Ќорытынды емтиханныњ баѓдарламасы


Ежелгі түркі мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі43,47 Kb.
#142497
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Ежелгі түркі мифологиясының ерекшелігіне, образдар жүйесіне талдау жасаңыз

Ежелгі түркілердің дүниетанымы, сол негізде түзілген мифологиясы әлі де тереңдей зерттеуді қажет етеді. Көне түркілердің наным-сенімі туралы арнайы сөз еткен ғалымдар қатарында француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С.Г.Кляшторныйларды атауға болады. ХХ-ХХI ғасырға дейін Орта Азия халықтарында сақталып келген танымның көне түркілік дүниетаныммен сабақтастығы Ш.Уәлиханов еңбектеріне арқау болды. Түркі мифологиясына тән басты сипат - табиғатты тірі рух түрінде қабылдап, құрметтеу. Табиғатты құрмет тұту түркі халықтары мифтерінде ерекше орын алады. Ш.Уәлиханов шамандық туралы айта келіп, оның дүниеге келуі табиғатқа жалпылай және жекелей сыйынумен байланысты дейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс атаулы адам сияқты түйсінеді, тіршілік етеді деген түсініктің өзі табиғат пен рухты тең деп түсіну сенімімен туындаған.
Түркі мифологиясының тағы бір сипаты – аруаққа сыйыну, олардан медет тілеу. Түркі жұртының қара шаңырағындағы қазақтардың аруаққа сыйыну сенімі туралы Ш.Уәлиханов "Тәңірі" (Құдай), "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" мақалаларында сөз қозғайды: "Аруақ - ата-баба рухы, басқа қиын-қыстау іс түскенде, жан қиналғанда: "Аруақ, қолдай гөр, қолтығымнан демей гөр" деп айтады… Аруақтардың рухы бар деп, ескі жұртты баспайды". Бұдан әрі ғалым аруақтар (онгондар) құдіретті күш иелері ретінде тірілерге көмектеседі деген наным негізінде оларға арнап құрбандық шалынатынына тоқталады. Ұлықтар мен мықтылар о дүниеге аттанған соң құдіретті аруаққа айналады. Мысалы, Баба шашты түкті Әзиз - тірісінде қасиетті әулие ретінде өмір сүрген адам. Бұлардан басқа Қорқыт, Домалақ ене, Арыстан баб т.б. халық құрмет тұтқан ұлы аруақтарға айналғанына дәлелдер көп. Аруақтарға сыйыну – көне сақ дәуірінде қалыптасқан сенім. "Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған" (Қазақстан тарихы 1996: 231). Аруақты құрмет тұту, олардың қаһарынан қорқу күні бүгінге дейін сақталған сенім.
Түркі халықтарының әлемнің жаралуы, дүниені тану туралы мифтерінде аспанды – әке, жерді – ана деп тану сенімі бар. Бұл жерде әлем халықтары мифологиясымен ортақ сипатты айта кеткен жөн. Шумер мифологиясында алғашқы жаратушы Апсу мен жаратушы- ана Тиамат делінеді; Ежелгі Грек мифологиясында аспан Уран, ал, жер Гея бейнесінде сипатталған; Ежелгі Мысыр мифологиясында Атум құдайдан Шу мен Тефнут жаралып, олардан Геб пен Нут дүниеге келеді. Геб - жер құдайы (еркек), ал Нут - аспан құдайы (әйел). Ежелгі үнділердің ведалық мифологиясындағы аспан құдайы Дьяус- Питар пен жер құдайы Притхиви дүниенің жаралуы туралы алғашқы түсініктердің үндестігін танытады; Ежелгі Қытай мифологиясында аспан-еркек Ян және жер-әйел Инь түрінде түрінде сипатталады, бұл екеуі қарам-қарсы болғанымен бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Ал Түркі халықтары мифологиясында бұл танымды көрсететін мифтік образдар – аспан-әке-Тәңір мен жер-ана Ұмай. Келтірілген мысалдарға назар аударсақ, әлемнің жаралуы туралы мифтік дүниетанымдарда еркектік және әйелдік бастау тұрғаны мифологиялық түсініктердегі ұқсас сипаттардан байқалады. Аспан мен жер туралы мифтік танымдағы жұп архетиптік бейнелер адамзаттық философия мен мәдениетте еркеше орын алғаны белгілі. Ғылымға архетип ұғымын енгізген К.Г.Юнг атап көрсеткен Анима (еркектік бастау) және Анимус (әйелдік бастау) күллі әлем халықтары мифологиясына тән архетиптік бейнелер. Юнг тұжырымы бойынша, Анима мен Анимус әйел мен еркек психологиясының өзіндік ерекшеліктерін тануда маңызды қызмет атқарады. Анима өмірдің архетипін танытып, еркек рухы түрінде қабылданса, Анимус әйелдің рухани бейнесі түрінде танылады. 
Көне түркілер үшін күллі жаратылыстың құдіретті иесі – Тәңірі. О «Көк», «аспан» ұғымдарымен үндеседі. "Аспан - шамандықтың ең құдіретті жаратушысы. Көк Тәңірі - көк аспан деп аталады. Қазақтар ұғымындағы бірінші аталатын сын есім "көк" - көріністі бейнелейді және заттық түсінікті білдіреді, ал зат есім (тәңірі) "көк" атауының баламасы (синонимі)… Тәңірі сөзін Шыңғыс хан заманында мұсылмандар "Алла" деп, ал, еуропалықтар "deus" деп аударған", - деп көрсетеді Ш.Уәлиханов. "Күлтегін" жазуындағы "Тағдырды Тәңірі жасар" деген тіркестің астарында бүкіл адам баласының тағдыры, амандық-саулығысол Тәңірінің қолында, ол өз билігін көк биігінен іске асырып отырады деген сенім жатыр.
Басқа халықтар мифологиясында аспан мен жердің арасында белгілі дәрежеде қарама-қарсылық болып, күрес жүрсе, түркілердің мифологиялық танымында көк пен жер өзара бірлікте, тұтастықта сипатталады. Мифтік әңгімелерде, фольклордың басқа да жанрларынан орын алған мифологизм көріністерінде ондай күрес, қайшылық мүлде жоқ. Керісінше, көк пен жер - түркілердің тірегі, бірі - әке, бірі - ана. Бұл байырғы мифтік танымның реминисценциясы ұлы Абайдың:
Анамыздай жер иіп емізгенде
Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер, - деген өлең жолдарындағы бейнелеуден анық көрінеді. Ежелгі дәуірде адамдар бұғы, бөрі, кит, аққу, қаз, т.б. аң-құстар киелі деп сенген. Осыдан келіп мифологиялық ойлау кеңістігінде антропоморфтік бейнелер жүйесі түзілді. Қырғыз халқының бұғы-ана туралы мифіндегі тотемі - бұғы… Түркі тайпаларының басты тотемі - бөрі. Ең көне таным болып саналатын зороастризм адам мен жануарды қандас туыс деп түсіндіреді. Қытайдың көне дәуірден жеткен жазба шежіресі "Суйшуде" Ашин ордасының шыққан тегі туралы тарихи анықтамамен қоса "мифке негізделген аңыз" кездесетініне Н.Я.Бичурин тоқталып өтеді. Мифтік мотив бойынша, анасы - бөрі, әкесі - адам көк бөрі (қытайша "ашина" - мейірімді бөрі) ұрпақтары түрфандық қызға үйленіп, түркілердің көк бөрі әулетін таратады. https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/446963



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет