Әйелдердің стерилизациясы - әйелдерге арналған отбасын
жоспарлаудың хирургиялық және қайтымсыз әдіci.
Презервативтер - АИВ/ЖИТС қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан, жүктіліктен қорғайды. Жыныстық серіктерде қанағаттанбаушылық ceзімі болуы мүмкін.
Жатырішілік зат (ЖЗ) - босанғаннан кейін орнатылуын, алынуын арнайы дайындалған медициналық кызметкер жүргізеді, емшекпен емізуге әсер етпейді, жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, сонан соң, ауыстырған жөн.
Қынаптық әдістер - диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы, спермицидтер, әйелдер бақылай алатын контрацепциялық әдіс, керек уақытында ғана қолданылады. Қауіпсіз әдіс. Кейбір жыныс жолымен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупінен сақтайді.
Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері - бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.
Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ)-тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 6 айға дейін қолдана алады.
Контрацепция үйлесімді әpi қayiпciз жыныстық қатынаспен өмip сүруге және өз денсаулығыңды күтуге мүмкіндік береді. Контрацепция денсаулыққа зиян келтіретін, физикалық және эмоционалдық жарақат жасайтын жасанды түсікпен байланысты болатын қауіп-қатерден сақтайды.
2.3 Отбасын жоспарлау және контрацепция әдістері.
1. Отбасын жоспарлау дегеніміз не?
Бұл ерлі-зайыптылар мен жеке адамдардың туылатын сәбилердің уақыты мен санын реттеуде еркін және жауапты шешім қабылдап, осы таңдауды қауіпсіз әдістердің барлық диапазонын пайдалануымен жете түсінуге мүмкіндік беретін құралдар мен ақпарат алу мүмкіндіктері жатады.
2. Жүктілікті не үшін жоспарлау қажет?
Жүктілік ана организміне түсетін үлкен салмақ болғандықтан, жүктілікке алдан ала дайындалған дұрыс. Біріншіден денсаулығыңызды нығайтқан жөн, терапевт және стоматолог секілді мамандарға көріну қажет. Егер әйелде қандай да бір созылмалы ауру болған жағдайда, ол ауруларды емдеген жөн.
Әлбетте, гинекологқа қаралып ЖЖБЖ-ға анализдерді тапсырған абзал. Дәрігер, әйелге жоспарланған жүктіліктен бірнеше ай бұрын арнайы болашақ аналарға арналған дәрумендерді қабылдауды ұсынуы мүмкін. Одан бөлек, болашақ ана мысалы, темекі шегіп, ішімдік ішетін жағдайлары болса, ондай зиянды әдеттерден бас тартқаны абзал.
3. Контрацепция дегеніміз не?
Контрацепция – бұл үнемі немесе кездейсоқ жыныстық өмір барысында қажетсіз жүктіліктен сақтану.
4. Контрацепцияның қандай әдістері бар?
Қазіргі уақытта контрацепцияның жеті үлкен топтарын бөлуге болады: табиғи, тосқауылды, жатыр ішілік заттар, горманальды, лактационды аменорея әдісі, жедел контрацепция әдісі және ерікті хирургиялық ұрықсыздау әдісі.
5. Спермицидтер дегеніміз не және олар қалай әсер етеді?
Бұл жыныстық қатынас алдында жүктіліктен сақтану мақсатында пайдаланылатын химиялық заттар. Заманауи спермицидтері көпіршік түзуші крем, қынапты таблетка, суппозиторий және тығындылар түрінде шығарылады. Заттардың әсер етуінің басы мен әсер ету ұзақтығы шығарылу түріне байланысты болады. Олар тікелей жыныстық қатынасқа 5-10 минут бұрын қынап ішіне енгізіледі. Олар препарат түріне байланысты 2-10 сағат аралығында тиімді болады, бірақ спермицидтің бір дозасы бір ғана жыныстық қатынасқа есептелгенін ұмытпаған жөн. Спермицидтер аталық жасушаны өлтіреді немесе оларды аналық жасушаға қарай жылжуын тоқтатады.
6. Егер де мүшеқап жыртылып қалатын болса немесе таблетка ішуді ұмытып кетсеңіз, жүктіліктің алдын алу үшін не істеу қажет?
Жедел контрацепция әдісін қолданған жөн, бірақ оны жылына екі рет қана қолдануға болатынын естен шығармау керек.
7. Жедел контрацепция дегеніміз не?
Жедел контрацепция - қандай да бір себепке байланысты басқа жалпы қабылданған әдістер пайдаланылмаған және ұрықтану мүмкіндігі бар жағдайларда қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін қолданатын әдіс. Жедел контрацепцияның екі түрін бөледі: гормональды және механикалық. Сақтанбаған жыныстық қатынастың бірінші бес күнінде жатыр ішілік заттарды енгізуін жедел контрацепцияның механикалық түріне жатқызуға болады. Гормональды жедел контрацепция – бұл құрамында 75 мг. левоноргестрел (Постинор) бар препаратты немесе бір дозасында 100 мкг. этинилэтрадиол және 50 мкг. левоноргестрел немесе 100 мкг. норгестрел (бір дозасында 4 таблеткадан тұратын Ригевидон, Микрогинон) бар аралас оральды (ауыз арқылы) контрацептивтерді қолдану әдісі. Препараттың бірінші дозасын сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде, ал екінші дозасын бірінші қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң қабылдау қажет. Бұл әдісті жылына екі рет ғана пайдалануға болады, өйткені жиі пайдалану кезінде гормондардың үлкен дозасы етеккір циклінің тұрақты бұзылыстарына әкеп соқтыруы мүмкін.
8. Жүктілікті қалай анықтауға болады?
Жатырдың шырышты қабаты ұрықтанған аналық жасуша үшін жабысудан соң қоректік және қорғаныс ортасы болып табылады және содан ол бөлінбегендіктен, келесі етеккір болмайды. Көбіне бұл жағдай мүмкін болған жүктіліктің бірінші белгісі болып табылады. Сонымен қатар мынандай белгілер де жүктілікке тән: кеуденің ауырсынуы, жүрек айну және құсу, тәбет пен көңіл-күйдің өзгеруі. Жүктілікті жүктілікке арналған сынақ (ол таңертеңгі зәрдегі жүктілік гормонын анықтауға негізделген), гинеколог дәрігерімен жасалған қараулар және ультрадыбыстық зерттеулер көмегімен анықтауға болады.
9. Үзілген жыныстық қатынасты жүктіліктен сақтану әдісі ретінде қолдануға болады ма?
Үзілген жыныстық қатынас – еркек жақындығының эякуляцияға (ұрық шашуға) дейін аяқталуымен сипатталады. Үзілген жыныстық қатынас – бұл контрацепцияның тиімді әдісі болып табылмайды. Ұрық шашуды бақылауға алу қиынға соғады. Сонымен қоса үзілген жыныстық қатынасты контрацепцивті әдіс ретінде таңдау кезінде үрпі өзегіндегі алдынғы эякуляциядан кейінгі шәует қалдықтарынан жүкті болып қалу мүмкіндігі орасан зор (аталық жасуша белсенділігі 24-сағатқа жуық болады). Үзілген жыныстық қатынас ретіндегі контрацепцивті әдіс жыныстық жолмен берілетін жұқпалардан сақтамайды.
10. Ал егер әр ай сайын жыныстық байланыста болмасаң, таблеткаларды жігітпен кездескен кезде ғана ішуге болады ма?
Егер сіз аралас оральды (ауыз арқылы) контрацепцивтерді таңдасаңыз, онда таблеткаларды күн сайын қабылдаған жөн. Жүйесіз жыныстық өмір сүру кезінде де берік контрацепцияны пайдаланған дұрыс болар.
Достарыңызбен бөлісу: |