Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата25.11.2023
өлшемі286,12 Kb.
#127692
1   2   3   4   5   6   7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қорытынды
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасӛспірім тұлғасының 
ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек 
жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Ӛзіндік жеке 
тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың кӛрінуі – 
бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді 
ӛзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді ӛзгеріс 
тұлғаның ӛзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, 
ӛзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, ӛзін — ӛзі тануға, 
бағалауға, ӛз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы 
жатады. 
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», 
«Менің ӛмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы 
сияқты сұрақтар жасӛспірім жастағыларға ӛте қатты әсер етеді. 
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -
оқулығында: жасӛспірімдердің ӛзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері 
мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу 
мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы ӛзінің ішкі әлемін 
енді ашады, субъективті уайымдарына «Ӛзіндік меніне» қызығушылық 
таныта бастайды. Ӛз тұлғасына қызығушылығына тӛмен жеткіншектерге 
қарағанда, жасӛспірімдердің ӛзін-ӛзі тануы, ӛзіндік сана-сезімі белсенді және 
ӛз тұлғасын ӛз ӛзіне бағындыруы туа бастайды [5]. 
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасӛспірімдердің 
жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын 
сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда 
жасӛспірімдердің ортаны бӛлек олардың басқаға ұқсамауы және 
құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі 
бағытта ӛз — ӛзін кӛрсетуі және ӛзінің ӛзіндігін бекітуі тән. 
Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – 
түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасӛспірім кезеңде алған 
тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін кӛре аламыз. Келешекте тұлға болып 
қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде 
жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық 
дамуымен қатар жүретіндіктен, жасӛспірімдік жастың тұлғаның кәсіби 
қалыптасу барысында маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет