Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты


тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі



бет5/12
Дата11.10.2023
өлшемі46,58 Kb.
#113657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Договор с родителями

2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
14. ... мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
...3) оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул Саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;
мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылық кеңеспен келісім бойынша мемлекеттік мекеме директорының бұйрығымен бекітіледі. Мектеп формасы зайырлы оқу харатеріне сәйкес келуі керек. Бас киімдер мен түрлі конфессиялардың діни тиесілілігінің атрибуттарын қоса алғанда, киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді;
міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығында белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс;
мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізбесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес.
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;
кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі.
жалпы білім беру процесінің қатысушылары:
7) адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге құқығы бар.
мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
білім алушылар міндетті:
1) мемлекеттік мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті;
2) білім алушы мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда мекеменің мүлкін адал оқуға және ұқыпты қарауға, оның құнын ата-анасымен бірге қалпына келтіруге және өтеуге міндетті;
3) мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті;
4) мемлекеттік мекеме белгілеген мектеп формасын киіп жүруге міндетті.
кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) ұсынылатын мүмкіндіктер шеңберінде оқыту нысанын таңдауға;
мемлекеттік мекеме баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып;
3) өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті;
4) өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқылы;
ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік және Дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке айқындай отырып, мектепалды даярлықты қамтамасыз етуге міндетті;
3) мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті;
4) балалардың мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті;
7) мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті;
ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет