Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет35/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

2011  жылдан  «Е-learning»  электронды  оқыту  бағдарламасын  әзірлеудің,  тірек 

мектептер немесе ресурстық орталықтар желісін құрудың бастамасы көтерілді.  

ҚР  БҒДМБ  2016–2020  жж.  міндеттеріне  сәйкес  балаларды  ШЖМ-ға  тасымалдауды 

ұйымдастыру,  тірек  мектептер  санын  арттыру  бойынша  жұмыстар  жанданды.  Техникалық 

инфрақұрылыммен  жабдықтау,  кең  жолақты  интернетке  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету 

және электрондық контентті (Bilim Land) әзірлеу бойынша жұмыс жалғасты. 

ШЖМ-дағы оқу жетістіктеріндегі айырмашылықтарды теңестіру үшін жаңа білім беру 

бағдарламасының қабылдануымен келесі іс-шаралар белгіленді: 

–  нәтижелілігі осал мектептерге ірі мектептердің «шефство-қамқорлығы»;

–  «Мобильді  мұғалім»  және  «Уақытша  отбасы»  жобаларының  іске  асырылуы 



(толығырақ 4 тарауда);

–  ШЖМ  проблемаларын  шешу  жөніндегі  шаралар  кешенін  іске  асыру:  ШЖМ-ды  



әдістемелік  қолдаумен  қамтамасыз  ету,  оқу  жабдығымен  және  цифрлық  инфра құры-

лыммен  жарақтандыру,  басқару,  қаржыландыру,  кадрлық  қамтамасыз  ету  және 

ресурстық  орталықтардың  жұмыс  істеуі  мәселеллерін  қамтитын  түрлі  модельдерді 

апробациядан өткізу, 

–  білім  алушыларды  мектепке  дейін  және  кері  жеткізуді  ұйымдастыру,  мектеп 



интернаттарын жетілдіру, оның құрылысына модульдік технологияларды қолдану.

Осылайша,  ҚР  БҒДМБ  талдауы  ШЖМ-ға  қатысты  саяси-басқарушылық  шешімдер 

мәселелерін  бірнеше  онжылдықтар  бойы  тарихи  ретроспективада  қарауға  жол  ашады. 

Нормативті актілер талдауы келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

Біріншіден,  ШЖМ-нің  болуы  отандық  білім  беру  жүйесіне  тән  сипат  болып  отыр, 

мұндай  мектептер  кеңес  заманында  да  болған,  қазірде  де  жұмыс  істеуде.  Кеңес  дәуірінде 

қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасында шамалы айырмашылықтар 

болды,  бірақ  2000-шы  жж.  бастап  бұл  айырмашылық  ұлғайып  келеді  (толығырақ  Тарау  1.2 

қарастырылған).

Екіншіден,  ауылдық  және  қалалық  мектептердің  арасындағы  теңсіздікті  азайту 

мәселесі,  ШЖМ  санын  қысқарту  арқылы  шешу  көзделген.  Мысалы,  ҚР  БҒДМБ  сәйкес 

2010  жылдан  2020  жылға  қарай,  ШЖМ  негізінен  бастауыш  және  негізгі  орта  деңгей  үшін 

жұмыс  істеуі  тиіс  болды.  Ауылдық  ШЖМ-ды  қысқарту,  мектебі  жоқ  ауылдардан  мектеп 

оқушыларын  оқу  орындарына  тасымалдаумен  жүзеге  асырылуда.  Сондай-ақ  интернаттар 

салу жоспарлануда. 

Үшіншіден,  ШЖМ-дағы  білім  беру  сапасының  проблемасы,  Республикалық  ШЖМ 

дамыту  орталығының,  тірек  мектептердің  (ресурс  орталықтарының)  қызметі,  «Мобильді 

мұғалім»  және  «Уақытша  отбасы»  жобаларын  жүзеге  асыру  есебінен  шешілетін  болады. 

Қашықтықтан  оқыту  технологияларының  және  цифрлық  білім  беру  ресурстарын  әзірлеу 

бойынша  ілеспе  бағдарламалардың  дамуы,  ШЖМ  техникалық  жабдықтарымен  жарақтау 

және  кең  жолақты  интернетке  қолжетімділікті  қамтамсыз  ету  мәселелеріне  үлкен  үміт 

артылады. 




31

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет