Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі
төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№30 билет
1) XVIII-
XIX ғасырларда Қазақстанның тарихы мен географиясы жөнінде құнды
деректер қалдырған зерттеушілер мен олардың еңбектерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Берілген дереккөзді және тарихи біліміңізді пайдаланып, ХХ
ғасырдың екінші
жартысында Қазақ КСР Ғылым академиясының ғылымды дамытудағы рөлін
түсіндіріңіз.
ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми
қызметі
Ғылым академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы,
мәдениетінің, табиғи
ресурстарының зерттелуіне жол ашты. ҒА-ның құрамына минералды ресурстар, физика-
математикалық ғылымдар, биологиялық
және медициналық ғылымдар, қоғамдық
ғылымдар бөлімдері енді. 1956 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен Орталық
Қазақстанның металлогенді картасы құрастырылды. 1946 жылы Тау-кен институтының
негізі қаланды. Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланды.
Ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану
әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі
тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Республикадағы барлық энергетикалық
ресурстардың зерттелуі Энергетика институты жұмысының басты бағыты болды.
«Халық шаруашылығын дұрыс электрлендіру» деген сұраққа басты назар аударылды.
1945 жылы құрылған Химиялық ғылымдар институты
республикадағы минералды
ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық
және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт өнеркәсіптегі
мұнай және химия
қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
https://e-
history.kz/kz/news/show/2768 сайтынан
алынған
[10]
3)
«Моңғол империясы мемлекеттік құрылысы бойынша көшпелілер империясының
дамыған түріне жатады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]