Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет28/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

2010  жылы  аталған  көрсеткіш  18-ді  құраған

49

,  2015  жылы  –  10  оқушыға  бір  компьютерден 



келген

50

. Бүгінде 11 мектеп оқушысына 1 компьютерден келеді.



Диаграмма 9. Білім алушылардың саны, бір компьютерге есептегенде

2020


2015

2010


2005

11

10



18

41

0



10

20

30



40

50

Білім беру жүйесін ақпараттандыру саясатын мемлекет тарапынан қолдау болғанына 



қарамастан,  бұл  салада  әлі  де  күрделі  проблемалар  қалып  отыр.  Атап  алғанда,  Қазақстан 

5-6  адамға  бір  компьютерден  келетін  компьютерлендірудің  мүмкіндікті  жалпыәлемдік 

көрсеткішіне әлі қол жеткізе алмай келеді. Оның үстіне, Атырау, Қостанай және Қызылорда 

облыстарының  мектептері  түгелімен  компьютерлендірілген  жоқ

51

.  Компьютерлердің  жалпы 



санының 35% аса бөлігі, жаңартуды талап етеді

52

.



Ауыл  мектептерінде  назар  аударарлық  ерекше  жағдай  қалыптасқан.  ШЖМ-де  4 

білім  алушыға  бір  компьютерден  келеді.  Бірақ,  еліміздегі  бүкіл  мектептердің  барлық 

компьютерлерінің жалпы санынан 35% ауыстыру мен жаңарту қажеттілігі болса, онда ауыл 

мектептері және ШЖМ-де қолданыстағы компьютерлердің 80% жаңартудың қажеттілігі бар

53

.

2007  жылдан  бастап  «Онлайн  оқыту  жүйесі»  жобасының  шеңберінде  мектептерге 



интерактивті  жабдықтар  жеткізіле  бастады.  2009  жылы  ШЖМ-нің  28%  интерактивті 

жабдықтармен  жасақталды

54

.  2016  жылға  қарай  бұл  көрсеткіш  5 699  мектепті  қамтыды, 



жабдықтардың  27 332  интерактивті  тақталар,  оның  ішінде  ауыл  мектептеріне  –  11  572 

(42,3%) бөлінген

55

. 2019–2020 оқу жылының мәліметтері бойынша ШЖМ 6239 интерактивті 



тақталармен  жабдықталған,  оның  ішінде  анағұрлым  мол  жабдықталған  Шығыс  Қазақстан 

облысындағы ШЖМ (1 078) болып есептеледі, ал ең аз жабдықталған – Маңғыстау облысы 

49

  ГПРОН РК на 2011–2020 гг.



50

  «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ: Астана, 

2016. –  Б. 180.

51

  Қазақстанның елдік базалық есебі, 2014.



52

  «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ: Астана, 

2018. –  Б. 197.

53

  Нурбаев Ж. Е. интернет не приспособлен: будем доверять учителям // https://vlast.kz/avtory/38977-internet-ne-



prisposoblen-budem-doverat-ucitelam.html

54

  ҚР ШЖМ 2010–2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы (жоба).



55

  Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2016 год. Астана, 2017 –   

Б. 191.



25

Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы

1-тарау

(44)


56

.  Дегенмен,  оқушылардың  АКТ-ға  қол  жеткізу  мүмкіндіктері  әлі  де  шектеулі.  Әрі 

мектептердің әлемдік білім беру интернет-ресурстарына қолжетімділік көрсеткіші де төмен 

болып қалуда. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп тартылған

57

.

ШЖМ  ақпараттық-телекоммуникациялық  инфрақұрылыммен  жабдықтау  деңгейін 



анықтау  мақсатында  2019  жылдың  мамыр-маусым  айларында  ШЖМ  мұғалімдерімен 

әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, ал 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШЖМ директор-

лары және меңгерушілерімен эксперттік сараптамалық сұхбат алынды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет