Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет32/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

2.  Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2.1 ШЖМ қызметін құқықтық сүйемелдеу

Қазақстанда мемлекеттік деңгейде ШЖМ қызметін нормативті-құқықтық сүйемелдеу 

бойынша  үлкен  жұмыс  жүргізілуде.  Қазақстан  Республикасының  2007  жылдың  27  шілде-

сіндегі Білім туралы Заңымен және оның алдындағы 1999 жылдың 7 маусымындағы Білім 

туралы  Заңымен,  ШЖМ  дефинициялары  және  олардың  негізгі  ережелері  анықталды.  Бұл 

бөлімде  Қазақстан  Республкасының  білім  және  ғылымды  дамытудың  әр  жылдардағы 

мемлекеттік  бағдарламаларын  (бұдан  әрі  –  ҚР  БҒДМБ)  талдауға  басты  назар  аударылады, 

өйткені онда ШЖМ-нің сол немесе өзге кезеңдегі жай-күйі анық жазылған, нақты міндеттер 

мен  оларды  шешу  тәсілдері  қойылған.  Бір  кездері  не  жоспарланды  және  іс  жүзінде  не 

жүзеге  асырылды,  осы  әрекеттердің  арақатынасын  бүгінгі  күннің  көкжиегінен  таразылау 

өзекті  болмақ.  Зерттеуде  көтеріліп  отырған  тақырыппен  тікелей  байланысты,  бірақ  келесі 

тарауларда толықтай қарастырылатын өзге де нормативті актілер келтірілген. 

ҚР  БҒДМБ  2011–2020,  2016–2020  және  2020–2025  жылдардағы  мәліметтер  салыс-

тырмалы  талдаудан  өтті.  Ең  маңыздысы  –  міндеттерді  қоюдан  бастап  көрейік,  өйткені 

мәселе  қаншалықты  өзекті  және  ол  кейінгі  уақыттарда  шешімін  табады  ма,  жоқ  па,  ол 

мәселені  дұрыс  қоя  білуге  байланысты.  Алдымен  орта  білім  беру  жүйесі  үшін  анықталған 

тапсырмалардың толық нұсқаларын беріп көрейік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет