəрсені нұсқады. Сэр Генри қадала қарады да, оқыс даусы шығып, кейін шегініп кетті. Оның бұлай шошуының жөні бар еді; тақта үстінде кукуан жұртының соңғы королі Тваланың өлі денесі отырған.

Ол анадан жаңа туғандай тыр жалаңаш екен, ал сэр Генри айбалтасымен шауып түсірген басы тізесіне қойылыпты. Өліктің бүкіл денесін шыны іспеттес ақшыл қабық бүркегені байқалады, осының нəтижесінде мəйіттің түрі жан шошырлық боп көрінеді.

Əуелде біз бұл қабыршақтың қайдан келгенін біле алмадық. Бірақ аздан соң төбеден тырс-тырс етіп, тынымсыз су тамшылап тұрғанын

аңдадық. Тура өліктің мойнына тамшылаған су бүкіл денені қуалай келіп, тақтаның бетіндегі тесік арқылы жерге ағып кетіп жатыр. Сонда ғана істің мəнін түсіндім: Тваланың денесі сталактитке айналуға тиіс.

Осы үрейлі тақтаны қоршалай, тас үстінде отырған бейнелерге бажайлай қарап, өз болжамымның дұрыстығына көзім жетті. Сөз жоқ, мұның бəрі – адам денесі, дəлірек айтсақ, қазір сталактитке айналған, бағзы замандағы мəйіттер еді. Яғни кукуандар естен кеткен қадым дəуірлерден бері өздерінің корольдерінің денесін тасқа айналдырып, мəңгі бақиға сақтап отырыпты.

Мəйітті петрификациялау1 əдісінің мəні неде екенін біле алмадым. Бəлки, өлікті су тамшылап тұрған жерге қойғаннан басқа ешқандай амал қолданылмауы да. Əйтеуір үстелді алқалай отырған, сыртын тас қабыршақ жапқан мəйіттер мəңгі бақи бұзылмай сақталуға тиіс.

Мұз сияқты мөп-мөлдір шпаттан киген кебін ішінде түр-тұлға, бүкіл денесі бұлдырап көрінетін, бір кезде патшалық құрған, енді мəңгілік тасқа айналып, алқа-қотан отырған топтың сыртқы көрінісі жан шошырлық еді.

Өліктердің ұзын саны жиырма жеті екен. Ең шетіндегі – Игнозидің əкесі көрінеді. Ажалдың өзі төраға болған тас тақтаның басында кекірейіп отыр бəрі де. Өліктердің санына орай шамаласақ, мəйітті тасқа айналдырып сақтау əдісі кем дегенде бұдан төрт те ширек ғасыр бұрын қолдана бастаған. Егер кукуан елінде əмір жүргізген корольдердің бəрі осы арадан орын алды деп есептеп (ал бұл – мүмкін емес нəрсе, өйткені корольдердің кейбірі соғыста өліп, денелері сақталмауы да мүмкін ғой), əр король он бес жылдан хүкім етті деп санағанның өзінде мөлшерлі уақытымыз осыдан кем болмас еді.

Ал жиын төрағасы – тақта басында отырған Ажалдың алып тұлғасы бұл салт шығардан көп бұрын жасалғаны күмəнсыз. Бұл бейне де манағы үш Тұнжырды дүниеге əкелген шебердің қолынан туды десем, қателеспеспін. Ажал бейнесі тұтас сталактиттен қашап шығарылыпты. Егер таза өнер туындысы ретінде қарасақ, бұл – тамаша ойластырылып, шебер мүсінделген ғажап дүние еді. Анатомиядан

хабардар Гуд қаңқа – мінсіз, тіпті адамның ұсақ-түйек сүйектеріне дейін ұмыт қалдырылмай, өте үлкен ыждағатпен қашалған деді.

Мен бұл үрейлі ескерткіш – қадым заманда жасаған əлдебір талантты мүсіншінің ауру қиялының жемісі болар деп шамалаймын, ал өздерінің корольдерінің өлі денесін Ажал бейнесі əмір етіп отырған жерге алқалай отырғызу салтын кукуандар кейініректе ойлап тапса керек.

Қаңқаның əуел баста осы таяу маңда орналасқан қазынаны тонағысы келген ұры-қарыларды қорқыту үшін жасалуы да ықтимал. Дəл осылай ма, əлде басқаша ма, кесіп айта алмаймын. Менің қолымнан бар келері



  • көрген хикметімді қаз қалпында суреттеп беру. Ал оқушым өзінше қорытынды шығара жатар.

Қайткенде де, Ақ Ажал бейнесі, Ақ Мəйіттер тұлғасы дəл осы мен айтқан қалыпта еді.


  1. тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет