ҚОРҚыт жырларындағЫ Өмір концепциясы



Дата21.10.2022
өлшемі4,48 Mb.
#44766
Байланысты:
Қорқыт


ҚОРҚЫТ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР КОНЦЕПЦИЯСЫ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындағандар: Әбдірәсілова И., Игілік Қ., Қахарман Ш., Сейткулова Ф.
Адамзат тарихында Қорқыт Ата есімінің ерекше мәртебесі мен маңызы бар екені белгілі. Себебі, Қорқыт атаның дүниеге көзқарасы, дүниетанымдық жүйесі, құндылықтар әлемі және тұтастас алғанда философиясы түркі әлемінің, әсіресе қазақ руханиятының қайнар бастауы, алғашқы рухани іргетастарының бірі.
Қорқыт ата жырларындағы өмір концепциясы батыс философиясындағы экзистенцализм ағымының өлім мен өмір туралы, адам өмірінің жайында ойларының ұшқыны сияқты. Сонымен қатар тән мен рух, адам мен өнер арасындағы қатынастарды анықтау философияның мәңгі зерттеуге тиісті проблемалары болып табылады.
Экзистенцализм (болмыс туралы бағыт) ағымы ХХ ғ. Батыс елдерінде пайда болған. Негізін салушы – Сёрен Кьеркегор.
Қорқыт ата жырларынан қай халықтың болса да дәстүрінде орын алған «өмір» туралы түсінікті біле аламыз. Болмыста пайда болған нәрсенің үнемі өзгеріске ұшырып, бір күйден екінші күйге ауысып жататындығы – мәңгілік пен уақытшылықтың, мәңгілік пен шексіздіктің арасындағы байланыстың үзілмейтіндігінің белгісі. Сондай ұлылық деңгейіне жеткен адам, болмыстың терең жатқан қыр-сырын түсінуге тырысқан. Қорқыт атаның өмір философиясы қорқынышқа негізделген жоқ, сол өмірді барынша лайықты сүруге оны адам деген атқа сай келетін тұрғыда ғана түсінуге, өткізуге шақырады.
«Өмір» деп атау берілген керемет құбылысқа ата-бабамыз өте жауапкершілікпен қарағандығын, оның әрбір сәтін Қорқыт бейнесі арқылы құндылық ретінде бағалағанының куәсі боламыз. Шын мәнінде өмірдің қыр-сырын білуге тырыспаған пенде бұл тіршілікте өзінің кейпін табиғаттың басқа мүшелерінен биік ұстай алмайды. Ол табиғи инстинктердің деңгейінде, соларды қамтамасыз ету ауқымында ғана ғұмыр кешеді.
Қорқыт атаның өмір сүру тәжірибесі – Жоғары Рухтың жалпы адамзатқа берген адамша өмір сүрудің рухани үлгісі сияқты. Шын түсінген адамға Қорқыт атаның өмірі арқылы адамның тіршілігі тек қана шығармашылық арқылы өмірге айналатындығын байқатады.
Қорқыт атаның өмірі арқылы адамның тіршілігі тек қана шығармашылық арқылы өмірге айналатындығын байқатады. Шығармашылықтың ең бір жоғарғы көрінісі өнерде. Қорқыт атаның қобызды тартуы – жай ғана музыкалық дарындылықты таныту емес, бұл адамның көп жақты болмысының бір қырын көрсету, сөйтіп сол арқылы ғаламдағы – өмір деген суперқұндылыққа жол ашу болып табылады.
Кім болсын өмір патшалығында барынша ұзақ қалу үшін тырысып бағады. Ол үшін, адамдық екі міндетті атқару тиістігін көрсетеді: біріншісі - махаббат, екіншісі – шығармашылық. Қорқыт атаның күнделікті қарапайым тіршілігі нағыз өміріне айналды. Сол нағыз өмірі арқылы Қорқыт атаны қалың түркі жұрты пір тұтты.
Қорқыт атаның қалғып кеткен кезінде жыланның шағып өлтіруі кездейсоқ оқиға ғана емес. Бұл пендесіне берілген рухтың ескертуі. «Ешқашанда пендешіліктің қызығына түсіп, нәпсінің құлы болмау» қажеттігіне меңзеген дерек деп түсінуіміз тиіс. Яғни, бәріміз білетіндей бұл өмірде ештеңе де, ешнәрсе де кездейсоқ болмайтыны бәрімізге таңсық жайт емес. Кез келген өмірімізде болған оқиғадан біз сабақ аламыз. Сол қателікті екінші жасамауға тырысатын пендешілігімізде жоқ емес.
1986 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Қорқыт ата» кітабында «Қорқыт атадан қалған бір сөз мынадай…» деп басталатын нақыл сөздерінде келесідей мәтін кездестіруге болады:
«Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды»,
«Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады»,
Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді»,
Қорқыт ата жырларының философиялық мазмұны терең, өмірсүйгіштік өшпес мұра. Мұны бүкіл түркі жұрты мойындап қана қоймай, түркі жұртының өлім мен өмір туралы түсінігінің әдемілігіне, өмірге құштар жанының асқақтығына тамсана таңырқайды. Мәңгілік нәрсе – өнер, шығармашылық, адамның артында қалған өшпес мұрасы. Абай атамыз «өлді деуге болама ойлаңдаршы, өлмей тұғын артына сөз қалдырған» - дегендей, артында халқы үшін, күллі қалың түркі жұрты үшін Қорқыт ата өшпейтін шоқтығы биік, жарық есім.
ҚОРЫТЫНДЫ
ОҒЫЗ ҚАҒАН ЖЫРЫНЫҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
«Оғыз-наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне емес, көркем, әрі тарихи туындығы негізделген.
Шығарманың негізгі идеясы – елді ауызбірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. «Оғыз-наме» жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі – араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан.
«Оғыз-намені» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға бөліп қарастырады:
оғыз-түркмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді.
Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпаларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер.
оғыз елінің көрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар.
«Оғыз-наме» – генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды. Мунда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет