1.5.2 Кең жолақты интернетке қолжетімділік
Қазақстандық мектептердің интернетке қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар
жылдан жылға арта түсуде. Мысалы, 2005 жылы мектептердің 75% Интернетпен қамтылды,
оның – 70% ауылдық мектептер, ал 2010 жылы – 98% және 97%, тиісінше ауылдық мектептер
үлесінде. 2010 жылы жоғары жылдамдықты интернет, мектептердің 34% және 11,5% ШЖМ
59
қол жетімді болды
60
. 2015 жылы мектептердің жалпы санының 27,44% жекелеген өңірлер
арасындағы елеулі алшақтықпен жылдамдығы 4-тен 10 Мбит/сек. дейінгі кең жолақты
интернетке қол жеткізді: 100%-дық қолжетімділікпен Алматы қаласының мектептері
қамтылды, ал дәл осы уақыт шеңберінде Ақтөбе және Қостанай облыстарында интернетке
қолжетімділік 10,66% және тиісінше 13,83% құрады. «Материалды-техникалық қамтамасыз
ету және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)» тобы көрсеткіштерінің
нәтижелері бойынша ең жоғарғы индекстер Алматы (1,0) және Астана (0,798) қалаларында,
ал ең төменгі көрсеткіш Қостанай (0,522) және Ақтөбе (0,533) облыстарында байқалады
61
.
Бүгінгі таңда республика көлемінде интернет желісіне қолжетімділік үлес салмағы
бойынша мектептер 100% құрайды, оның ішінде 4020 мектеп, немесе 55% жоғары
жылдамдықты 4 Мбит/с интернетке ие. Бұлардың басым көпшілігі негізінен қала мектептері.
Жағдай ШЖМ-да анағұрлым күрделірек. Қазақстандағы ШЖМ-ның басым бөлігі 4 Мбит/с
төмен жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, мұндай мектептердің саны 1 952
немесе 69% құрайды
62
. Дегенмен білім берудің ақпараттық инфрақұрылымымен қамтамасыз
етілген цифрлық білім беру ресурстарын толыққанды пайдалану үшін 4 Мбит/с жоғары
жылдамдықты интернетке қосылу қажет.
2019–2020 жж. далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сапалы интернетке қол
жеткізу төтесінен өткір қойылған мәселе болды. Біз зерттеген барлық ауыл мектептерінде
4 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қолжетімділік жоқ
болып шықты. Интернеттің нақты жылдамдығы шамамен 1,5–2,9 Мбит/с шегінде болды.
Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі (95%), интернет сапасының төмендігіне
шағымданды. Жоғары жылдамдықты интернет қала мектептерінде, мүмкін аудан орта-
лығының мектептерінде болуы мүмкін. ШЖМ-да интернет «нашар» екеніне көз жеткізу үшін
шалғай ауылдарға барудың ешбір қажеттілігі жоқ, елордадан 50 км қашықтықтағы ауылдарға
58
ЭЫДҰ елдері мен Қазақстанның шағын жинақталған мектептерінің жұмысын салыстырмалы талдау. Талдау есебінің
бөлімі. Ұсынымдар. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. – Астана, 2016. – Б. 18.
59
ҚР ШЖМ 2010–2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы (жоба).
60
2011–2020 жж. арналған ҚР БҒДМБ.
61
2015 ж. білім беру жүйесінің өңірлік мониторингі. ҚР БҒМ өңірлерінің рейтингі.
62
Национальный сборник «Статистика системы образования Республики Казахстан» – АО «Информационно-
аналитический центр»: Нур-Султан, 2020. – С. 180, 182.
27
Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы
1-тарау
бару немесе Алматыдан небары 25 км қашықтықта тұратын Каскелең оқушыларының
интернетке қосыла алмау шарасыздығына назар аударсаңыз жеткілікті
63
.
Тарауды қорытындылай келе, қазақстандық мектептерде сапалы білім берудің
дамуына кедергі келтіретін бірнеше себептерді анықтаған TALIS-2018 халықаралық
зерттеулерінің нәтижелерін келтірмекшіміз. Аталған зерттеуге қатысқан мектеп
директорлары, басты үш кедергіні атап көрстеді: цифрлық жабдықтардың жетіспеушілігі
немесе стандарттарға сәйкес келмеуі, интернетке қолжетімділіктің болмауы немесе оның
шектеулілігі, мектеп инфрақұрылымындағы сәйкессіздік, оның талаптарға сай болмауы
64
.
Осылайша, мектептердегі білім беру сапасын арттыру жолындағы негізгі қиындықтар
материалды-техникалық қамтамасыз етумен, интернет және ақпараттық технологиялардың
сапасымен байланысты болып табылады.
Осы 2018 жылдары жүргізілген келесі ICILS халықаралық зерттеуі аясында, мектеп
оқушыларының компьютерлік технологияларды қолдану тиімділігі бағаланған болатын.
Тестілеу оқушылардың IT-компетенцияларының деңгейін және мектепте оларға жасалынған
жағдайлардың сапасы бойынша мәліметтер келтіреді. Қазақстан бұл зерттеуге 2018
жылдың сәуірінен мамыр айына дейін тартылды. Халықаралық іріктеу арқылы зерттеуге
шамамен 4000 қазақстандық сегізінші сынып оқушылары мен 2500 мұғалім қатысты. Зерттеу
нәтижелері 2019 жылдың соңында жарияланды және қазақстандық мектеп оқушыларының
ақпараттық технологиялар саласында көп артта қалушылығы анықталды. Халықаралық
зерттеуге қатысқан 14 білім беру жүйесінің ішінде, қазақстандық білім алушылар ең төменгі
нәтижелер көрсетті
65
. IT-сауаттылық білімінің бұл деңгейі, ақпаратты-коммуникациялық
технологиялар арқылы жүргізілген басқа зерттеулердің (мысалы, PISA-2018) нәтижелеріне
әсер еткені сөзсіз.
Кең жолақты интернетке қолжетімділіктің болмауы, оқу-ұйымдастырушылық және
әдістемелік сипаттағы көптеген проблемаларды туындатып отыр. Осыдан жалпы интернеттің
сапасы туралы мәселе бой көтереді. Уақыт төрелігі көрсеткендей, пандемия және
карантиндік шектеулер жағдайында ауыл мектебіне, мұғалімдерге, сондай-ақ қашықтықтан
немесе онлайн-оқыту кезінде, мектеп жасындағы балалары бар қазақстандық отбасылардың
бәріне, кең жолақты интернет қажет.
63
«Интернета нет». Дети из Каскелена попросили решить проблему перед 1 сентября // https://tengrinews.kz/kazakhstan_
news/interneta-net-deti-kaskelena-poprosili-reshit-problemu-1-410281/
64
Международное исследование преподавания и обучения TALIS-2018: первые результаты Казахстана. Национальный
отчет, первый том / Р. Сыздыкбаева. Нур-Султан: МОН РК, АО «Информационно-аналитический центр», 2019. – Б. 23.
65
Results of the International Computer and Information Literacy Study (ICILS) 2018 // https://www.iea.nl/sites/default/
files/201911/ICILS%202018%20infographics%20final%20release%205%2011%2019.pdf; IEA International Computer and
Information Literacy Study 2018 International Report // https://www.iea.nl/sites/default/files/2019-11/ICILS%202019%20
Digital%20final%2004112019.pdf
28
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |