«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет26/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Бұл жағдайда оқушыны үнемі сүйемелдеудің келесі түрлері қажет болады:

1.Диагностика және кеңес беру. Даму жағдайын сараптап бағалау. Мамандардың ұсыныстары.


2.Оқушының оқу бағдарламасын табысты меңгеруін қамтамасыз ету, бейімделген білім беру ортасының иілімді жүйесін құру.
3.Оқыту ортасын баланың ерекшеліктеріне қарай бейімдеу. Оқыту түзімін құру. 4.Зерде, адамгершілік, эмоциялық ерік аймағы бойынша жеке жұмыс
5. Бала дамуындағы бұзылыстарды түзету
6.Баланың оқу бағдараламасын меңгеруін, оның дамуын, денсаулық жағдайын бақылау жүйесін құру.
7.Салауатты өмір түрін қалыптастыру бойынша шаралардың жүйесін құру, денсаулыққа арналған тақырыптарды оқу курстарының бағдарламасына интеграциялау.

50

8.Баланы әрі-қарай қоғамға интеграциялау үшін оны әлеуметтік психологиялық оңалту ісімен сүйемелдеу.


9.Жанұяда жағымды психологиялық жағдайды тудыру.

Үйде жеке-дара оқытуды ұйымдастырудың инегізгі қағидалары:

-жеке-тұлғалық гуманистік тәсілдер қағидасы; -табиғи сәйкестілік қағидасы;


-оңалту шараларының саналуандық қағидасы;
-биологиялық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қағидалардың бірлестігі;
-сатылық пен мақсатқа сәйкестілік қағидасы.
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында;білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет.Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
• білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
• оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
• оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
• қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
• мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
• білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

51



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет