P.S. Хиуа сорлыны қақ айырып өлтірген алып пілдің азу тістерін холлға, маған өзіңіз сыйлаған буйвол мүйізінің үстіне қағып қойдым. Қандай тамаша. Ал өзім Тваланың басын шапқан айбалта жазу үстелімнің үстіне ілінді. Берен сауыттарды əкете алмағанымыз қандай өкінішті!
Г.К.
Бүгін сейсенбі. Кеме жұма күні жүреді. Сэр Генридің шақыруын қабыл алып, сол кемемен Англияға аттанып кетсем деймін. Тым құрыса, ұлым Гарриді көру үшін. Жəне осы хикаяны кітап етіп бастыру үшін.
Өйткені бұл істі бөтен адамға сеніп тапсырғым келмейді.