2.2 «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асыру
Хронологиялық тұрғыдан алғанда, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы
білім беру сапасын теңестіруге бағытталған алғашқы шара «Дипломмен – ауылға»
мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Өкінішке орай, қазір Қазақстанда
педагогикалық мамандықтарды бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасуын
қадағалайтын жүйе жоқ. Дәл осы деректер болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығына
қатысты стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету үшін қажет. Жоғары оқу орындарының
бітіріп кеткен түлектері бойынша жобалы, көп жағдайда жалпылама статистикалық
мәліметтері, ҚР БҒМ мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қордаланады.
«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев жоғары оқу орнын
бітіргеннен кейін, түлектердің бір жыл ішінде 26% жұмыс таба алмайтындығы туралы
ақпаратпен бөліседі. Мемлекеттік грант есебінен білім алған педагогикалық мамандық
түлектерінің 65% білім беру ұйымдарында жұмыс істемейді
70
. Бұл бүгінгі педагог мамандарға
деген сұраныс уақытындағы жағдай…
Достарыңызбен бөлісу: |