Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№14 билет
1)
XX ғасырдың I жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім беру саласын
реформалау барысында жүргізген іс-шараларын сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи біліміңізді қолданып, Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-
саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріңіз.
Алашордалықтардың ерлігі ерен
Алаш зиялылары өз Отанының қоғамдық-саяси және мемлекеттік дамуының
теориялық негіздерін қалап, озық еуропалық және халықаралық стандарттарға сай
практикалық үлгілерін ұсынды. Алашордалықтар Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде
қайта өрлеу дәуірін жасады, белсенді ғылыми публицистикалық қызметімен халықтың
сана-сезімін оятты, ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген
рух пен үмітті оятты. Олар халықтың көзін ашып, қазақ елінің болашағы зор болу үшін
білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күшін салды. Ол жайлы тек жазып қана қойған
жоқ. Мәселенің мән-жайын ашып, оны шешуге тырысты. Алаш зиялылары оқулықтар
жазып, балаларға арналған өлеңдер мен шығармалар жазып шығарды. Қараңғылықтан
шығатын жалғыз жол білім екенін білетін зиялылар соны халыққа түсіндірмекке бар
күшін салды. «Оян, қазақ!» деп ұрандаған Мыржақып Дулатовтың да көздегені осы еді.
https://egemen.kz/article/162411-alashordalyqtardynh-erligi-eren
сайтынан алынған
[10]
3)
«Түркі қағанатының мұрагерлері – ортағасырлық түркі тілдес мемлекеттер
Еуразиядағы геосаяси үстемдікті жалғастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: