Отбасын жоспарлау және репродукциялау орталығы Астанада ерлі-зайыптылардың репродуктивті денсаулығын сақтауға арналған Отбасын жоспарлау және репродукциялау орталығы ашылды. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатында қалалық Денсаулық сақтау департаментінің директоры Темірлан Кәрібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық бедеулікті және нәрестенің құрсақта жетілу кезеңінде кездесетін ауытқулар мен генетикалық ауруларды емдеуде амбулаториялық-консультативтік көмек көрсетеді. «Бала сүйюге зар болғандардың бұған дейін емдеу мекемелеріндегі жекелеген кабинеттерде ұзын-сонар кезекте тұруына тура келетін. Осының бәрі енді бір жерде атқарылатын болады. Соған байланысты биыл бұл мекемеге 64 млн. теңге аударылып отыр. Орталық барлық құрал-жабдықтар және зертханалармен жарақтанған».
Қорытынды Қазақстан Республикасының Конститусиясында: «Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында» деп жариялаған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тағамына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл – тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орталығы, денсаулық сақтау орталықтары бала тудыратын үй және т.б.) қызметін пайдалануға байланысты.
Өрбіту саулығын сақтау қызметі мыналарды ескертеді:
1. Отбасын жоспарлау бойынша түсініктемелер беретін ақпарат, ағарту жұмысы, қызмет ету орындары (екіқабат әйелдерді қарайтын консультациялар, бала тудыратын үй, отбасын жоспарлау орындары т.б.).
2. Ағарту ісі және жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсету орындары (ФАП, ауыл амбулаториясы, әйелдер консультациясы, әйелдер ьосанатын үйлер).
3. Бала туу мезгілінде қалыпты жағдаймен қамтамасыз ету, босанғаннан кейін нәрестені омыраудан емізуіне жағдай жасау.
4. Белдеуліктің алдын алу, оны емдеу.
5. Жыныс жолдары ауруларының жыныстық қатынастардан туындайтын жұқпалы аурулардың, өрбіту саулығының басқа қолайсыз жағдайларынан болатын аурулардың алдын алу, оларды емдеу.
6. Ақпаратты білім беру, адамның нәпсілік қатынастардағы өрбіту денсаулығы және бала туу, тудыру жауапкершілігіндегі байланыс қалпы, яғни өрбіту саулығын сақтау ісінің тәсілдері, амалдар және қызметтердің іргелес үйлесімімен анықталады, осы үйлесімдік өрбіту саулылығымен байланысты проблемалардың алдын алып, шешімдерін таба отырып, өрбіту саулығының өз қалпында сақталуына жағдай жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер. http://www.google.kz/