Диаграмма 10. ШЖМ мұғалімдерінің АКТ-мен қамтамасыз етілуіне қанағаттану дәрежесі
қанағаттанарлық, бірақ
кейде интернетке қосылу
баяу жүреді
мүлдем қанағаттанарлықсыз
100% қанағаттанарлық
қанағаттанарлық, бірақ
барлық коммуникациялық
инфрақұрылым (компьютерлер
және т.б) мұғалімдерге
жетіспейді
53%
38%
7%
3%
2019 жылғы анкета жүргізу нәтижесі көрсеткеніндей, АКТ қамтамасыз етілуіне 41,5%
респонденттің көңілі толады, яғни қанағаттанады, бірақ кейде интернеттің кідіріспен
жұмыс жасайтындығымен бөліседі, 30,2% қанағаттанады, дегенмен коммуникациялық
инфрақұрылымдардың (компьютерлер және т.б.) барлық мұғалімдерге жете бермейтіндігін
мәлімдейді, 5,7% мүлдем қанағаттанбайды және тек 2% жуығы ғана 100% қанағаттанады.
Мектеп директорлары және меңгерушелрімен ағымдағы жылы алынған жан-жақты
тереңдетілген сауалды интервью нәтижесінде, 2 жыл көлемінде ауыл мектептерін АКТ-
мен қамтамасыз ету жағдайының мүлдем өзгеріссіз қалғандығы анықталды. Жалпы, олар
мектептердің АКТ жабдықталуын оңды сипаттайды, бірақ оқу процессінде оларды пайдалану
кезіндегі проблемалар туралы сақтықпен баяндайды. Мысалы, ШЖМ компьютерлік
паркі соңғы рет ауыл мектептерін жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету жағдайында,
мамандандырылған жинақ-сыныптармен бірге жабдықталып, 2007 жылға дейін
жаңартылған. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа, 2016 жылдан бері ШЖМ-ға
жеткізілгені 2-3 компьютер немесе ноутбуктен ғана. Көптеген мектептерде (тірек мектептерді
қоспағанда) физика, химия және биология пәндік кабинеттері, лингафондық кабинеттер
құрылымдалмаған. Әрбір мектепте шамамен 2-3 интерактивтік тақтадан бар. Алайда,
олардың жартысы жұмысқа жарамсыз және көпшілігі бір жылға жетпей қолданыстан шығып
қалған.
56
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ:
Нұр-Сұлтан, 2020. – Б. 181.
57
2016–2019 жж. арналған ҚР БҒДМБ. Астана, 2016. – Б. 12.
26
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |