Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуі 4 нұсқада орындалуы.
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады.
2.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3.Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар).
63
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру.Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады.Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елдерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.
64
Инклюзивті білім беру жағдайы шетелдердегі дамуы, мысалға, Москва қаласындағы инклюзивті білім беру жүйесі барлық білім беру үрдісінің қатысушыларына байсалды шешім ұсынады. Ол адамгершілік пен кәсіптік ұстаным, кәсіптік білім мен құзыреттілік. Инклюзивті білім берудің айрықша маңыздылығы - гуманистік құндылықты орнату.
Айрықша қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру ортасына кіріктіру басымдылықтарын іске асыру арнайы психо-педагогикалық сүйемелдеусіз мүмкін емес
Сонымен қатар, инклюзивті білім берудің ролін асыра айту немесе мүлдем шексіздігін асыра айту қажетсіз. Өйткені, ата-аналар өздерінің балаларына білім беру мекемесін таңдауға шешім қабылдайды, ал мамандардың міндеттері ата-анаға тек білім беру мекемесін таңдауға ғана емес, қандайда білім беру мекемесінде бала ең жақсы әлеуметтік бейімдеу көмегі мен сапалы дамудың мүмкіндігін алу мақсаты көзделеді.
Қазіргі жағдайда инклюзивті білім берудің дамуы «кедергісіз ортаны» ұйымдастыруының қиындықтарымен қоса әлеуметтік жағдайларымен де шиелініседі. Олар мұғалімдердің инклюзивті білім беруді қабылдаудан бас тартуы мен дайынсыздығы, психо-педагогикалық білімдерінің және технологияларының, отандық инклюзивті білім беру тәжірибесіне қатысты арнайы мониторингтік зерттеулерінің жетіспеушілігі.
Декларацияланған философиялық принциптерімен қатар, инклюзивті білім беру әдістемелігінің жоқтығы бірнеше сұрақтардың туындауына әкеледі. Ол, қоғамның сенбеушілік пен негізігі идеяға қатысты сын көзбен қараушылығын қалыптастырады.Инклюзивті білім беру сәтті болмайды, егерде ол тек ұйымдастырушылық өзгерістермен негізделсе. Ол динамикалық үрдіс-инклюзивті білім беру ортасын толық психологиялық педагогикалық, медициналық, физикалық сүйемелдеу, оқыту процестерінде түзете-дамыта оқыту арнайы мамандармен қамтамасыз етілуі.
Россиялық тәжірибесіндегі инклюзивті білім беру ұзақ эксперименттік кезеңдерімен және білім беру мекемелерінің жобалық кестесінің жұмысымен, білім беру жағдайының авторлық бейімделуінің мүмкіндігі шектелген балалардың жеке қажеттілігімен байланысты. Сондықтан, кіріктіру үрдісінің сапасы туралы сұрағы туындайды. Білім беру мекемесінің инклюзивті білім беруді іске асыруға дайындығы, қауіптігі, қателерді түзету жұмыстары негізгі мәселе болады.
Ең бірінші болып Москва қаласының мүмкіндігі шектелген балаларына арналған инклюзивті мектеп болып құрылған №1321 «Ковчег» мектебі болды. "Ковчег" мектебінің жұмысы 1990 жылдан басталған. Оның басқа мектептерден айырмашылығы интеграциялық және түзету сыныптарының бары. Сонымен қатар, есту қабілеті зақымдалған балаларына арналған сыныбы бар.Бұл мектепте Дауын синдромы бар балаларда оқиды. «Ковчег» мектебі ең бірінші интеграциялық мектебі болды.Бұл мектептің оқыту процесі оқушылардың сұраныстары бойынша анықталады. Мысалы: оларға сабақтың ыңғайлы кестесі
65
ұсынылады. Баға, кімгеде ынталандырушы құралы ретінде керек, солайша балаға қойылады. Оқыту процесі жекешелендіру схемасымен жүреді. Педагогтар ата-аналармен белсенді қарым-қатынаста бірігіп жұмыс атқарады. Сонымен қатар, оларды білім беру процесіне кіріктіруге тырысады.
«Ковчег» интеграциялық мектебінің моделі жаңа білім беру ортасын құруды болжайды. Ең негізгі сәті болып, білім беру мекемесінде барлық оқыту түрін ұйымдастыруы саналады.
Ол:
-дені сау балаларымен бірге мүмкіндігі шектелген және денсаулығына байланысты балаларды интеграциялық сыныпта оқыту. Балалар саны 20 бала;
-түзету сыныптарында 10-12 баладан оқыту;
-мүмкіндігі шектелген балаларды үйден оқытудың 4 түрімен жүреді:
аз қамтылған сыныптағы сыныптық-сабақтық, топтық, жекелік мектепте және үйде, санаторлық бөлімшелерде оқытуда балалар қажетті жеке емдік және білім алады, кейбір пәндерден қашықтықтан оқыту түрі алынады;
Сонымен қатар мектепте денсаулықты қорғау және жеке үйден оқытуды кіріктіріп оқыту жүйесін құру болып саналады.
№1321 «Ковчег» мектебінің тәжірибесі интеграциялық мектептің пайдалылығын көрсетті. Ол, даму мүмкіндігі шектелген балалар психологтың, психоневрологтың, дефектологтың және логопедтің бақылауында болып, педагогтардың қатысуымен әлеуметтік-бейімделінген болып, өздерін екінші сортты адам екенмін деген көзқарастан арылады, ашылады. Дені сау балаларға мүмкіндігі шектелген балалардың жағдайлары шыдамдылықты тәрбиелеу тәжірибесі, мейрімділігі тәрбиеленеді.
Сондықтан, интеграциялық оқыту ортасы адамгершілік қабілетін, әлеуметтік-психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде болады.
Инклюзиті білім беру-әлеуметтік концепция, мақсаттың бір келкілілігін болжайтын қоғамның толерантты көз қарасын қалыптастыру және мүмкіндігі шектелген балалардың сапалы біріктірілген білімнің тең құқықтылығын мойындау. Инклюзивті білім берудің дамуы–ол жаңа жүйе құру емес, білім беру жүйесін толықтай сапалы, жоспарлы өзгертуі.
Достарыңызбен бөлісу: |