Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі
төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№2 билет
1)
Орталық Азияның ертедегі дәстүрлі мәдениетін зерттеуде номадистика мен
этнографияның рөлін сипаттаңыз.
[5]
2)
Суреттер мен тарихи
білімдеріңізді қолдана отырып, ХХ ғасырдың 20-30-
жылдарындағы білім беру реформаларының жетістіктері мен кемшіліктерін
талдаңыз.
https://bilimdinews.kz/?p=120196 сайтынан алынған
[10]
3)
«Қазақ халқының этногенезіне түркітілдес тайпалардың Ұлы қоныс аударуы үлкен
өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды
негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№3 билет
1)
Қазақ этногенезінің үндіирандық кезеңін сипаттаңыз.
[5]
2)
Дереккөзді және тарихи білімдеріңізді қолдана отырып, 552 жылы Түрік
қағанатының құрылуы Еуразия кеңістігіне қандай
өзгерістер алып келгенін
талдаңыз.
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларында этникалық орта
бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеуметтік консолидациясының
жедел дамуы
бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия,
төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілдес тайпалардың және
қағандықтардың қалыптасуына алып келді. ... Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілдес
тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани
мәдениеті де жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы,
хатқа түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер
өздеріне алғашқы рет діни
түсініктерді, нанымдары – буддизм, христиан, ислам діндерінің
негізінен басқа да
өркениет жетістіктерін қабылдады. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып,
біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті.
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің
заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: «Білім», 2005
[10]
3)
«Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: