Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартыҰлытау облысы Білім басқармасының
Договор с родителями
«Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы» ЖББ мектебі Мектеп диреторы Ж.Ж.Болатбекова ____________ 2023 жылғы «____»________ №_________бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ 1 тарау. Жалпы ережелер 1. Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) осы Жарғыда көрсетілген тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық. 3.Мемлекеттік мекеме Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы «Ұлытау облысы білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» №08/04 қаулысының негізінде қайта аталды. 4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Ұлытау облысының әкімдігі болып табылады. 5.Мемлекеттік мекеменің басқару органы: Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. 6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы: Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4» отдела образования города Жезказгана управления образования области Ұлытау. 7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі 15 ғимарат. жүктеу/скачать 46,58 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |