«Қоршаған ортаны және дәрілік өсімдік шикізатын пестицидтермен ластау мәселелері»



бет3/5
Дата05.12.2022
өлшемі493,85 Kb.
#54939
1   2   3   4   5
Байланысты:
Санитария

Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті..

ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі.

Адам тағамы үшін және жануардың қорегі ретінде пайдаланылатын өсімдіктердегі улы химикаттардың қалдық саны негізгі қауіп келтіретіні көпжылдық ауқымды зерттеулердің нәтижесінде анықталған Пестицидтердің қалдық санының деңгейі қауіптің қаншалықты үлкен болатынын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Пестицидтердің токсикологиялық маңызы олардың биологиялық белсенді заттар болып табылуына және зиянды жәндіктерді, арамшөпті және т.б. Жойып қана қоймай, сонымен қатар, пайдалы жәндіктерге, мәдени өсімдіктерге, үй жануарларына және адамға кері әсер ететініне байланысты. Бұл заттардың уыттылығы олардың қолдану мақсатынан және басқа да факторлардан тұрады. Мысалы, инсектицидтер гербицидтерге қарағанда адам үшін уыттылығы жоғарырақ болып келеді. Белгілі бір химиялық қосылыстың өзі оның мөлшеріне (яғни, адамға әсер ететін заттың мөлшеріне) байланысты әртүрлі әсер етуі мүмкін.


Пестицидтердің биоценоздарға әсері.
Жердің белгілі бір территориясын мекендейтін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің жиынтығы биоценоздар деп аталады. Биоценозда организмдер тіршілік ету ортасына және қоректік байланыстарға қойылатын жалпы талаптармен біріктіріледі. Сондықтан биоценоздан бір немесе басқа түрді немесе кешенді алып тастау, қоректік тізбектердің бұзылуы және басқа жағдайлар бүкіл биоценоздың өзгеруін тудырады. Бақылаудың химиялық әдісінің теориялық және практикалық негіздерін жасау кезінде биоценоздардағы тірі организмдердің күрделі байланыстарының ерекшеліктерін ескеру қажет.
Улы химикаттарды үнемі қолдану зиянды ғана емес, сонымен қатар зиянкестердің популяциясын реттейтін пайдалы паразиттік және жыртқыш (энтомофагтар) жәндіктердің қырылуына әкелуі мүмкін. Бұл биоценоздағы организмдердің табиғи байланыстарының бұзылуына әкеледі.
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді ауыл шаруашылығында қарқынды қолдану биосфераға әр түрлі химиялық заттардың жыл сайын түсуіне әкеледі. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау проблемасы, әсіресе пестицидтерді пайдалану кезінде ерекше маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет