§3. Қисық сызықты координаталар.
Біз осы уақытқа дейін скалярлық немесе векторлық өрісті аналитикалық түрде жазу үшін декарт координаталар жүйесін пайдаландық. Мысалы, скалярлық өрісті үш айнымалы функциялар арқылы жаздық. Бұл айнымалылар ретінде кеңістіктің айнымалы нүктесінің абциссасын, ординатасын және аппликатасының берілуі кеңістіктегі нүктенің орнын анықтаудың жалғыз ғана тәсілі емес. Оны басқадай да тәсілмен, мысалы, қисық сызықты координаталар арқылы да анықтауға болады.
Айталық белгілі бір заң немесе ереже бойынша кеңістіктің әрбір нүктесіне үштік саны сәйкес келетін болсын, оның үстіне әр түрлі нүктеге әр түрлі үштік сан сәйкес келсін делік. Сонда кеңістікте координаталар жүйесі берілген делінеді, ал нүктесіне сәйкес келетін сандарын, осы нүктенің координаталары (немесе қисық сызықты координаталары) деп атайды.
Кеңістік нүктесіне үштік сандарына сәйкес қоятын ережеге байланысты әр түрлі координаталар жүйелері туралы айтуға болады.
Егер берілген координаталар жүйесінде нүктесінің орны сандарымен анықталатындығын көрсету қажет болса, онда түрінде жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |