18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен сүйемелдеу.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыға жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен ҚР тұрақты тұратын ҚР азаматтары мен оралмандардың құқығы бар. Балаларға жәрдемақы мөлшері айына 1АЕК құрайды.
Балаларға жәрдемақы отбасында баланың жұмысқа қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемесе, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыспен қамту органында жұмыссыз ретінде тіркелмесе тағайындалмайды, тек әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балалар, 80 жастан асқан тұлғалар, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жағдайлардан басқа.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді.
Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді.Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен
47
жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-дамыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |