Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


ҚР БҒДМБ 2020–2025 жж. міндеттері



Pdf көрінісі
бет34/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

ҚР БҒДМБ 2020–2025 жж. міндеттері:

«–  педагог  кәсібіне  сұранысты  арттыру  және  педагогикалық  білім  беруді 

жаңғырту;

–  білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту;

–  балалардың  қауіпсіздігі  және  жайлы  оқуы  мен  өмір  сүруі  үшін  жағдай  жасау, 

баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

–  білім беру сапасын бағалаудың тиімді біртұтас жүйесін түзу»



68

.

66

  2010 жылғы 7 желтоқсандағы 2011–2020 жж. арналған ҚР БҒДМБ.



67

  2016 жылғы 1 наурыздағы 2016–2020 жж. арналған ҚР БҒДМБ.

68

  2019 жылғы 27 желтоқсандағы 2020–2025 жж. арналған ҚР БҒДМБ.




29

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

Жоғарыда келтіріліген бағдарламалық міндеттерден, 2010 жылдан бастап 12-жылдық 

оқытуға  көшуді  жүзеге  асыру,  ШЖМ  проблемаларын  шешу  және  инклюзивті  білім  беруге 

назар  аудару  маңызды  болғандығын  көруге  болады.  2015  жылдан  бастап  басымдықты 

бағыттар  өзгереді,  білім  берудің  жаңартылған  мазмұны,  инфрақұрылымдық  даму,  педагог 

мәртебесін  арттыру  және  білім  алушыларды  рухани-адамгершілік  құндылықтарына 

тәрбиелеу бойынша реформалар басталады. Бүгінгі таңда мұғалім мамандығына сұранысты 

арттыру,  қолайлы  педагогикалық  жағдай  жасау  және  мектептер  арасындағы  өңірлік  және 

аумақтық белгілер бойынша алшақтықты қысқарту өзекті болып отыр.

Толық  көрініс  үшін  2000  жылдың  30  қыркүйегінде  қабылданылған  «Білім  беру» 

Мемлекеттік  бағдарламасының  мәтіндері  қайта  ой  елегенінен  өткізілді,  2005  жылға  дейін 

есептелінген бұл бағдарламада ШЖМ-ға көп көңіл бөлінген, әрі ШЖМ-да білім беру сапасын 

арттыру  және  оларды  іске  асыру  бойынша  шаралар  қабылдау  үшін  ауқымды  міндеттер 

қойылған. Заң жүзінде күшін жойған бұл құжатта, ШЖМ-ге қатысты міндеттердің жеке тобы 

қарастырылған: 

«–  ауылдық мектеп пен ШЖМ-нің тиімді моделін әзірлеу және оны кезең-кезеңімен 

енгізу;

–  ШЖМ үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау;

–  ауылдық жерлерде педагог кадрлардың еңбек тұрақтылығын қамтамасыз ету

–  әдістемелік  әдебиеттерді басып шығару,  ШЖМ оқу-тәрбие процессіне арнайы 

әдістемелік құралдар мен технологияларды енгізу;

–  ауыл  мектептерін  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуді  жақсарту 

жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

–  оқытудың  инновациялық  әдістері  мен  арнайы  ұйымдастыру  нысандарын 

енгізу  жолымен  ауылдық  мектептерде  оқыту  деңгейін  арттыру,  оқушыларды 

шығармашылыққа ынталандыру және дарынын ашуға ықпалдасу

–  ШЖМ оқу процессінде қашықтықтан оқыту әдістерін әзірлеу және игеру;

–  ауыл мектептері мен ШЖМ-ды басқару тиімділігін арттыру»

69

.

Тек  бағдарламалық  құжаттарда  көрсетілген  міндеттерден,  2000-ші  жылдардың 

басында ШЖМ-ға оқу орындарының ерекше түрі ретінде, өзгеше көзқарас болғанын айқын 

байқауға  болады.  ҚР  БҒДМБ  2011-2020  жж.  «ШЖМ  проблемасын  шешу»  –  ШЖМ-нің  бір 

міндетіне  ғана  арналған.  Келесі  бағдарламаларда  ШЖМ  мәселелері  бойынша  сұрақтар 

көтерілген жоқ. Расымен солай ма? Бұған жоғарыда аталған бағдарламалардың мақсаттары 

мен  міндеттеріне  қол  жеткізудің  негізгі  шешімдері  мен  тәсілдерін  қарастыру  арқылы  көз 

жеткізе аламыз.

ҚР  БҒДМБ  2011–2020  жж.  міндеттеріне  сәйкес  ШЖМ-да  білім  беру  сапасын  арттыру 

мәселелерін шешуге келесі іс-шаралар ықпалдасуы тиіс болды: 2010 жылы ШЖМ-ды дамыту 

республикалық  орталығы  құрылды  және  2011  жылдан  бастап  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық  білім  академиясының  құрамына  құрылымдық  бөлімше  ретінде  кірді,  педагог 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыруды  жүзеге  асыратын  ұйымдар  жанынан  14  өңірлік 

орталық  құрылды,  2013  жылғы  17  қыркүйекте  ШЖМ  қызметінің  Типологиялық  ережесі 

қабылданды; ШЖМ даму Концепциясы мен «Мектептері жоқ елді-мекендерде тұратын білім 

алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  мектептерге  ақысыз  және  қауіпсіз  апару  және  әкелу» 

стандарты әзірленді.

69

  2000 жылғы 30 қыркүйектегі «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасы.




30



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет