Отбасын жоспарлаудың кажеті: қалаулы денісау баланы туу ушін;
әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.
2.2 Отбасын жоспарлаудьң әдістері. Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
Ішілетін құрама контрацептивтер.
Инъекцияльқ контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта).
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер.
Жатырішілік заттар.
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция әдісі. Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады. ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі| мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің даму қауіп-қатерін азайтады.
Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай сайын жасап тұру керек.
Имплантанттар (норпланта) - әйелдердің иығының жоғарғы жағына енгізілетін 6 капсула жиынтығынан тұрады. Қайтымды әдіс кезінде жүкті болудан сақтану мepзімі ұзақ (5 жыл). Жүкті болу қабілеті капсуланы алған мезеттен қалпына келеді.