1. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.
3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.
4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.
5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.