Ќорытынды емтиханныњ баѓдарламасы


Интертекстуалдық құбылысына қазіргі қазақ прозасынан мысал келтіріңіз



бет4/6
Дата22.12.2023
өлшемі43,47 Kb.
#142497
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қорытынды бақылау Салыстырмалы. (копия)

Интертекстуалдық құбылысына қазіргі қазақ прозасынан мысал келтіріңіз

«Гүлдер мен кітаптардағы» интертекстуалдық сілтемелер көздерін анықтап, оны үш топқа бөліп қарастырдық. Біріншісі – әдеби шығармалар мен теориялық еңбектер, эсселер, екіншісі – ауыз әдебиеті үлгілері, үшіншісі – діни мәтіндер, оларға байланысты зерттеу еңбектері. 
Роман мәтіні мен өзіне дейінгі мәтіндермен байланысы интертекстуалдылықтың тұспал (аллюзия), реминисцеция, плагиат, белгілі атауларға, белгілі есімдерге сілтемелер арқылы жүзеге асқандығын талдаулар арқылы дәлелдедік. Олардың мәтіндегі мағына түзуші ролін анықтап, мәтіндегі қызметі мен интерпретациялануына талдау жасадық. 
Интертекстуалдық сипатымен ерекшеленетін Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романының жазылуына, біріншіден, пост кеңестік кезеңде мемлекеттегі қоғамдық,  әлеуметтік, саяси, рухани дағдарыс әсері болды, екіншіден, шығарманы батыстық жазушы-философтар шығармаларынан үлгі алу әсерінен туындаған шығарма деуге де негіз бар. 
Алғашқы тұжырымымызды тереңірек қаузасақ, роман жазылған тұстағы мемлекеттік деңгейдегі дағдарыс екі желіні құрайды. Роман кейіпкерінің жан-дүниесіндегі хаос «Молда», «Тәңірдің хақтығы», «Түнгі жарық» тарауларында бейнеленсе, оның айналасында болып жатқан хаос «Қазақ ақындары», 
«Сығандар», «Партия», «Пәтерақы», «Қаламгер», «Қарлығаш пен Диана», «Албасты» тарауларында сөз етілген. Жазушы сипаттаған Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік ортадағы хаос та, кейіпкер-Әлішердің басындағы дағдарыс та сол кезеңге тән типтік көрініс болатын. Автор өзі қаз-қалпында берген өмір құбылыстарына субъективті пікірін білдірмейді, оқиғада авторлық бой көрсетпейді. Автор өз романында Батыс әдебиетіндегі постмодернистер шығармаларының бірінде бар, бірінде жоқ әдістердің біршамасының басын біріктіре білген. Бұл тұста айтпағымыз, шығармадан автордың ізденіс іздері, сондай-ақ оның үлгі алу нәтижесінде туындағаны анық байқалады.
Асқар Алтайдың біраз шығармалары дәстүрлі әдебиеттегі реализм түрінде жазылған болатын болса, «Түсік» әңгімесінде «фантастикалық реалды» әлеміне өтеміз. Мұнда шығарманың негізгі оқиғасын автор мәтін ішінде түсті беру арқылы іске асырады. «Мәтін ішіндегі мәтіндердің бір типін көркем шығарма құрылымындағы күнделіктер, суреттеліп отырған жағдайдың таңбасы ретінде танылатын түс, кейіпкердің айна арқылы көрінетін егізі (двойник) құрайды.
Бұлардың бәрі де көркем шығармада баяндалып отырған жағдайдың таңбасы, белгісі немесе коллажы деп есептеліп, автордың өзі емес, басқа субъект арқылы суреттеледі. ...Кейіпкердің түс көруі семиотикалық тұрғыдан интертекст деп есептеледі». Сондықтан да шығармадағы кейіпкердің түс көруін мағыналық жағынан интертекст деп атағанды жөн көрдік.
Көркем шығармадағы берілетін түс жайлы тілші ғалым А.С.Адилова былайшы пікір білдіреді: «...автор және оқырман үшін түс – өзі енгізіліп отырған мәтіннің оқиғаларын жанама түрде түсіндіретін яки сипаттайтын, интерпретация жасауға көмектесетін метатекст. Қаламгер өзі айтпақ, жеткізбек болған ақпарды түспен вербалдайды, ал оқырман негізгі мәтіндегі және түстегі оқиғаларды қатар қойып, салыстырып, ассоциация нәтижесінде тұтас мәтіннің астарлы, концептуалды мазмұнына жетеді. Түс арқылы жазушы өз кейіпкеріне де, оқырманға да суреттеп отырған жағдайын түсінуге көмек жасайды», – дейді.
Асқар Алтайдың «Түсік» әңгімесі шағын-шағын үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі авторлық баяндаудан, яғни әңгімеге пролог іспетті. Пенде түсінде түсік көреді. Жатырдың ішінде түсікке айналған тамшы емес адамның хал-жайы, кейіпкердің өзі суреттеледі. Шығармадағы түстің символдық мәні де үлкен. Себебі, символды жан-жақты қазбалап көрсетудің қажеті шамалы. Ал, суреткердің әңгімесіндегі жатыр ішіндегі ұрық адамдарға белгілі жайт. Мәтіндік астармен негізгі ойға, көркем шығарманың тұтастығына септігін тигізіп тұрған да осы – түс.


  1. Қазақ әдебиетіндегі өзге ұлттық әдебиет кейіпкерлерінің болуына мысал келтіріңіз

  1. В.М.Жирмунскийдің «Одиссея» мен «Алпамыс батыр» жырларын салыстыра талдауына сипаттама беріңіз

  2. А.Алтайдың «Кентавр», Қ.Түменбайдың «Періште», Ғ.Мүсірепов «Жапон балладасы», Р.Мұқанова «Мәңігілік бала бейне» шығармалары бойынша салыстырмалы талдаулар жасаңыз

  3. Д.Роулингтің «Гарри Поттер және пәлсапа тасы» атты фэнтези шығармасы мен Р.Сауытбайдың «Шоко әлем» фэнтезиі бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз

  1. .Кекілбаевтың «Крек адам», «Соңғы аялдама», Қ.Жұмаділовтың «Момын» әңгімелеріндегі психологиялық тартысты салыстыра талдаңыз

  2. Ж.Аймайытовтың «Ақбілек» романы мен И.Буниннің «Жеңіл дем» әңгімесін салыстыра талдаңыз

  3. С.Мұратбековтың «Бекеннің құбылыстары» және Т.Нұрмағамбетовтың «Ата қоныс» шығармаларын слыстыра талдаңыз

  4. С.Мұратбековтың «Ата» әңгімесі мен Д.Исабековтың «Қара шаңырақ» әңгімелеріне салыстырмалы талдаулар жасаңыз

  5. Ежелгі грек мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз

  6. Ежелгі қытай мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет