Қоршаған ортамен таныстыру кезінде сөздік қорларын дамыту



бет3/6
Дата16.05.2023
өлшемі70,36 Kb.
#93945
1   2   3   4   5   6
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ КӨРНЕКІЛІК АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қоршаған отрамен танысу сабағында балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелері

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3], «Мәдени мұра» бағдарламасында басты назарға алынған [4].


Еліміз тәуелсіздік алғалы жаңа мемлекеттік мәртебемізбен қолға алынып жатқан реформалардың тарихи төркіні мен келешегін терең зерделеуге ерекше мән берілуде.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту мәселесі тәуелсіз еліміздегі саяси-әлеуметтік даму талаптарынан туындайтындықтан үздіксіз тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт алуда.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады [5].
Дүниетанымдық білімді балалар дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте меңгереді. Олай болса, қоршаған отрамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамыту барысында, баланың тіл байлағы дамып, табиғаттан, қоршаған ортадан, көргенін, естігенін, сезгенін суреттеп, бейнелеп айту дәрежесіне дейін көтермек. Тіл – ойдың жемісі екенін ескерсек, бала тілінің жоғары деңгейде жетілуі оның жеке басының интелектуалдық дамуына, дүниетанымының кеңейуінде табиғаттың алар орны зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның затттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай балабақша қабырғасында табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ сәби жасынан бастап табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде, баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңдетіліп, толықтырылады.
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат – баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген.
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шет ел классик ағартушылары – Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.
Табиғатты тірбие құралы деп қараған К.Д.Ушинский , Н.К.Крупскаяның еңбектерінің орны ерекше.
Мектеп жасына дейінгі педагогика ңылымдарының мәселелерімен шұғылданған ғалымдар жас сәбиге өзін қоршаған орта, табиғат жайында ұғым беру ісіне ерекше көңіл бөлген.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды.
Л.С.Выготский (1935) балабақша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлс қосты. Ғылымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен [7].
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек.
Мысалы: «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.
Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.
Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.
Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет. Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.
Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек.
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:

  • сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл əрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.

  • есте болсын, сəби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.

  • оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дəлірек айтсақ, көз қабылдауына – көретінді, құлақ қабылдауына – естілетінді, иіс, дəм қабылдауға тиісті мүшелерді;

  • бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік – мақсат емес, оқушының ойын дамыту жəне оны оқыту құралы;

  • оқыту жəне тəрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар жəне бейнелер негізінде жеткізілсе, тез əрі жеңіл қабылданады; олардың мəнін ашуға əрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;

Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Ұйымдастырылған оқу әрекет үстінде балалардың тілін ұстартуда ұйымдастырылған оқу әрекетті құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Кейде оқулықтың өзіндегі материалды үлкейтіп пайдалануға да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет