Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақ тілі пәні (оқыту қазақ тілінде) Бағыты



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата05.06.2023
өлшемі153,7 Kb.
#98811
1   2   3   4
Байланысты:
2023 ОШ 11 кл Қазақ тілі ЕМН каз


біріншісі дұрыс 

екіншісі дұрыс 
A
B
C
D
[1] 
10. 
Автордың соңғы сөйлемдегі мақсаты қандай?

Тағылыққа жетудің жолдарын көрсету 

Өркениеттің қоғамдағы рөлін түсіндіру 

Тағылықты болдырмаудың жолын көрсету 

Өркениет – адамзаттың дамуы деп ұғындыру 
A
B
C
D
[1] 
[Барлығы: 10 балл] 
 
 
 



2-
тапсырма 
 
Мәтіндегі мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
Мүмкіндігінше өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр сұрақтың балы [ ] тік жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі. 
Мұнай – әлемдегі ең қажетті пайдалы қазбалардың бірі. Бәрінен бұрын мұнай 
транспорт отыны ретінде қажет болса, одан бөлек оны мұнай-химиялық өнеркәсіп 
саласында кеңінен қолданады. Сонымен қатар фармацевтикада (дәрі өндірісі) мұнайдың 
қолданысы артып келеді. 
Мұнай – китті аман алып қалған табиғат байлығы. Кит және өзге де теңізді 
мекендейтін сүтқоректілердің (кашалот, итбалық) майы пайдалы әрі қымбат 
болғандықтан, оларды бей-берекетсіз аулау қарқыны сол сәтте артқан болатын. Одан 
майшам жасаған, пойыз және бу көліктерінің жұмысын жеңілдететін май ретінде 
қолданған. Ал бір ұңғымада мұнайдың көп болғаны соншалықты ол бір жыл бойына 
ауланған киттерді алмастыратын еді. Мұнай бірден майдың өзге түрлерін де 
алмастырды. 
Алдыңғы қатарлы дамыған елдер баға жетпейтін «қара алтынды» өндіруге 
болатын жерлерді өз бақылауларына алуға асықты. Мысалы, 1918 жылы Франция 
премьер-министрі АҚШ президенті Вудро Вильсонге телеграмма жіберіп, 100 тонна 
мұнай беруін өтінді. «Алдағы шайқастарда бензиннің құндылығы қаннан мың есе артық 
болмақ», – деп жазған ол. Сталинград түбіндегі шайқастан бастап (Германияның 
ұлтшыл тобы Баку ұңғымасына ие болу мақсатында соғыс бастады), Перл-Харбор 
шайқасына (жапондықтар индонезиялықтарға қарсы) дейінгі барлық соғыстарда мұнай 
әрқашан нысана көзі болатын. 
Мұнайдың физикалық қасиеті оны барлық техникалық үрдістердің негізгі 
көшбасшысы етті. Мұнай ең қарапайым әрі тиімді энергия көзі ғана емес, жаңа 
механизмдердің негізгі бірлігіне айналды. Мұнайдың танымалдылығы алғашқы 
электрокөліктердің дамуына кедергі келтірді. Өкінішке орай, оның энергетикалық 
тұрғыдан тиімділігі мұнай тарихын соғыстармен ластады. 
Жер ғаламшарында осы уақытқа дейін дәл қазіргідей мұнай қажеттілігі туып, дәл 
қазіргідей өндірілген емес. 2018 жылы тамызда алғаш рет тәулігіне 100 миллион 
баррель мұнай өндірілген. Оны Халықаралық энергетикалық агенттік қыркүйектегі 
есебінде көрсеткен болатын. Сондықтан мұнай өнеркәсібі әлемдегі ірі сала екеніне 
таңғалуға болмайды. Оның үстіне, екінші орынға жайғасқан ірі сала автокөлікті 
өндірудің өзі мұнаймен тығыз байланысты. 
(261 
сөз) 
https://massaget.kz/layfstayl/tehno/57139/
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет