9
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларға, құстар мен
өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер
оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы,
елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде.
Табиғаттың қай байлығы
болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің қызылдығы өзінің соры»
дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір
артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің
немесе бұғының мүйізі
қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер
шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал
денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі
қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер
біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты
қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты
жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза
қарастырмасақ, «Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін.
Тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен
өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл кітап»
қорғаған аң-құстарды біз қорғай алмаймыз ба?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.
[20]
Достарыңызбен бөлісу: