Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты



бет1/12
Дата11.10.2023
өлшемі46,58 Kb.
#113657
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Договор с родителями


Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы№ 611 бұйрығына
2 – қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 93 бұйрығына2 – қосымша
Нысаны
Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты
Білім беру ұйымдары
Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі_____________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу мақсатында білім беру ұйымының директоры атынан, Болатбекова Жанагуль Жанабаевна бекітілген білім беру ұйымының Жарғысы негізінде қызмет ететін (1 қосымшаға сәйкес №4 ЖББМ Жарғысымен ___ тарауларының , ___ тармақтарымен таныстым) бір жағынан және көрсетілген мекен жай бойынша тұратын:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
(баланың тегi, аты, әкесiнiң аты туған күні, ЖСН)
___________________________________________________________________________________
білім алушының ата-анасы (немесе заңды өкілі) екінші жақтан, төмендегілер туралы осы шартты жасады.
1. Шарттың мәні
1. Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетігін реттейді.
2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері
2. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыдан, ата-анадан (заңды өкілдерден) білім беру ұйымының Жарғысын, білім беру ұйымының ішкі қағидаларын және оның қызметін регламенттей білім беру ұйымының актілерін сақтауын талап етуге;
2) білім беру ұйымдарының кітапханаларының ақпараттық ресурстарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қолжетімділік мен қолдануды қамтамасыз етуге;
3) білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен, актілерге көзделген тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламаларының шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім алушының компьютер техникасымен қолдануына мүмкіндік беруге;
4) білім алушының ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде мектептен мектепке ауыстыруға;
5) білім алушыларға қосымша білім беру (ақылы және / немесе тегін) қызметтерін ұсыну құқылы.
3. Орта білім беру ұйымы:
1) білім алушыны, ата-ананы (заңды өкілді) білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны, ішкі регламенттерді және оның қызметін реттейтін білім беру ұйымының актілерімен таныстыруға;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес"Білім туралы" Қ Р Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес білім алушыны білімі мен дағдыларын игеруін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің № 15681 мемлекеттік тізілімінде тіркелген) білім беру және тәрбие үдерісіне жүктелген оқу жүктемесінің көлемін анықтап, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтауға;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 13085 тіркелген) бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формаларына қойылатын талаптарға сәйкес міндетті түрде мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге (бұдан әрі – міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар);
5) білім алушының жеке қасиеттерін ескере отырып, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, моральдық, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға;
6) Шартты бұзған жағдайда білім алушыға түскен кездегі құжаттарын қайтарып беруге;
7) білім алушыны ата-ана (заң өкілдері) келісімінсіз және оның оқу үдерісіне зиян келтіретін болса қоғамдық және басқа да тапсырмалар орындауға тартуға жол бермеуге;
8) оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 "Мемлекеттік білім беру құжаттарының түрлері мен нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10348 нөмірімен тіркелген) бекітілген тиісті нысанда білім туралы құжатты беруге міндетті.
9) Психологиялық көмек көрсету, оның ішінде: психологиялық диагностика; оқушының дамытушылық сабақтарға қатысуы; ата-аналарға кеңес беру; қажет болған жағдайда баланың дамытушылық түзету сабақтарына қатысуы.
10) Психолог міндетті: баланың психологиялық зерттеу нәтижелерімен ата-аналарға ақпарат беру; ата-ана және баламен жумыс істеген кезде алған ақпаратты жария етпеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет