Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№22 билет
1)
Жалпыұлттық маңызы бар Дала өркениетінің сакральді нысандар тізіміне енгізілген
тарихи орындарды сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың этникалық-
аумақтық бірлестіктерінің қалыптасу алғышарттарын түсіндіріңіз.
Қазақ жүздерінің құрылуы туралы
Қазақ жүздерінің құрылуын қазақ өлкесінде орын алған саяси-әлеуметтік қозғалыстар
тарихынан іздеу керек. Қазақ хандығы шаңырақ көтерген XV ғасырдың ортасында Шу
мен Талас бойындағы Керей мен Жәнібектің қол астына, кейін Ұлы жүз құрамына енген:
дулат, қаңлы, сарыүйсін, албан, суан сияқты, кейін Орта жүз құрамына қоңырат және
қыпшақ атты рулар кірді. Кіші жүз құрамына бір кездері Аштархан, Ноғай, Қырым
хандықтары құрамына енген қазақ рулары кірді. Ал Орта жүзге Шыңғыс хан
шапқыншылығы кезінде-ақ дербес мемлекеттер болып үлгерген байырғы түркі рулары:
найман, керей, арғын, қыпшақ рулары бірікті. Қазақ руларының бұлайша бірігуін
олардың этникалық жақындастығы, антропологиялық типі немесе өмір салтының
өзгешелігі емес, ең алдымен, географиялық жағынан орналасуы тұрғысынан қарастырған
жөн. Кейін әрбір жүз құрамына ірілі-уақты рулар келіп қосылып, олардың қатары үнемі
өсіп отырған.
Құл-Мұхаммед Мұхтар. Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі. – Алматы:
Атамұра, 1994
[10]
3)
«Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетіндегі
жетістіктері олардың өркениеттік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді». Сіз бұл
пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер
келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: