Қорытынды. Алаш зиялыларының қазақ сахнасында алатын орны. Конференцияның барысы: Ұйымдастыру



бет7/9
Дата26.11.2023
өлшемі38,26 Kb.
#128399
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Алаш

Жүсіпбек Аймауытов (18891931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
19111914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласыпСемейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. СәтбаевпенМ. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (19221924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]
Мұстафа Шоқай – қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады. 
1912 жылы түрік-балқан соғысы басталған кезде ол Турцияны қолдау қоғамында белсенді араласты. . М. Шоқай казактардың 1916 жылғы көтеріліске қатынасқандармен айуандық жазасын тексеру бойынша шешім қабылдауда шешуші роль атқарды.Мұстафа сондай-ақ, Құрылтайда «Түрік халықтарының құқықтарын қорғау» өкілдерінің комиссиясын басқарды. 
1917 жылы наурызда М. Шоқай Ташкентте мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылмандар орталығын басқарды. Мұсылмандар орталығы автономия құруға дайындала бастады. 1917 жылғы Қазан революциясын түркістандықтар қуанышпен қарсы алды, бірақ бұл қуаныш ұзақ болмады, себебі Кеңестік билік шешімді түрде Түркістан автономиясына қарсы болды. 
1917 жылы 22 қарашада Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтті, онда Қоқан автономиясын құру жарияланды. Автономия президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсан айында ол «Алашорда» үкіметінің құрамына енді. 1918 жылы қаңтарда қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды басып алды, М.Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсенді көмектесті. 1920 жылы, Қызыл Армия Грузияға кірген кезде М. Шоқай Турцияға көшіп келді, Берлин арқылы Францияға жетеді, сонда тұрақтап қалады. Эмиграцияда жүріп, Түркістан халқының көзін ашу мақсатында журналдар мен газеттердің шығарылымын ұйымдастырды. Стамбулда, Парижде, Берлинде, Лондонда, Варшавада шығарылған осы басылымдарда Орта Азия туралы мақалалар жарияланды. «Новый Туркестан» және «Молодой Туркестан» журналдары Стамбулда, Берлинде жарық көрді. Ұлы Отан соғысының ең басында М. Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жөнелтіледі. Оны алдымен Германияға, сосын Польшаға және Украинаға алып келеді, онда тұтқындағы түркістандықтармен кездесулер ұйымдастырылды. Лагерьлердің бірінде 1941 жылы 27 желтоқсанда ол қайтыс болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет