Орта Азия ұғымының тарихи және географиялық негіздері



бет4/10
Дата17.09.2023
өлшемі102,5 Kb.
#108256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ТЕСТ ДАЙЫН

Ұлы Дала өркениеті



  1. Ұлы Дала деп : Дунайдан Алтайға,одан Маньчужурияға дейінгі аймақ

  2. Ұлы Дала ұзындығы алты мың шақырым,ені мың шақырымды құрайды:

  3. Ұлы Дала географиялық емес. Тарихи-мәдени ұғым

  4. Ұлы Даланың солтүстігі шектеседі: орманды алқаптармен соның ішінде тайгамен

  5. Ұлы Даланың оңтүстігі шектеседі :өзен-көлдер,теңіздер (Азов,Каспий,Қара теңіз),биік таулар (Кавказ,Тянь-Шан)

  6. Ұлы Даланың Дунайдан Алтайға дейінгі аралығында мұсылман жазбаларында аталады: Дешті Қыпшақ

  7. Х-ХVII ғасырларда Қара теңізбен Каспий аралығын атады: Батыс Дешті Қыпшақ

  8. Қазақ даласын атады:Шығыс Дешті Қыпшақ

  9. Ұлы Дала: көшпелілер өркениетінің бесігі

  10. Ұлы Даланың климаты құрғақ болды:

  11. Ұлы Даладағы негізгі шаруашылығы: көшпелі,жартылай көшпелі малшаруашылығы

  12. Ұзақ уақыт сақталған өркениет: Көшпелі өркениет

  13. Көшпелілер алуан түрлі тілде сөйлейтін түркілер,монғолдар,ирандықтар

  14. Көшпелілер түрлі нәсілге жататын: монғолоидтер,еуропейдтер, аралас нәсіл

  15. Көшпелілердің ұстанған діндері:тәңіршілдік,зороастризм,буддизм,ислам

  16. Алтай халықтарының атамекені: Ұлы Дала

  17. Ұлы Дала тарихының тағы бір қыры: көшпелілердің және отырықшы-егіншілік өркениеттің өзара ықпалдастығы

  18. Ежелі заманда көшпелілер байланыс орнатты:Орта Азиялық,Ирандық,Атикалық және қытайлық өркениетпен

  19. Көшпелілер орта ғасырларда байланыс орнатты: қытайлық,хрестиандық және исламдық өркениетпен

  20. Көшпелілер Евразияның халықаралық саясатына өз ықпалын жүргізді:Ботай-Терсек_мәдениеті_қалыптасты:Солтүстік_Қазақстанда'>Сақ,Ғұн,Алтын Орда дәуірі

  21. Энеолит дәуірі қамтыды: б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды қамтиды

  22. Ботай-Терсек мәдениеті қалыптасты:Солтүстік Қазақстанда

  23. Бұл мәдениетте аңшылық басым болды:

  24. Адамзат тарихында алғаш жылқы өсірушілер мәдениеті:Ботай-Терсек

  25. Ботай қонысы б.з.б 3700-3100 жылдары өмір сүрді.

  26. Ботайлықтардың негізгі азығы: жылқы етімен қымызы

  27. Жылқыны қолға үйрету Солтүстік Қазақстанда басталды:б.з.б ІV мыңжылдықтың ортасында

  28. Ботайлықтар мыс қорытуды білмеді

  29. Ботайлықтар жақсы меңгерді :тастан,сүйектен құрал жасауды

  30. Ағаш бөренесінен жартылай баспана тұрғызды,төбесін саз балшықпен сылап шыммен жапты

  31. Ботай мәдениеті өз ерекшелігін жоғалтты: ІІІ мыңжылдықта

  32. Табиғаттың қуаңшылыққа ұшырауымен жылқы басының азаюы:Ботай мәдениетінің құлдырауына әке соқты

  33. Ботайлықтар өз қоныстарын тастап қоныс аударды:Оңтүстік Орал,Шығыс Қазақстанға

  34. Энеолит және ерте қола дәуірінде пайда болған мәдениет:Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастық

  35. Көнешұңқыр мәдени-тарихи қауымдастық б.з.б 3600-2300 жылдары Ұлы Даланың бастыс бөлігін қамтыды

  36. Көнешұңқырлықтар айналысты: мал өсірумен жартылай көшпелі шаруашылық

  37. Олар ірі қара,ұсақ малдар.жылқы өсірді

  38. Жайылымға дөңгелекті жүк арба арқылы көшіп жүрді

  39. Егін шаруашылығына қарағанда малшаруашылығы басым болды

  40. Көнешұңқыр мәденетінің өзіндік белгісі: мәйіттерді қорған астындағы шұңқырға жерлеу

  41. Мәйітті тізесін бүгіп арқасымен жатқызып үстіне бояу сепкен

  42. Адамдармен бірге жануарлары көмді

  43. Кейбір қорғандарды төрт дөңгелекті арбамен саздан жасалған үлгілер табылды.

  44. Қола дәуіріндегі өзгерістерге жатады: тұрақты қоныстар,дөңгелекті көлік,қола құю

  45. Ұлы Дала үшін үлкен бетбұрыс кезең: б.з.б ІІ мыңжылдық

  46. Қуаңшылық салдарынан шаруашылық түрлерімен мәдениет өзгерді

  47. Малшаруашылығымен егіншіліктің дамуы адамдарды азықпен киіммен қамтамасыз етті

  48. Халық ұзақ уақыт бір орында қоныстай бастады

  49. Тіпті,алғашқы қалалар пайда бола бастады: Арқайым,Сынтасты

  50. б.з.б ІІІ мыңжылдықтың соңында жасала бастады: дөңгелекті арбалар

  51. Дөңгелекті көліктің пайда болуы мүмкіндік берді:Алысқа көшуге

  52. Дөңгелекеті көлік пайда болуы:әскери істің дамуына ықпал етті.

  53. Атқа жегілген әскери арбалардың пайда болуы:аңыздарда көрініс тапты

  54. Қазақстандағы қол дәуірді қамтиды:ХVІІ-VІІІ ғасыр

  55. Ұлы Дала тұрғындары қола қорытуды меңгерді:Б.з.б.II мыңжылдықтың басында

  56. Б.з.б.II мыңжылдықтың ортасында еңбек құралдары мен қару-жарақ,әшекей бұйымдар осы металдан жасалды: қола

  57. Ұлы далада көп кездеседі:түсті метал

  58. Сарыарқа мен Кенді Алтайда мыс өндіру басталды:б.з.б. IIмыңжылдықта

  59. Сарыарқа мен Кенді Алтайда мыс өндіру шегіне жетті:XIII-XII ғ.ғ.

  60. Ежелгі заманда Орталық Қазақстан мен өзге өңірлерде қазылған кен орны саны :500 –ге жуық

  61. Б.з.б.III мыңжылдықтың соңы мен II мыңжылдықтың басында материалдық мәдениеттегі маңызды жетістік:дөңгелекті арба мен қолөндірісінің пайда болуы

  62. Қазақстан аумағында қола дәуірінің екінші атауы:Андрон дәуірі

  63. Б.з.б.III мыңжылдықтың соңында Даланың қазақстандық бөлігіне қоныстана бастады: көнешұңқырлық малшы тайпалар

  64. Жаңа қоныстанған тайпалар өздерінен кейін археологиялық ескерткіштер қалдырды:қоныстар мен мазарлар.

  65. Андрондықтар:бір мәдени-тарихи қауымдастық ретінде қалыптасқан,қола дәуіріндегі далалық малшылар мәдениетін құрушылар

  66. Андрон қоғамында ерлер мәртебесі жоғары болды.

  67. Андрондықтардың ең басты шаруашылығы:мал шаруашылығы,сиырмалын өсірді

  68. Жылқы өсіруші ботайлықтардан айырмашылығы:андрондықтар сүтті малөсірумен айналысты

  69. Тұрқы шағын жылқылар өсірді:андрондықтар

  70. Қолжазба деректері болмаған жағдайда маңызды орын алды:археологиялық дерек

  71. Далалық және көшпелі өркениетті зерттеуде маңызды рөл атқарды:қорымдар мен қабірлер

  72. Сынтасты мәдениеті:XXI-XVIIIғғ.

  73. Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында шоғырланған: Сынтасты мәдениеті

  74. Сазбалшықтан дөңгелете немесе тіктөртбұрышты тұрғызылған қоныстарымен,екі аяқты арба мен жылқыны қоса көмген жерлеу орнымен ерекшеленген мәдениет: Сынтасты мәдениеті

  75. Қостай облысында Арқайым архитектурасына ұқсас қоныс:Қамысты

  76. Қамысты қонысының көлемі:140х150 метр

  77. Сынтастықтармүрдені қабірге сол қырымен алақандарын бетінің тұсына қойып жатқызған.

  78. Ерлер мен балаларды қарумен,әйелдерді әшекеймен жерлеген.

  79. Ерлер мен әйелдер қорымынан табылды:металдан,тастан жасалған еңбекқұралдары

  80. Сынтастықтар құрбандыққа шалды:жылқы,ірі қара,ұсақ мал

  81. Петров мәдениеті:б.з.б.XVII-XVIғғ.

  82. Петров қонысының ерекшелігі:қорғаныс орларының болуында

  83. Петровтық жерлеу ескерткіштерінде бөлек орналасқан:балалар мен жауынгерлер жерлеу орындары

  84. Петровтық қорымдардан табылды:әскери арба қалдықтары

  85. Петровтықтарда дамыды:қыш өндірісі,тоқымашылдық,сүйекөңдеу,әшекей жасау,қоладанқару,еңбек құралдар жасау

  86. Алакөл мәдениеті:б.з.б. XVII-XIIIғғ.

  87. Қабырғалары бөренемен құрастырылған үлкен жартылай жер үйлерде тұрды: алакөлдіктер

  88. Батыс Қазақстандағы Тасты-Бұлақ қоныстарының өзіндік ерекшелігі:ағаштың орнына тастың қолданылуы

  89. Алакөлдіктер мәйітті шынтағынбүгіп,сол жағымен бүктестіре жатқызып,басын батысқа қаратқан.

  90. Алакөл мәдениетінің дамуының соңғы кезеңінде мәйітті өртеу белгілері кездесті.

  91. Жерлеу орындарында сирек кездесті:қарулар мен еңбек құралдары

  92. Жерлеу орындарында көптеп кездесті:әйелдер әшекейлері

  93. Федоров мәдениеті:б.з.б.XV-XIIғғ.

  94. Алакөлдіктердің дәстүрін жалғастырушы: Федоров мәдениеті

  95. Федоровтықтар қоныстанды:Тобыл мен Ертіс алаптары маңы

  96. Батыс Қазақстаннан қималықтар ығыстырды:федоровтықтарды

  97. Федоров мәдениетінің батыс шекарасы: Торғай

  98. Алакөлдіктер мен федоровтықтарбір мезгілде өмір сүрді.

  99. Салт атқа міну кең тарала бастады:федоров кезеңінде

  100. Алғаш рет өзекті,сүйекті және мүйізді ауыздықтар қолданыла бастады:федоров мәдениетінде

  101. Қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі мәдениет:сарғарылық мәдениет

  102. Сарғарылық мәдениет б.з.б.XV-XIIғғ.

  103. Сарғарылық мәдениетке 200 қоныс,40 қорым жатады

  104. Сарғарылық мәдениеттің ерекше белгісі:жапсырма қыш ыдыстары

  105. Сарғарылық мәдениетте қолөнер дамыды,қола металлургия жоғары деңгейде дамыды

  106. Сарғарылықтар жақын қашықтықта көшіп қонды,ұсақ малдар мен жылқы өсірді

  107. Шығыс және Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғыкезеңінде қалыптасты:Беғазы-Дәндібай мәдениеті

  108. Беғазы-Дәндібай мәдениеті: б.з.б.X-VIIIғғ.

  109. Беғазылықтарда дамыды:малшаруашылығы мен қола металлургия

  110. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде ерте темір ғасыр белгілері кездеседі

  111. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде ыдыстарда тамғаға ұқсас белгілер кездеседі

  112. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі:мүрдені шалқасынан жатқызып жерлейтін тастан құрастырылған кесененің болуы

  113. Беғазы-Дәндібай мәдениетінде отқа өртеу салты болды

  114. Андрон мәдениеті көнешұңқырлықтардың жерлеу салттарына тән ерекшелікті сақтады.

  115. Беғазы-Дәндібайлықтар қорғандық жерлеуден бас тартып,кесене тұрғыза бастады

  116. Археологиялық деректер қола дәуіріндегі далалық тайпалар тығыз байланыста болды:Оңтүстік Орал,Жайық маңы,Алтай,Енесейдегі туыстас тайпалармен.

  117. Андрондықтарда өгіздерге төрт дөңгелекті жүк арбаларын,аттарға екі дөңгелекті әскери арбалар жекті.

  118. Кейін дөңгелекті көліктен бас тартып, атқа салт мінген

  119. Андрондықтар егіншілікпен,аңшылық пен балықшылықты кәсіп етті,шебер қолөнершілер болды.

  120. Алғашында жартылай жертөледе,кейіннен жеңіл баспана салуды меңгерген.

  121. Ерте темір дәуірінде б.з.б. I мыңжылдықта негізгі шаруашылық түрі: көшпелілік

  122. Көшпелілікке өтуге ықпал еткен: I мыңжылдықта болған кезекті құрғақшылық.

  123. Андрондықтар қыс кезінде малды өз баспаналарында ұстады немесе арнайы қорада ұстады.

  124. Көшпеліліктің басты мақсаты:жыл бойы малды жайылымда бағу,белгілі бір аумақта мал жаю үшін көшіп-қону,көшпелілікке тұтас жұрттың қатысуы.

  125. Арбаға қос тігу сақталды:б.з.б.I мыңжылдықтың ортасына дейін.

  126. Классикалық көшпелі малшаруашылығының қалыптасуына әкелді:құрастырмалы киіз үй,ер-тұрман,үзеңгі т.б.

  127. Андрондық мәдениеттің орнынасақ-скиф деп аталатын тарихи-мәдени қауым келді.

  128. Ежелгі гректер скифтерді атады:көшпелілер

  129. Ұлы даланың ортаазиялық бөлігінде мекендейтін тайпаларды атауы:сақ,сақ-сармат

  130. Б.з.б.сақтар туралы жазылған ең алғашқы дереккөз:парсы жазбалары

  131. Сақтар туралы екінші дерек:Геродот еңбегі менгрек-римдік тарихнама

  132. Сақтар туралы үшінші дерек: көнеқытайлық жылнамалар

  133. Парсы патшасы I Дарийдің бехистундық жазбаларында сипатталады:Орта Азияға сақ тиграхаудаларға жорығы

  134. Парадарайя сақтары үлкен өзен жағалауында өмір сүретіні,сол өзенді Дарийдің кесіп өткені баяндалады.

  135. Дарий өз империясының солтүстік шетіндегі мемлекетті атады:соғдылықтардың сыртындағы сақтар.

  136. Хаомаварга сақтары туралы:Хаоманы(Құдайын) дәріптеушілер деген

  137. Дарийдің жүзіп өткен өзені: Сырдария

  138. Сырдария өзенінің солтүстік-шығысынмекен етті:сақтар

  139. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс даласында мекен етті:сақ-тиграхауда

  140. Дахтар мен массагеттер мекен етті:Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын.

  141. Дахтардан парн тайпасы бөлініп шығып,Иранда аршакидтер империясын құрды.

  142. Сақтар мен оған туыстас тайпалар мекен етті:Шығыс Қазақстан,Алтай,Оңтүстік Сібір,Жоңғария.

  143. Сақтар көшпелі өмір сүргендіктен ешқандай қоныстар салмады.

  144. Қазақстан аумағындағы сақ қорғандарының ең ежелгісі:б.з.б.VIIIғасыр

  145. Диаметрі 100 м-ге,ал биіктігі 17 м-ге жеткен қорған :Бесшатыр

  146. Тасмола мәдениеті:б.з.б.VII-IIIғғ

  147. Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағында тараған мәдениет: тасмола

  148. Тасмола мәдениетініңөзіндік ерекшелігі:мұртты қорғандар

  149. Геродоттың айтуы бойынша сақтарға мәдениеті жағынан жақын тайпа:савроматтар

  150. Батыс Қазақстанды,Еділ мен Жайық арасын мекен етті:сарматтар

  151. Сарматтарда егіншілік шаруашылықтың маңызды түрі.

  152. Орталық Азиядағы сақтар мен Қара теңіз мңындағы скифтермен байланыста болған тайпа: сармат

  153. Сақтарда әскери-тайпалық ақсүйектерге жатты:көсемдер мен ақсақалдар

  154. Б.з.б.I мыңжылдықта Ұлы даланың батысы мен орталық бөлігінде басымдыққа ие болған мәдени қауымдастық:скиф-сақ-сармат

  155. Қазақстанның шығысындағы Андрон мәдениетімен туыстас мәдениет:Афанасьев мәдениеті.

  156. Темірді игерген алғашқы мәдениет: Афанасьев мәдениеті.

  157. Афанасьевтіктер Алтайға,Сібір далаларына қоныс аударды

  158. Сібірге металл өңдеу мен егіншілік мәдениетін ала келді: афанасьевтер

  159. Афанасьевтер қайтыс болған адамдарды жерледі:қорғандарға жерледі

  160. Андрон және афанасьев мәдениеті шығыс аймақтан келгендер мен жергілікті далалықтардың араласуымен пайда болды:Қарасұқ мәдениеті

  161. Қарасұқтықтар атқа салт мінуді,жартылай көшпелі мал бағуды меңгерді.

  162. Қарасұқтықтар қару –жарақтарын қоладан жасады.

  163. Қарасұқтық тайпаларда қорғандық жерлеу болмады.

  164. Қарасұқтықтарда қорымдар тас жәшік секілді жұқатастан қаланды.

  165. Сақтардың ерте темір мәдениеті:Ұйық мәдениеті

  166. Ұйық мәдениеті қалыптасты:Тува,Шығыс Алтай,Солтүстік Батыс Моңғолия аумағында

  167. Сақ кезеңіндегі Оңтүстік Сібірдаласындағы мәдениет:Тағар мәдениеті.

  168. Тағарлықтар өз көсемдерін жерлеуге сақтар секілді үлкен қорған тұрғызды.

  169. Тағарлықтарда көптеген петроглиф табылды.

  170. Тағарлықтардың жерлеу орнынан табылмады: жылқылар мен ат әбзелдері

  171. Олар малды қолда ұстамай,жайылымдарда бақты,ірі қара өсірді.

  172. Тағарлықтардың қоныстары бөренелі ағаштан тұрғызылды.

  173. Тағарлық ақсүйектер арбаға орнатылған үйлермен көшіп-қонып жүрді.

  174. Құрылымы жағынан сақтарға жақын:Пазырық мәдениеті

  175. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген мәдениет: Пазырық мәдениеті

  176. Афанасьев мәдениетінің мұрагері боп табылады: Пазырық мәдениеті

  177. Пазырықшылар көшпелі өмір сүрді,мал шаруашылығымен айналысты

  178. Қытайлықтар көшпелілерді солтүстіктегі варварлар деп атады.

  179. Хорезмде б.з,б.XV-XI ғасырларда шыққан тегі тазабагьябтық болып табылатын андрон мәдениеті болды.

  180. Қырғызыстандағы Арпа өзенінің алқабында 3600 метр биіктікте андрондық қорымдар анықталды.

  181. Көптеген андрондық қорымдар тәжікістандық Вахш мәдениетіне жатады.

  182. Федоров кезеңінде отқа табыну Қазақстан аумағындағы тайпаларда кеңінен тараған.

  183. Тәжікістандық Вахш мәдениетінде отқа өртеу салты,күн таңбасы болуынан көреміз.

  184. Өзбекстанда Сапаллин мәдениеті қалыптасты.

  185. Жерлеу ғұрыптарында далалықтарға тән салттар: мәйітті өртеу,от ғұрыптары,жануарларды құрбандыққа шалу,жерлейтін орынды таспен қалау

  186. Венгерлердің ата-бабалары –угорлар ұстанған мәдениет: Сарғат мәдениеті

  187. Үлкен қорғандар мен қорымдар тән: сарғат мәдениетіне





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет