Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер



бет2/5
Дата13.04.2023
өлшемі27,97 Kb.
#82469
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасын жоспарлау

2.1 Отбасын жоспарлау
Отбасын жоспарлау – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері.
Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.
Отбасын жоспарлау – жұптардың қабілетін ескере отырып болжап және қажет еткен бала санына жетуін қарастырады. Аталмыш жоспарлау қажетсіз жүктілікті болдырмауға; көптен аңсаған және дені сау балалардың тууына; әр жүктілік арасын реттеп отыруға; әйелдер денсаулығын сақтауға; ата -аналардың жасына қарай, баланың туу уақытын таңдауын бақылауға және отбасындағы балалар санын нақтылуаға; өмірлік жоспарын жүзеге асыруға; тұрмыс сапасын жақсартуға көмектеседі. Өзінің денсаулығын бағып, көптен күткен және дені сау бала тусын десе, әрбір адам мұны білуге тиіс.
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қауіпсіз жыныстық өмір сүруге мүмкіншілік беретін сақтандыру әдісінің көмегіне жүгіне отырып жүзеге асырылады.
Сақтандырудың негізгі түрлері мен әдістері:
1. Бөгейтін – еркүйек (презерватив);
2. Гормоналдық – жиынтықтан тұратын ішетін сақтандыру құралдары;
3. Химиялық – спермицидтер (гелдер, қынаптық таблеткалар, балауыздар);
4. Жатыр ішінің сақтандыру құралдары – жатыр ішінің шиыршығы (спиралі);
5. Хирургиялық – жатыр түтігін байлап тастау, тамыр кесіп алу (қайта қалпына келмейтін әдіс);
6. Табиғи сақтандыру әдісі – күнтізбелік, лактациялық етеккірсіздендіру әдісі.
Балаларды туу үшін қолайлы жас 20 мен 30 жас аралығы.Туу аралығының ұзақтығы кем дегенде 2- 2,5 жас болуы керек, бұл әйелдің келесі туғанына дейін күш жинауына мүмкіншілік береді, өзінің және келекшектегі туатын балаларының денсаулығын сақтайды. Сақтандыру әдісін таңдау оңай шаруа емес, оны дәрігермен біріге кеңесе отырып шешкен дұрыс.Түсіктің қандай түрі болмасын – бұл үлкен қауіп, келешекте әйел бала туа алмауы мүмкін.
Жыл сайын Шахтинск қаласында 1200 әйел жүкті болады, соның ішінде 700-730 әйел босанады – 60 пайызы бақытты ана болады. Алған қалған 40 пайызы түсік жасатады, соның ішінде 30- 35 пайызы туғысы келетін әйелдер, бірақ оларда қандай да бір себептермен түсік тастайды – бұл үзілген үміт пен арман, өйткені 90 пайыз әйел ойланбай жүкті болады. Жүкті болып отбасына бақыт әкелу үшін, оны 3-4 ай бұрын жоспарлау керек. Сол үшін салуатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу; өзінің денсаулық жағдайын нақтылау үшін, гинеколог дәрігерге көріну; жыныстық жолдар арқылы жұғатын ауруларға қарсы тексерілу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет