Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет64/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

7. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
Пән мазмұны адамзаттық өркениетке бет түзеген егемен елдің мүддесіне сай асқақ руханият пен мәдени-эстетикалық мұраны игеру мен дамыту бағдарында терең танып білу және қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында белсенді, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін жан-жақты дамыған, өзіндік көзқарасы қалыптасқан дара тұлға қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
«Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге;
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға;
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша.
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға;
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін «Оқуға құштар мектеп», «Тарих тағылымы», «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру мақсатында мектеп жанындағы кітапханалар қажетті көркем әдебиеттермен толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып отыр.
Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында «Кітап әуесқойы», «Өзің оқып, өзгеге ұсын», «Оқы және өзгеге сыйла» және т.б. акциялар өткізу ұсынылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік ісшараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

  1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;

  2. Дулат Бабатайұлының туғанына – 220 жыл;

  3. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

  4. Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жыл;

  1. Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл;

  2. Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 120 жыл;

  3. Мәншүк Мәметованың туғанына – 110 жыл;

  4. Зейін Шашкиннің туғанына – 110 жыл;

  5. Жұмағани Саинның туғанына – 110 жыл,

  6. Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 100 жыл;

  7. Сырбай Мәуленовтің туғанына – 100 жыл;

  8. Сафуан Шаймерденовтің туғанына – 100 жыл;

  9. Зейнолла Қабдоловтың туғанына – 95 жыл;

  10. Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;

  11. Төлен Әбдіковтің туғанына – 80 жыл;

  12. Дүкенбай Досжановтың туғанына – 80 жыл;

  13. Дулат Исабековтің туғанына – 80 жыл 17. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

    • мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

    • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

    • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

    • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;

    • мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б. ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет