Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақстан тарихы Бағыты



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата14.06.2023
өлшемі1,16 Mb.
#101297
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
2023 ОШ Билеты төмендет

Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
№12 билет 
 
1) 
«Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтарын сипаттаңыз. 
[5] 
2) 
Сызбаны және тарихи білімдеріңізді қолдана отырып, Қазақ хандығының мемлекеттік 
құрылымының Ұлы Дала көшпенділері мемлекеттерімен сабақтастығын түсіндіріңіз. 
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. – 
 
Астана: «Фолиант», 2003 
[10] 
3) 
«Орта ғасырларда көшпелілер мен отырықшы халықтар арасындағы қарым-
қатынастардың басты факторы экономикалық қажеттіліктер болған». Сіз бұл пікірмен 
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. 
[15] 
 
 
 
 


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: 
Қазақстан тарихы
 
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
 
№13 билет 
 
1) 
Ортағасырлық ғұлама Әл-Фарабидің «ізгіліктің қаласы» туралы ілімі негізіндегі 
қоғамдық-саяси идеяларды түсіндіріңіз.
[5] 
2) 
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, сақтардың әлемдік тарихи 
үдерістерге тигізген ықпалын талдаңыз.
Алтын киімді ерте көшпелілер 
Сақ-скиф заманы – адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.з.д. VIII-VII 
ғасырларға дейін әлемнің қай өлкесі болмасын, өз бетінше бейтарап дамып келсе, осы 
уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді «кіндік 
уақыт» деп те атайды. Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф 
тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып
өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани 
салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын 
құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару 
жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді. 
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. – 
 
Астана: «Фолиант», 2003 
[10] 
3) 
«ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер 
енгізілді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін 
бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет