Байланысты: Қорытынды бақылау Салыстырмалы. (копия)
Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов былай дейді:
«Қазақ – діні шынығып жетпеген, шала мұсылман халық» – дейді, жазу әдебиетіне қатысты пікірінде. Мұны, мұсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай деген пікірмен, патша үкіметі қазақ пен ноғай арасында жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Еуропа жұрттарының әдебиеттерімен танысады. Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді:
Діндар дәуір; 2. Ділмар дәуір.
Діндар діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес. Басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб-парсы әдебиетінен үлгі алып, соларға еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып, соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Еуропадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Еуропадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз».
Типологиялық байланыстардың ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз
Контактілік-генетикалық байланыстардың ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз
Реминисценция құбылысына қазақ поэзиясынан мысал келтіріңіз