Қорытынды аттестаттау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет6/98
Дата20.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#35152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
 
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді 
Қазақстанның экологиялық мәселелері 
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы 
(2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан 
астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: 
бейбітшілікті және табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - 
деп белгілі жазушы Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан 
экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. 
Қазақстандағы экологиялық аймақтар: 
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған 
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен 
ластануы. Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы 
уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн. долларды құрайды. 
Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның 
санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы 
керек. 



ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс 
облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық 
комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік 
қалдықтардың 
жиналуы, 
урбанизацияланған 
(қалалық) 
территориядағы 
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы (біртіндеп 
нашарлап тозуы), ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі. 
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза 
болашақты қалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз 
көлемі 100-150 сөз болуы қажет. 
[20] 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет